KZ RU
Салауатты мәдениетті қалыптастыру
1994 жылдан бергі өмір
0
Себет

Жаңа
Айдың жеңілдіктері
Ұсынамыз
Тканевая маска для лица Глубокое увлажнение. Алоэ вера
Тканевая маска для лица Глубокое увлажнение. Алоэ вера
(2)
Өнім коды: 8822
Қол жетімділік:көп
1 300 тенге
1 040 тенге / шт.
Жинақ: 260 тенге
Науқанның соңына дейін:
00күн
00сағат
00мин.

Тазалық және жарқырау

Алоэ Вера қосылған «Терең ылғалдандыру» бетке арналған мата бетпердесінің табиғи құрамы – солып қалған теріге жедел көмек көрсетуге арналған теңгерімделген және салыстыра тексерілген формула. Бетпердені жүйелі түрде пайдалану теріні тегістеуге ықпал етеді, ұсақ тесіктерді тарылтады, теріні жұмсақ, бірақ терең тазартады, жансызданған тіндерді қабыршақтандырады, қалпына келтіреді және қорғайды, жасартады, зат алмасу үдерістерін қалпына келтіреді. Сіздің теріңіз түрленеді.

Толық сипаттама
Красота требует ухода
Красота требует ухода! Необходимые средства для ежедневной заботы о себе
Науқан туралы толығырақ
Сатып алу кезіндегі сыйлық
Біз бұл өнімді сатып алғанда сыйлық береміз
Сыйлықты таңдаңыз
Бетке арналған Терең ылғалдандыру мата бетпердесі. Алоэ вера
Бетке арналған Терең ылғалдандыру мата бетпердесі. Алоэ вера
(2)
Қол жетімділік:көп
1 300 тенге
1 040 тенге

Мата бетперде – теріні ретке келтірудің жылдам, қарапайым әрі қолжетімді тәсілі. Бұл ретте мұны мақсатты бағытталғандай етіп, ылғалдандыру, жұмсарту, жылтырату қажет. Дерматологиялық зерттеулер көрсеткендей, белсенді сарысуларға қарағанда мата бетперделер екі есе артық әсер етеді және дәстүрлі форматтағы кремдерге қарағанда төрт есе тиімдірек.

Алоэ Вера қосылған және табиғи ингредиенттердің негізіндегі «Терең ылғалдандыру» бетке арналған мата бетпердесі сарысумен салыстыруға болатындай тиімді.

Бетперденің негізгі әрекеті:

·       теріні тыныштандырады, ылғалдандырады және жұмсартады, құрамында жасушаларды тотығудан қорғайтын дәрумендер бар;

·       қабынуға қарсы, антисептикалық, бактерияларға қарсы және тазартқыш күшті қасиеттері бар;

·       ылғалды теріде кідіртіп қана қоймай, жасушалардың құрылымын қалпына келтіруге көмектеседі;

·       беттің тырысуын кетіреді, беттің контурларын тартады, теріні балғын әрі тегіс етеді;

·       безеумен күреседі және беттің жалпы түсін тегістейді;

·       күнге күйгеннен кейін теріні тыныштандырады.

Құрамына кіретін Алоэ Вера өсімдікті сіріндісі қанның микроциркуляциясын қалпына келтіреді және қабынудың алдын алады. Ол тыныштандырғыш, жарақатты жазғыш, қалпына келтіргіш, бактерицидтік және сіңіргіш әрекет етеді. Бұл ерекшеліктер эпидермистің қатайған жоғарғы қабатын жұмсартуға, ұсақ тесіктерді терең тазартуға, қабынуларды құрғатуға, қызарғанды азайтуға, теріні минералдармен және дәрумендермен қанықтыруға, ұлпалардағы су теңгерімін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Құрамындағы С дәрумені – бөртуді өршітетін бактерияларды жоятын ғана емес күшті антиоксидант, сондай-ақ ағартқыш әсерді қамтамасыз етеді, бұл терінің реңкін визуалдық түрде тегістеуге мүмкіндік береді.

