Арт. 2063R
АҚШ-та өндірілген. № 77.99.11.003.Е.000529.01. 15 20.01.2015 ж
Құты 80 г
Нейроэксель – фосфатидилсерин көзі, ол ми жасушаларын қалпына келтіруге және есте сақтау қабілетін ынталандыруңа арналған ең тиімді және табиғи құралдардың бірі болып табылады. Жас ұлғаюына байланысты ми қызметінің нашарлауы ондағы фосфатидилсериннің азаюымен байланысты.
Фосфатидилсерин мидың жұмысын ынталандырып, ойлау қабілетін, зейінділік пен есте сақтау қабілетін арттырады, жүйке тінінің рецепторларының оңтайлы жұмысына және бас миындағы глюкозаның метаболизмін белсендіруге ықпал етеді, жүйке жасушаларының ишемиялық зақымдануына төзімділігін арттырады, ми жасушаларын қартаюдан қорғаудың маңызды қызметін орындайды, жалпы белсенділікті ынталандырады. Оны қолдану ақпаратты есте сақтау, жадтың көлемі, көңіл-күйді жақсарту, зейінді болу бойынша оң ілгерілістерге әкеп соғады. Шынайы клиникалық зерттеуде көрсетілгендей, жалпы мәртебені бағалау бойынша, фосфатидилсерин қабылдаған емделушілер шамамен 12 жылға жасарғаны анықталды. Кешен формуласының екінші компоненті - альфа-жөке қышқылы ағзада глюкозаның энергетикалық метаболизмінде негізгі рөлді атқарады, ми мен бұлшықеттерді энергиямен қамтамасыз етуге тікелей қатысады.
Альфа-жөке қышқылы «әмбебап антиоксидант» деп аталады, себебі ол басқа антиоксиданттардың (мысалы, С және Е дәрумендерінің) әрекетіне қолдау көрсете отырып, олардың қорларын ағзада сақтауға және анағұрлым үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, альфа-жөке қышқылы ауыр және токсинді металлдарды шығарады, бауырдың қызметін жақсартады, эндогендік және экзогендік токсиндердің зақым келтіретін әсерін төмендетеді, жүйке жүйесі мен иммундық жүйені нығайтады, бас миындағы жасушалардың зақымдауына жол бермеуі мүмкін, липидтік және көмірсулық алмасуды реттеуге тікелей қатысады, ағза жүйелерінің көптеген ферменттерінің компоненті болып табылады.
Құрамы: иерусалимдік бөрікгүл ұны, фосфатидилсерин, альфа-жөке қышқылы.
Ингредиенттердің қасиеттері:
Фосфотидилсерин – мидың фосфолипидтерінің бірі болып табылады, жүйке жасушалары мембраналарында өмірлік маңызды рөл атқарады. Есте сақтауды, зейінділікті, оқуға деген бейімділікті жақсартады, нашар көңіл-күйді жақсартады, күйзелістердің салдарынан туындаған неврологиялық зақымдарға қарсы әрекет етеді, жалпы белсенділікті ынталандырады.
Альфа-жөке қышқылы - фосфотидилсериннің әрекетін толықтырады, жасушаларға глюкозаның сіңуін қамтамасыз етеді, жүйке жүйесі мен иммундық жүйені нығайтады. Жасушаны зақымдайтын және қартаю үдерістерін жеделдететін цитокиндердің пайда болуына тосқауыл болады, жасушалық метаболизмді арттырады, қабынуға қарсы қасиеті бар. Мидың энергиясын қамтамасыз етуге, липидтік және көмірсулық алмасуды реттеуге қатысады, холестерин алмасуын ынталандырады, бауырдың қызметін және нейрондардың трофикасын жақсартады. Гепатопротекторлық, гиполипидемиялық, гипохолестеринемиялық, гипогликемиялық әрекет етеді.
Пайдалы кеңестер: балалардан қорғалған, құрғақ және жарықтан қорғалған жерде тоңазытқышта сақтаңыз.
Қарсы көрсетімдері: компоненттерге дербес төзімсіздік, жүктілік, бала емізу.
ББҚ. Дәрі болып табылмайды.
Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.