KZ RU
Салауатты мәдениетті қалыптастыру
1994 жылдан бергі өмір
0
Себет

Жаңа
Айдың жеңілдіктері
Ұсынамыз
Тканевая маска для лица Антивозрастной уход. EGF-фактор экстракт огурца
Тканевая маска для лица Антивозрастной уход. EGF-фактор экстракт огурца
(0)
Өнім коды: 8823
Қол жетімділік:көп
1 300 тенге
1 040 тенге / шт.
Жинақ: 260 тенге
Науқанның соңына дейін:
00күн
00сағат
00мин.

Жасарту және нәрлендіру

«Жас ұлғаюына қарсы күтім» мата бетпердесінің көмегімен әжімдерге «жоқ» деп айт. Эпидермалық өсу факторы (EGF) немесе «сұлулық факторы» терінің созылмалығын арттырады, жасушалардың регенерациясына ықпал етеді және безеуден кейінгі зақымдануларды немесе тыртықтарды қалпына келтіру үдерісін жеделдетеді, пигменттелуді азайтады. Қияр сіріндісі – пайдалы қасиеттердің үлкен жиынтығы бар қайталанбас ингредиент. Ол жасушадағы судың молекулаларын байланыстыратын полисахаридтерге бай және теріні жылдам ылғалдандыруға және нәрлендіруге ықпал етеді.

Толық сипаттама
Красота требует ухода
Красота требует ухода! Необходимые средства для ежедневной заботы о себе
Науқан туралы толығырақ
Сатып алу кезіндегі сыйлық
Біз бұл өнімді сатып алғанда сыйлық береміз
Сыйлықты таңдаңыз
Бетке арналған Жас ұлғаюына қарсы күтім мата бетпердесі .  EGF-фактор, қияр сіріндісі.
Бетке арналған Жас ұлғаюына қарсы күтім мата бетпердесі . EGF-фактор, қияр сіріндісі.
(0)
Қол жетімділік:көп
1 300 тенге
1 040 тенге

Мата бетперде – теріні ретке келтірудің жылдам, қарапайым әрі қолжетімді тәсілі. Бұл ретте мұны мақсатты бағытталғандай етіп ылғалдандыру, жұмсарту, жылтырату қажет. Дерматологиялық зерттеулер көрсеткендей, белсенді сарысуларға қарағанда мата бетперделер екі есе артық әсер етеді және дәстүрлі форматтағы кремдерге қарағанда төрт есе тиімдірек.

Эпидермалық өсу факторы немесе ЕGF – бұл жас ұлғаюына қарсы косметиканың «белгілік» компоненті. Ол өз санатында жақсы әрекет ететін және нәтижелі құралдардың бірі болып табылады. Ол 53 амин қышқылынан тұрады, барлық зерделенген ақуыздардың арасынан анағұрлым тұрақты ақуыз болып табылады. Бұл ақуыздар біздің ағзамызда туғаннан бері бар, бірақ жас ұлғайған сайын (өкінішке орай, 25 жастан асқаннан бастап) оның мөлшері коллагеннің, эластиннің және антиоксиданттың мөлшері сияқты біртіндеп азаяды.

Эпидермалық факторды тіпті beauty factor («сұлулық факторы») деп атайды.

EGF косметикада қалай жұмыс жасайды?

Жас ұлғайған сайын эпидермисте өсу факторларының табиғи синтезі азаятыны мәлім. Бұл тонустың азаюына және терінің жұқаруына әкеп соғады.

Мата бетперделердегі EGF-фактор терінің жаңару үдерісін іске қосады: 

·       өзіндік коллаген мен эластиннің синтезін күшейтеді;

·       тығыздықты арттырады;

·       серпімділікті арттырады;

·       әжімдерді азайтады;

·       пигменттелуді ағартады;

·       жарықшақтардың, шағын жарақаттардың және терінің басқа зақымдануларының жазылуын жеделдетеді.

Осылайша, эпидермалық өсу факторы бар косметика теріге айқын жасартқыш әсер етуге қабілетті!

Сіңіргіш қабілеті жоғары табиғи АНА-қышқылдар терінің қабыршақталған жасушаларын жұмсартып қабыршақсыздандырады, қарқынды ылғалдандырады, эпидермистің өзіндік қалпына келтіру үдерістерін іске қосады; әжімдердің жазылуына, шағын рельефтерді тегістеуге, терінің тонусы мен серпімділігін арттыруға ықпал етеді; пигменттік дақтармен күресуге көмектеседі, теріні серпімді, ылғалды және жарқыраған етеді.