Сіңіргіш қабілеті жоғары табиғи АНА-қышқылдар терінің қабыршақталған жасушаларын жұмсартып қабыршақсыздандырады, қарқынды ылғалдандырады, эпидермистің өзіндік қалпына келтіру үдерістерін іске қосады; әжімдердің жазылуына, шағын рельефтерді тегістеуге, терінің тонусы мен серпімділігін арттыруға ықпал етеді; пигменттік дақтармен күресуге көмектеседі, теріні серпімді, ылғалды және жарқыраған етеді.

Нәрлендіргіш заттар мен Алоэ Вера сіріндісі сіңген жібек тәрізді мата негізіндегі бірегей 3D нысанының арқасында бетперде нәзік, бетке мінсіз жанасады, ақпайды және ыңғайлы пайдаланылады.

Алоэ вера қосылған «Терең ылғалдандыру» бетке арналған бетпердесі терінің барлық типтеріне арналған, сондай-ақ күшейтілген ылғалдандыруды қажетсінетін нәзік терісі бар адамдар үшін өте пайдалы.

Мата бетперде сіз үшін барынша тиімді болу үшін не істеу керек?

Мата бетпердені пайдаланбас бұрын сізге теріні арнайы көбіктің, макияжды кетіруге арналған мицеллярлық судың көмегімен тазартқан жөн. Осыдан кейін бетпердені теріге қойып, 15-20 минутке қалдыру қажет. Құралдың қалдықтарын теріге жеңіл қаққылау қимылдарымен жағуға болады (және қажет).

ВИТАМАКС мата бетперделері – бұл теріге күтім жасаудың инновациялық әдісі, ингредиенттерді терінің терең қабаттарына жеткізетін агенттер бетпердеге енгізілген, сондықтан әсері алғаш рет қолданғаннан кейін байқалады. Жүйелі түрде қолданған кезде теріге келтірілетін оң әсер жиналады және күшейеді. Тазартқыш бетпердені нәрлендіргіш бетпердемен, содан кейін жасартқыш бетпердемен кезектестірген дұрысырақ болады.

Құрамы: Aqua, Glycerin, Aloe Barbadensis (Aloe Vera) Leaf Gel, Caprylic / Capric Triglyceride, Allantoin, PEG-40 Hydrogenated Castor Oil, Guar Hydroxypropyltrimonium Chloride, Panthenol, Phenoxyethanol, Ethylpanthenol, Niacinamide, Ascorbic Acid, Sodium Ascorbate, Sodium Salicylate, Citric Acid, Glycolic Acid, Lactic Acid, Parfum.

Ингредиенттердің қасиеттері:

Алоэ вера (Aloe Barbadensis (Aloe Vera) LeafGel) сіріндісі – ылғалдандыруға арналған бірегей ингредиент. Ол эпидермистің қабаттарына сіңеді, гидро теңгерімді жылдам қалпына келтіреді және тиімді қолдау көрсетеді. Алоэ коллагенді және гиалурон қышқылын шығаруды ынталандырады, соның арқасында тері ұзағырақ икемді әрі тегіс болып қалады, яғни әжімдерсіз қалады және жақсы тазартылады. Сонымен қатар, құрамындағы С және Е дәрумендерінің арқасында алоэ - жасушалардағы тотығу үдерісіне тосқауыл болатын және олардың бұзылуын тежейтін керемет антиоксидант.

