KZ RU
Салауатты мәдениетті қалыптастыру
1994 жылдан бергі өмір
0
Себет

Ситринол Плюс, 30 капс.
Ситринол Плюс, 30 капс.
Ситринол Плюс, 30 капс.
(5)
Өнім коды: 5004T
Жоқ
22 300 тенге / шт.
Науқанның соңына дейін:
00күн
00сағат
00мин.

Холестеринді оңтайлы бақылау

SYTRINOL PLUS

Жүрек-қан тамырының ауруларын алдын алуға арналған табиғи кешен. Қажет емес холестериннің төмендеуіне және пайдалы холестериннің сапасын арттыруға ықпал етеді. Жүректің саулығына пайдасын тигізеді және жүрек-қан тамыры жүйесіне сауықтырғыш әсер етеді.

Толық сипаттама
Сатып алу кезіндегі сыйлық
Біз бұл өнімді сатып алғанда сыйлық береміз
Сыйлықты таңдаңыз
Ситринол Плюс, 30 капс.
Ситринол Плюс, 30 капс.
(5)
Жоқ
22 300 тенге

Арт. 5004T
АҚШ-та өндірілген. № RU 77.99.11.003.Е.010334.11. 14 06.11.2014 ж
Құты 30 капс.

Жүрек-қан тамыры аурулары жүз жылдан астам уақыт бойы өлім-жітімнің негізгі себебі болып табылады. Халықтың шамамен төрттен бір бөлігі жүрек пен қан тамырларының паталогиясынан зардап шегуде. Осындай аурулардың тәуекелі бар екенін көрсететін маркерлердің бірі болып холестериннің деңгейі табылады. Холестериннің 20% ғана адам тағамнан алатынын, ал қанғаны бауырда синтезделетінін ескерген жөн. Зерттеулер көрсеткендей, өте аз адамдар холестериннің деңгейін бақылайды және азайтуға тырысады.

Қолданыстағы препараттардың бірқатар жанама әсерлері бар, атап айтсақ, олар ағза үшін маңызды Q10 коэнзимінің синтезін тежейді. Сонымен қатар, олар аса қымбат, рецепт қажет.

Холестерин – жасушалық мембраналарда болатын липидтік компонент, жасушалық мембраналарда олардың бүтіндігіне қолдау көрсетіледі. Ол тасымалдағыш фосфолипидтер (мысалы, лецитин) үшін және кортикостероидтар мен жыныс гормондарының биосинтезі үшін қажет. Холестеринсіз, метаболизм күрт тоқтайды.

Холестерин бірнеше фракцияларда болады, олардың екеуі тығыздығы мен ақуыздық компоненттері бойынша өзгешеленетін негізгі фракциялар болып табылады:

А апопротеинімен байланысты ТЖЛП – холестериннің бұл фракциясы жүрек үшін пайдалы, ол атеросклероздық түйіншектердің түзілуіне тосқауыл болады.

В апопротеинімен байланысты ТТЛП – бұл фракция, керісінше, жүрек-қан тамыры ауруларының дамуында негізгі рөлді атқарады және ең алдымен атеросклероздық түйіншектердің дамуына әсер етеді. В апопротеині ТТЛП тасымалдануына және қан тамырларының қабырғасына сіңуіне ықпал етеді, бұл артериялық түйіншектерді бастамалау үшін маңызды қадам болып табылады.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, апо-B-ң апо-А-ға арақатынасы жоғары адамдарда жүрек ұстамасының салдарынан өлімге әкеп соғу тәуекелі жоғары болады.

ВИТАМАКС компаниясы ұсынған «Ситринол Плюс»– жүрек-қан тамыры жүйесіне сауықтырғыш әсер ететін инновациялық табиғи өнім. Клиникалық зерттеулер жүргізілді және олар «Ситринол Плюс» кешенінің мынадай әсерлерін көрсетті:

·       Жалпы холестериннің деңгейін төмендеуі

·       ТТЛП деңгейін төмендеуі

·       Триглицеридтердің деңгейін төмендеуі

·       ТЖЛП деңгейін артуы

«Ситринол Плюс» кешенінің үш әртүрлі және бірін-бірі толықтыратын әрекет ету механизмдері жүректің саулығына пайда тигізеді.

·       Эндогендік ТТЛП қызметі үшін қажет құрылымдық ақуыз – В апопротеинінің төмендеуі

·       Эндогендік триглицеридтердің синтезіне қатысатын бауырдың белсенді ферментінің төмендеуі

·       Эндогендік холестериннің синтезі үшін жауапты бауыр ферментінің белсенділігінің төмендеуі

Құрамы: «Ситринол™» патенттелген қоспасы, салқындай сығылған зәйтүн майы, тазартылған су, лецитин, талшық, рибофлавин, хлорофилл, табиғи хош иістендіргіш, титан диоксиді.

Ингредиенттердің қасиеттері:

«Ситринол™» патенттелген қоспасы – 86,3%-ға полиметоксилаттық флавоноидтардан (ПМФ): тенгеритиннен, нобилетиннен, синенсетиннен, тетраметилскутеллариннен, гептаметоксифлавоннан тұрады, сондай-ақ цитрус тәрізділердің қабығынан алынған флавондардан (лютеолин, апигенин), флавоноидтық гликозидтерден (гисперидин және нарингин) тұрады, сонымен қатар, құрамында өсімдік токоферолдары (b, a, d) мен токотриенолдар (a, b, g, d) бар.

ПМФ – В аполипопротеині синтезінің төмендеуіне, триглицеридтердің синтезі үшін жауапты бауыр ферментінің белсенділігін төмендеуіне ықпал етеді.

Токоферолдар мен токотриенолдардың антиоксиданттық айқын қабілеті бар. Сонымен қатар, токотриенолдар «жұмсақ әрекет ететін статиндер» сияқты жұмыс жасайды, осылайша қандағы холестериннің деңгейін төмендетуге ықпал етеді.

Мұндай үйлесім холестериннің барлық фракцияларының, сондай-ақ триглицеридтердің қалыпты деңгейін қолдау үшін синергиялық әсерге әкеп соғады. Липидтік бейінді қалпына келтірудің қасиеттері туралы «Sytrinol™» патенттелген қоспасымен жүргізілген клиникалық зертетулер куәландырады. Липидтік кескінді қалпына келтіру қасиеттері туралы патенттелген қоспамен жүргізілген клиникалық зерттеулер куәландырады.

Пайдалы кеңестер: балалардың қолдары жетпейтін, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтаңыз.

Қарсы көрсетімдері: жүктілік, бала емізу, ББҚ компоненттеріне дербес төзімсіздік.

ББҚ. Дәрі болып табылмайды.
Қолданар алдында маманмен кеңескен жөн. 


қолдану< / b>

Ересектерге тамақтану кезінде күніне 1 капсуладан.


, .

(-). 18 21.00 ( , 18.00), ( 18.00).

. . .