EGF-факторы мен қиярдың сіріндісі қосылған «Жас ұлғаюына қарсы күтім» мата бетпердесі:

1. Терінің қартаю үдерісін тоқтатады - терінің дәнекер тіні мен серпімді тінінің ыдырауын, тері асты майының солуын тоқтатады; EGF есебінен ұлпалардың қалпына келтіруін ынталандырады, солған және тонусынан айырылған теріні жасартады. Коллаген мен гиалурон қышқылы сияқты эпидермистің EGF өсу факторы тері эпидермисінің компоненті болып табылады және тері жасушаларының өсуі мен регенерациясы үшін жауап береді.

2. Теріні нығайтады, тонусы мен тығыздығын арттырады, теріні ылғалдандырады, қияр сіріндісінің арқасында терінің серпімділігін қалпына келтіреді.

3. Солған және сұр бет терісінің түсін келбетті етеді, қажет емес пигменттеуді кетіреді.

Терінің барлық типтеріне сай келеді. Есейген тері үшін барынша тиімді.

Бірегей 3D нысанының арқасында, жібек тәрізді матаға негізделген, қоректік заттар сіңген, нәзік бетперде бетке мінсіз жанасады, ақпайды және өте ыңғайлы пайдаланылады.

Мата бетперде сіз үшін барынша тиімді болу үшін не істеу керек?

Мата бетпердені пайдаланбас бұрын теріні тарзартқан жөн. Осыдан кейін бетпердені теріге қойып, 15-20 минутке қалдыру қажет. Құралдың қалдықтарын теріге жеңіл қаққылау қимылдарымен жағуға болады (және қажет).

ВИТАМАКС мата бетперделері – бұл теріге күтім жасаудың инновациялық әдісі, ингредиенттерді терінің терең қабаттарына жеткізетін агенттер бетпердеге енгізілген, сондықтан әсері алғаш рет қолданғаннан кейін байқалады. Жүйелі түрде қолданған кезде теріге келтірілетін оң әсер жиналады және күшейеді. Тазартқыш бетпердені нәрлендіргіш бетпердемен, содан кейін жасартқыш бетпердемен кезектестірген дұрысырақ болады.

Құрамы: Aqua, Glycerin, Caprylic/Capric Triglyceride, Allantoin, PEG-40 Hydrogenated, Castor Oil, Guar Hydroxypropyltrimonium Chloride, sh-Oligopeptide-1, Panthenol, Phenoxyethanol, Ethylpanthenol, Niacinamide, Ascorbic Acid, Sodium Ascorbate, Sodium Salicylate, Citric Acid, Glycolic Acid, Lactic Acid, Cucumis Sativa Seed Extract, Phenoxyethanol, Parfum.

Ингредиенттердің қасиеттері:

EGF_фактор (sh-Oligopeptide-1) – бұл эпидермис жасушаларының өсуі мен бөлінуін реттейтін полипептидтердің түрі. Басқаша айтсақ, жасушалық деңгейде әрекет ете отырып, EGF тері жасушаларының қартаю үдерісін тежеуге және «екінші жастық шақ» сыйлауға қабілетті. Өз уақытында өсу факторларын ашқаны үшін ғалымдар Нобель сыйлығымен марапатталды!

 

 

Қияр сіріндісі Cucumis Sativa Seed Extract құрамдастырылған әрекет етеді:

·       Ылғалдандырғыш әсер етеді. Құрамында полисахаридтер жоғары мөлшерде болуының арқасында қияр сіріндісі су молекулаларын байланыстырады және теріде ылғалды кідіртеді.

·       Жасартқыш әсер етеді. Қияр сіріндісі теріні балғындатады, сергітеді және жұмсартады, ағартады және реңкін біркелкілендіреді, ісінуін басады.

·       Ағартқыш әсер етеді. Қияр сіріндісінде меланиннің шығарылуын бұғаттайтын энзимдер бар, солардың арқасында секпілдер мен пигменттік дақтар ағартылады, тотияйын белгілерін жұмсартады.

·       Қабынуға қарсы әсер етеді. Қияр сіріндісі тітіркенуді басады және қабынған теріні тыныштандырады, құрамында В9 дәруменінің мөлшері жоғары болуының арқасында тері жамылғысының қалпына келуін және шағын жаралардың жазылуын жеделдетеді.

·       Тазартқыш әсер етеді. Қияр сіріндісінің қышқылдығы жоғары, соның арқасында ол теріні тазартады, тері майының шығуын реттейді, жеңіл тұтқыр қасиеттері бар.