АНА қышқылдары (альфа-гидроқышқылдар, жеміс қышқылдары) - Glycolic acid (гликоль қышқылы), Lactic acid (сүт қышқылы), Citric acid (лимон қышқылы) -альфа-гидроқышқылдар терінің беткі қабатына әсер етеді, мимикалық әжімдерді, қара дақтар мен безеуді тиімді азайтып, терінің беткі қабатынан өлі жасушаларын кетіреді және жаңа жасушалардың пайда болуын ынталандырады. AHA-қышқылдар кез-келген типті тері үшін сай келеді. Олар теріге кез-келген косметикалық құралдардың сіңуін жеңілдетіп, осылайша олардың тиімділігін арттырады. Сонымен қатар, құрамында жеміс қышқылдары бар косметикалық құралдардың жас шектеулері жоқ: оларды 16 жастан бастап пайдалануға болады.

Майсана майы (Castor Oil) – айтарлықтай күшті нәрлендіргіш және жұмсартқыш әрекет ете отырып, ол тері жамылғысының құрғақтығы, сусыздануы, қабыршықтануы, кедір-бұдырлығы, серпімдігінің жоғалуы сияқты тері мәселелерін жеңуге көмектеседі. Алоэ вераның ылғалдандырғыш әрекетін күшейтеді және қабыну үдерістерін азайтады. Оның жасартқыш әрекеті көптеген зерттеулермен расталған.

Аллантоин (Allantoin) – эпидермистің жаңаруын ынталандырады, қатпарланған жасушаларды қабыршықтандыруға көмектеседі, қара нүктелердің пайда болуына тосқауыл болады. Күшті антиоксидант бола тұра, бос радикалдардың зиянды әсерін бейтараптандырады, ұлпалардың қалпына келуін жеделдетеді және жасушалардың қартаюын тежейді. Терінің жазылуына ықпал етеді, оның тосқауыл қасиеттерін қалпына келтіреді, соның салдарынан терінің қабынуына шалдыққан адамдарға арналған косметиканың жиі кездесетін ингредиенттер болып табылады.

Пантенол (Panthenol) -  зақымдалған эпидермисті қалпына келтіруге көмектеседі, ұлпалардағы метаболизмді жеделдетуге ықпал етеді, жасушалардағы коллагеннің көлемін сақтауға көмектеседі. Ол қабынған үдерістерді кетіруге ықпал етеді.

Ниацинамид (Niacinamide) – терінің жаңаруын жеделдетеді, оның серпімдігін және тосқауылдық атқарымын жақсартады, терінің беткі қабатын тиімді тегістейді және жас ұлғаюына байланысты пигменттік дақтарды ағартады.

Аскорбин қышқылы (Ascorbic Acid) - С дәрумені коллаген протеинін шығару үшін өте қажет. Коллаген жасушаны және қан жүретін тамырлардың дамуына көмектеседі, ол теріге серпімділік пен икемділік береді. Бұл адам денесіне, оның дәнекер тіндеріне, сондай-ақ бет терісіне қатысты. Осы дәрумен биоантиоксидант болып табылады және теріні бос радикалдардан қорғайды, яғни қартаюдан қорғайды.

Гипоаллергендік құрамының арқасында мата бетперде терінің кез-келген типімен үйлесімді және мінсіз және ұқыпты күтім жасауды қамтамасыз етеді.

Нәтижесі: бетперде терінің күйіне оң әсер етеді, ұқыптап тазартады, нағыз теріге ылғалды және нәрлендіргіш заттарды сіңіреді. Қолданғаннан кейін тері балғын әрі жарқыраған болады.

Сақтық шаралары: сырттай қолдануға ғана арналған. Балалардың қолдары жетпейтін жерде сақтаңыз. Ингредиенттерге дербес төзімсіздік болған жағдайда пайдаланбаңыз.

Салмағы: 25 г.

Жарамдылық мерзімі: дайындалған күннен бастап 24 ай.         

0°С-ден +25°С дейінгі температурада сақтаңыз.

Топтаманың нөмірін және дайындалған күнін қаптамадан қараңыз.


қолдану тәсілі: < b>< / b> < / b>
Мата маскасын алыңыз,түзетіңіз және таза бетке 15-20 минутқа қойыңыз.

, .

(-). 18 21.00 ( , 18.00), ( 18.00).

. . .