KZ RU
Салауатты мәдениетті қалыптастыру
1994 жылдан бергі өмір
0
Себет

Новая жизнь, 30 капс.
Новая жизнь, 30 капс.
Новая жизнь, 30 капс.
(43)
Өнім коды: 1000TR
Жоқ
9 300 тенге / шт.
Науқанның соңына дейін:
00күн
00сағат
00мин.

Холестеринді азайту және жүрек-қан тамыры ауруларының алдын алу

New Life 1000

Омега-3 көп қанықпаған май қышқылдарының кешені. Тығыздығы жоғары және төмен холестеринді теңгерімдейді, Қан плазмасының майлылығын төмендетеді. Қанның қан тамырларының бойымен өтуін қалпына келтіреді. Қабыну үдерістерін тоқтатады. Антиаллерген.

Толық сипаттама
Сатып алу кезіндегі сыйлық
Біз бұл өнімді сатып алғанда сыйлық береміз
Сыйлықты таңдаңыз
Жаңа өмір, 30 капс
Жаңа өмір, 30 капс
(43)
Жоқ
9 300 тенге

Арт. 1000TR
АҚШ-та өндірілген. № 77.99.32.003.Е.000530.01. 15 20.01.2015
Құты 30 капс.

«Жаңа өмір» табиғи кешені – бұл құрамында омега 3 класының көп қанықпаған май қышқылдары көп мөлшерде болатын қоюландырылған өнім. омега 3 класының көп қанықпаған май қышқылдары қандағы холестерин деңгейін қалпына келтіру үдерістеріне қатысады, сондықтан атеросклероз сияқты қауіпті «өркениет ауруының» даму тәуекелін төмендетеді. Омега 3 класының көп қанықпаған май қышқылдары адам ағзасында синтезделмейді, сондықтан жеткілікті мөлшерде тағаммен бірге ағзаға түсуі қажет.  

Көп қанықпаған май қышқылдарының көзі ретінде солтүстік теңіздерде тіршілік ететін суық сулы ақсерке ұшасының майы пайдаланылады. Солтүстіктегі тұрғындар өз рационында балықты көбірек тұтынғандықтан атеросклерозға шалдықпайтыны мәлім. Омега 3 класының май қышқылдары алмастырылмайтын тамақтану элементтеріне жатады және мидың, иммундық жүйе мен репродуктивті жүйенің қалыпты жұмысы үшін қажет, терінің күйіне оң әсер етеді, әйелдердегі сүт безінің ауруларын алдын алу үшін пайдаланылады.

Кешеннің пайдалы қасиеттерін арттыру үшін қоспаға Е дәрумені (d-альфа-токоферол) енгізілді, оның антиоксиданттық қасиеттері бар. Омега 3 май қышқылдары мен Е дәруменінің өнімдегі үйлесімі теріге оң әсер етеді, терінің серпімділігін арттырады, су-липид теңгерімін реттейді, жарақаттар мен тіліктердің жазылуын жеделдетеді, теңге қотыр кезінде оң әсер етеді, терінің жасаруына ықпал етеді. «Новая жизнь» кешенінің компоненттерінің қабынуға қарсы, аллергияларға қарсы қасиеттері бар, зат алмасу үдерістерін реттеуге қатысады, ағзадағы липидтік кескінге қалпына келтірушілік әсер етеді, қан тамырларының икемдігін арттырады, микроциркуляцияны жақсартады, ағзаның жасаруына ықпал етеді. «Новая жизнь» кешеніндегі Омега 3 КҚМҚ мен Е дәруменінің атеросклерозды профилактикалау қасиеттері бар, атеросклероздық түйіншектердің түзілуін тежейді, қан ұйығының түзілуіне тосқауыл болады және жүрек-қан тамыры ауруларының тәуекелін төмендетеді.

Кешеннің компоненттері ағзаның иммундық қасиеттерін қалыпқа келтіруге қатысады, сергітеді, жұмысқа қабілеттікті арттырады, созылмалы шаршаңқылық синдромының, тоқыраулар мен күйзелістердің туындауын төмендетеді, қабынған ішекке оң әсер етеді.

Құрамы

Балық майы (соның ішінде омега-3 КҚМҚ), эйкозапентаен қышқылы, докозагексаен қышқылы, D-альфа токоферол.

Ингредиенттердің қасиеттері:

Омега 3 КҚМҚ (балық майы) – көп қанықпаған май қышқылдарының класы. Эксперименталдық және клиникалық зерттеулерді жүргізу арқылы омега 3 КҚМҚ-ң антиатерогендік және гиполипидемиялық әрекеті анықталды: бауырда триглицеридтердің синтезін жазады, қандағы триглицеридтердің және «холестериннің нашар фракциясының» - ТӨТЛП деңгейін төмендетеді. Омега 3 КҚМҚ-дан жергілікті ұлпа гормондары синтезделеді, олар көптеген жасушалық және ұлпалық атқарымдарды реттейді, тромбоциттердің агрегациясын және лейкоциттердің жұмысын төмендетеді, қан тамырларының кеңеюі мен тарылуын ретейді, қабыну реакцияларын азайтады. Кез-келген тері аурулары кезінде көмектеседі, жарақаттар мен кесіктердің жазылуын жеделдетеді, құрғақ әрі тітіркенген терінің серпімділігін қалпына келтіреді, теңге қотыр және қышыма кезінде көмектеседі. Омега 3 КҚМҚ серотониннің мөлшерін реттейді, жасушалар арасында импульстерді химиялық таратушыны реттейді, осылайша көңіл-күйдің жақсы болуына ықпал етеді.

Е дәрумені (D-альфа-токоферол) - антиоксидант, жасушалық мембраналарды тұрақтандырғыш, ағзада Е дәрумені барлық жасушалардың мембраналарының липидтік қабатында КҚМҚ тотығуына тосқауыл болады, капсулада – табиғи консервант, ол Омега 3 КҚМҚ тотығуына жол бермейді. Е дәруменінің әрекет ету механизмі антирадикалдық белсенділікті айқындау үшін айтарлықтай рөл атқарады, ол барлық жасушалардың мембраналарын қорғауды және тұрақтандыруды қамтамасыз етеді, осылайша ағзаның барлық мүшелері мен жүйелерінің (жүрек-қан тамыры, жүйке, ас қорыту, репродуктивті және басқа жүйелердің) саулығын сақтауға жағдай жасайды. Терінің саулығын сақтау үшін косметологияда пайдаланылады, жазылуға ықпал етеді және тыртық ұлпасының пайда болу тәуекелін азайтады. Сонымен қатар, токоферол қышыманы, терінің ойық жарасын, ұшықты және теміреткіні емдеген кезде көмектеседі.

Пайдалы кеңестер: балалардың қолдары жетпейтін, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтаңыз.

Қарсы көрсетімдері: компоненттерге дербес төзімсіздік.

ББҚ. Дәрі болып табылмайды.
Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн. 


Бейне

Ересектерге тамақтану кезінде күніне 2 рет 1 капсуладан. Қабылдау ұзақтығы-1-2 ай, қабылдауды жылына 2-3 рет қайталауға болады.


Фатима
Препарат Новая Жизнь я купила потому что понравилось название :) а капсулы просто сказка желтенькие и такие прозрачные как бусины в этот продукт я просто влюбилась. После одной баночки такой шикарный эффект я не ожидала. Структура и цвет кожи лица были совсем другими. Кожа стала такой шелковистой даже не верилось! Цвет улучшился!
Аты

, .

(-). 18 21.00 ( , 18.00), ( 18.00).

. . .