·       Қорғаушы әсер етеді. Құрамында терінің экологиялық зиянды фактордардың әсерінен қорғайтын С және Е дәрумендері, кумарин және галла органикалық қышқылдарының болуының арқасында қияр сіріндісінің күшті антиоксиданттық қасиеттері бар.

АНА қышқылдары (альфа-гидроқышқылдар, жеміс қышқылдары) - Glycolic acid (гликоль қышқылы), Lactic acid (сүт қышқылы), Citric acid (лимон қышқылы) -альфа-гидроқышқылдар терінің беткі қабатына әсер етеді, мимикалық әжімдерді, қара дақтар мен безеуді тиімді азайтып, терінің беткі қабатынан өлі жасушаларын кетіреді және жаңа жасушалардың пайда болуын ынталандырады. AHA-қышқылдар кез-келген типті тері үшін сай келеді. Олар теріге кез-келген косметикалық құралдардың сіңуін жеңілдетіп, осылайша олардың тиімділігін арттырады. Сонымен қатар, құрамында жеміс қышқылдары бар косметикалық құралдардың жас шектеулері жоқ: оларды жас бойжеткендер де пайдалана алады.

Аллантоин (Allantoin) – эпидермистің жаңаруын ынталандырады, қатпарланған жасушаларды қабыршықтандыруға көмектеседі, қара нүктелердің пайда болуына тосқауыл болады. Күшті антиоксидант бола тұра бос радикалдардың зиянды әсерін бейтараптандырады, ұлпалардың қалпына келуін жеделдетеді және жасушалардың қартаюын тежейді. Терінің жазылуына ықпал етеді, оның тосқауыл қасиеттерін қалпына келтіреді, соның салдарынан терінің қабынуына шалдыққан адамдарға арналған косметиканың жиі ингредиенттері болып табылады.

Майсана майы (Castor Oil) – айтарлықтай күшті нәрлендіргіш және жұмсартқыш әрекет ете отырып, ол тері жамылғысының құрғақтығы, сусыздануы, қабыршықтануы, кедір-бұдырлығы, серпімдігінің жоғалуы сияқты тері мәселелерін жеңуге көмектеседі. Алоэ вераның ылғалдандырғыш әрекетін күшейтеді және қабыну үдерістерін азайтады. Оның жасартқыш әрекеті көптеген зерттеулермен расталған.

Пантенол (Panthenol) -  зақымдалған эпидермисті қалпына келтіруге көмектеседі, ұлпалардағы метаболизмді жеделдетуге ықпал етеді, жасушалардағы коллагеннің көлемін сақтауға көмектеседі. Ол қабынған үдерістерді кетіруге ықпал етеді.

Ниацинамид (Niacinamide) – терінің жаңаруын жеделдетеді, оның серпімдігін және тосқауылдық атқарымын жақсартады, терінің беткі қабатын тиімді тегістейді және жас ұлғаюына байланысты пигменттік дақтарды ағартады.

Аскорбин қышқылы (Ascorbic Acid) - С дәрумені коллаген протеинін шығару үшін өте қажет. Коллаген жасушаны және қан жүретін тамырлардың дамуына көмектеседі, ол теріге серпімділік пен икемділік береді. Бұл адам денесіне, оның дәнекер тіндеріне, сондай-ақ бет терісіне қатысты. Осы дәрумен биоантиоксидант болып табылады және теріні бос радикалдардан қорғайды, яғни қартаюдан қорғайды.

Нәтижесі: бетперде сергіткіш, жұмсартқыш әрекет етеді, реңкті ағартады және тегістейді, тығыздығын жақсартады, ұсақ әжімдерді жазады, ісінуді басады, теріге жарқыраған реңк сыйлайды.

Сақтық шаралары: сырттай қолдануға ғана арналған. Балалардың қолдары жетпейтін жерде сақтаңыз. Ингредиенттерге дербес төзімсіздік болған жағдайда пайдаланбаңыз.

Құрамы INCI косметикалық ингредиенттердің халықаралық жүйесіне сәйкес қаптамасында көрсетілген.

Салмағы: 25 г.

Жарамдылық мерзімі: дайындалған күннен бастап 24 ай.         

0°С-ден +25°С дейінгі температурада сақтаңыз.

Топтаманың нөмірін және дайындалған күнін қаптамадан қараңыз.

RU Д-RU.TP06.D.06610/19

 


Материалдар

қолдану тәсілі< / b>: < / b>
Мата маскасын алыңыз,түзетіңіз және бет терісіне 15-20 минутқа қойыңыз.

, .

(-). 18 21.00 ( , 18.00), ( 18.00).

. . .