KZ RU
Салауатты мәдениетті қалыптастыру
1994 жылдан бергі өмір
0
Себет

Жаңа
Ұсынамыз
Активный кальций Ca + Mg, Zn, D3, 60 капс.
Активный кальций Ca + Mg, Zn, D3, 60 капс.
Активный кальций Ca + Mg, Zn, D3, 60 капс.
(31)
Өнім коды: 8241
Қол жетімділік:көп
9 200 тенге / шт.
Науқанның соңына дейін:
00күн
00сағат
00мин.

Белсенді кальций Ca + Mg, Zn, D3 – ағзаға оңтайлы сіңуі үшін микроэлементтер кешенімен күшейтілген табиғи кальций көзі. Кешенді курстық қабылдау сүйектер мен тістердің нығаюына ықпал етеді, гемоглобиннің деңгейін қалыпқа келтіреді, қан ұюын жақсартады және бұлшықеттің тырысып қалуын азайтады. Жас ұлғайған сайын микроэлементтер азаяды, ал оларды тағаммен бірге тұтыну айтарлықтай қиын, сондықтан сырттан толық көлемде алу маңызды.  


Толық сипаттама
Сатып алу кезіндегі сыйлық
Біз бұл өнімді сатып алғанда сыйлық береміз
Сыйлықты таңдаңыз
Белсенді кальций Ca + Mg, Zn, D3, 60 капс.
Белсенді кальций Ca + Mg, Zn, D3, 60 капс.
(31)
Қол жетімділік:көп
9 200 тенге
..

1000 мг-қ капсуланың құрамы: 1-алмастырылған кальций орто-фосфаты, магний цитраты, капсула (желатин), С дәрумені (аскорбин қышқылы), бамбук сіріндісі, мырыш глицинаты, мыс цитраты, D3 дәрумені (холекальциферол), микрокристаллды целлюлоза (нығыздалуға қарсы агент).

Биологиялық белсенді зат

Мөлшері, мг/ 3 капс.

Тәуліктік тұтыну деңгейі1, мг

Тәуліктік тұтыну деңгейінің пайызы

С дәрумені

150,0

60,0

2503

D3 дәрумені, мкг

5,25

5,0

1053

Кальций

276,0

1000,0

28

Фосфор

450,0

800,0

56

Магний

99,0

400,0

25

Кремний

21,0

30,02

70

Мырыш

3,0

15,0

20

Мыс

0,78

1,02

78

92 микроэлементтердің арасынан адам ағзасында 81 түрі кездеседі, олардың барлығы қалыпты тіршілік әрекеті үшін және ішкі мүшелердің, жүйке жүйесінің және бас миының жұмысы үшін қажет.

Микроэлементтер тістердің, сүйектердің, гемоглобиннің құрамына кіреді, қышқыл-сілті тепе-теңдігі үшін және қанның рН үшін жауап береді, қан ұю үдерісіне және бұлшықеттердің жиырылуына қатысады, ферменттер мен гормондардың жұмысын реттейді. Өкінішке орай, жас ұлғайған сайын осындай аса қажет микроэлементтердің мөлшері азая түседі және оларды тағаммен бірге алу айтарлықтай қиын. Сондықтан ағза бірқалыпты жұмыс жасауы үшін, иммунитет мықты болу үшін, сондай-ақ ұзақ уақыт жас болып, белсенді өмір сүру үшін оларды сырттан толық көлемді жүйелі түрде жеткізу өте маңызды.

Сізге «Белсенді кальций Ca + Mg, Zn, D3» көмектеседі, бұл – жүйке жүйесі мен иммундық жүйенің, тірек-қозғалыс аппаратының, ас қорыту жүйесі мен гепатобилиарлық жүйенің саулығын қолдау үшін қажет көп компонентті формула. Кешен ұлпалардың жаңаруы үдерісін іске қосады, күш-қуат береді, зат алмасу үдерістеріне қолдау көрсетеді және амин қышқылдарын белсендіреді.

Компоненттер сүйектер мен тіс эмалінің күйін жақсартады, бұлшықеттер мен қан тамырларының түйілуін басады, жасушалық иммунитетке қолдау көрсетеді және бауырдың токсиндерді зарарсыздандыру жөніндегі жұмысын ынталандырады.

Құралдың құрамына кіретін биологиялық белсенді заттардың күшті антиоксиданттық қасиеттері бар және олар ағзаның қартаюына тосқауыл болады, сондай-ақ коллагенді белсенді шығару үдерісін іске қосады және терінің, шаштың, тырнақтың күйін жақсартады.

Құралдың пайдалы қасиеттері компоненттерінің белсенді әрекетіне негізделген.

Кальций:

Бұл – тістер мен сүйектер қалыптасатын құрылымдық материал. Ересек адамның ағзасында жыл сайын сүейк тіні 20%-ға жаңарады, осы үдеріс қалыпты өтуі үшін және сүейктер мықты болу үшін кальцийдің оңтайлы деңгейін қолдау қажет.

Кальций «зиянды» холестериннің деңгейін төмендетуге ықпал етеді, иммундық импульстердің берілуін жақсартады, бұлшықеттердің тырысып қалуын және саусақтардың патологиялық шаншуын азайтуға көмектеседі.

Кальций қан ұюы үдерісін қалпына келтіреді, иммунитетті нығайтады және ас қорытуды жақсартады.

Магний:

Кальцийдің сіңуіне ықпал етеді, осының арқасында сүейк тінінің өсуін ынталандырады, жүрек-қан тамыры жүйесін нығайтады, ұйқыны жақсартады, тітіркенгіштікті азайтады және жүйке жүйесінің саулығына қолдау көрсетеді.

Мырыш:

Жасушалардың қалыпты бөлінуі мен өсуі үшін, тері мен шаштың саулығы үшін қажет. Бұл микроэлемент қабыну үдерістерін тежейді және жарақаттардың жазылуын жеделдетеді, зат алмасу үдерістерін реттеуге қатысады және қуықалды безінің гормондар шығаруын ынталандырады. Сондай-ақ мырыш иммунитеттің нығаюына ықпал етеді, мидың жұмысын жақсартады және жүйке жүйесін нығайтады.

D3 дәрумені:

D дәрумені біздің иммунитетіміздің сапалы әрі тиімді жұмысы үшін жауап береді, ол вирустар мен бактерияларды іздеу және жою үшін жауап беретін қорғаныс жасушаларын белсендіреді.

Екіншіден, D дәрумені қуаныш пен ләззат гормоны – дофаминді шығаруға қатысады. Сондықтан оның тапшылығы апатияға, көңіл-күйдің нашарлауына және тіпті күйзеліске жиі әкеп соғады.

Қандағы кальцийдің оңтайлы деңгейін бақылаудың арқасында «күн сәулелі» дәрумен жүйке жүйесіне кідіріссіз жұмыс жасауға, ал бұлшықеттерге күш пен серпімділікті сақтауға көмектеседі.

D дәрумені оқушылардың және ой еңбегі көп жүктелетін жұмыскерлердің үздік көмекшісі, демек ол есте сақтау қабілетін және зейінділікті жақсартады.

«Күн сәулелі» дәрумен ұйқы безіне де көп әсер етеді, дәлірек айтсақ, инсулиннің синтезіне және қандағы қантты реттеуге көп әсер етеді. Әйел адамдарда жыныс гормондарының шығарылуын ынталандырады, осылайша жүкті болуға оң әсер етеді.

Сонымен қатар, D дәрумені қартаю үдерісін тежеп, жастық шақты және белсенділікті сақтауға мүмкіндік береді!

Қолдану көрсетімдері

·           Кальций тапшылығын түзету

·           Тірек-қозғалыс жүйесінің аурулары (остеопороз, сынықтар, жарақаттар және т.б.) кезінде кешенді көмек көрсетеді

·           Әлсіздік, шаршаңқылық, жұмысқа қабілеттіктің төмендеуі

·           Тіс жегі және тістердің бұзылуы

·           Атеросклероз, күретамыр қысымының жоғарылауы, жүрек жұмысындағы кідірістер

·           Ас қорытудың бұзылуы және асқазан-ішек жолының шырышты қабығының қабынуы, сонымен қатар, асқазан мен он екі елі ішектің жарасы

·           Бөртпе және қышыма

·           Шаш түсуі және қайызғақ шығуы

·           Созылмалы күйзелістер

·           Құрысулар

Қарсы көрсетімдері: компоненттерге дербес төзімсіздік, жүктілік, бала емізу.

Сақтау шарттары: құрғақ, жарықтан қорғалған және балалардың қолдары жетпейтін жерде 25°С-ден аспайтын температурада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз.

ББҚ. Дәрілік препарат болып табылмайды.


< b>қолдану тәсілі < b > < / b>: Ересектерге 1 капсуладан күніне 3 рет тамақтану кезінде кемінде бір ай. Қажет болса, қабылдауды қайталауға болады.

, .

(-). 18 21.00 ( , 18.00), ( 18.00).

. . .