KZ RU
Салауатты мәдениетті қалыптастыру
1994 жылдан бергі өмір
0
Себет

Ультраклиа, 30 капс.
Ультраклиа, 30 капс.
Ультраклиа, 30 капс.
(19)
Өнім коды: 2020T
Жоқ
13 700 тенге / шт.
Науқанның соңына дейін:
00күн
00сағат
00мин.

Көздерді қорғау және саулығын қамтамасыз ету
Ultraclear

Көру жүктемелерінен қорғауға және көз ауруларының алдын алуға арналған табиғи кешен. Көзге ота жасалғаннан кейін көру қабілетін қалпына келтіру.

Толық сипаттама
Посмотрите на мир свежим взглядом!


- защита глаз от ультрафиолетовых лучей;
- восстановление нормального кровотока;
- восстановление зрительных функций после операций;
- улучшение сумеречного зрения
Науқан туралы толығырақ
Сатып алу кезіндегі сыйлық
Біз бұл өнімді сатып алғанда сыйлық береміз
Сыйлықты таңдаңыз
Ультраклиа, 30 капс.
Ультраклиа, 30 капс.
(19)
Жоқ
13 700 тенге

Арт. 2020Т 
АҚШ-та өндірілген. № 77.99.11.003.Е.004805.03. 15 17.03.2015 
Құты 30 капс.

«Ультраклиа» табиғи өсімдікті кешені көру аппаратына қолдау көрсету үшін жасап шығарылды. Оның компоненттері арнайы биоқолжетімді нысандарда ұсынылды, сондықтан белсенді заттары барынша тиімді әрекет етеді.

Арасында белсенділігі жоғары табиғи бета-каротин ерекше орын алатын табиғи тектес биоантиоксиданттардың кешені көз макуласының, көз торының, көз бұршағының және көздердің тамыр жүйесінің қалыпты күйін ретке келтіреді, жоғары жүктемелер кезінде көздердің шаршауын басады, көздерді көгілдір және ультракүлгін сәулелердің теріс әсерінен қорғайды.

Өнімнің компоненттері құндылығы жоғары өсімдік ақуыздарының, амин қышқылдарының, биофлавоноидтардың және көру үшін өмірлік маңызды В тобының дәрумендерінің қосымша көзі болып табылады. Өнім компоненттерінің әрекет етуші компоненттері көздерді сау күйінде сақтап қана қоймай, көру атқарымының қалпына келуіне ықпал етеді, көзге ота жасалғаннан кейін ұлпаларының қалпына келуін жеделдетеді, ағзаға жалпы нығайтқыш әрекет етеді, иммундық жүйенің жұмысына қолдау көрсетеді, ағзаның бейімделгіш мүмкіндіктерін арттырады.

Клиникалық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, «Ультраклиа» тиімді кешен болып табылады, оның компоненттері қанның микроциркуляциясын және көз аппаратындағы көзіші сұйықтығын ретке келтіреді, сондай-ақ бас миының жартышарындағы көру учаскесіндегі қалыпты қанағымды қалпына келтіреді, бұл антиоксиданттық айқын әсермен бірге көз ауруларының профилактикасы үшін, көздің шаршаңқылығымен және ымырттық көрудің нашарлауымен күресу үшін өте пайдалы.

Құрамы: бета-каротин (дуналиелладан алынған), А дәрумені (ретинол пальмитаты), N-ацетил цистеин, L-глицин, дәрілік көздәрі, альфа-жөке қышқылы, гаваялық спирулина, мырыш (L-Optizinc), қаражидек сіріндісі, ликопин (Lyc-o-mate™), лютеин (Floro Glo™), биоперин (қара бұрыштан алынған), гинкго билоба, L-глутатион, жүзім сүйекшелерінің сіріндісі, мыс (глюконат), селен (L-селенометионин), зеаксантин.

Ингредиенттердің қасиеттері:

Бета-каротин (дуналиелладан алынған) – қажет болу шамасына қарай А дәруменіне айналады. Күшті антиоксиданттық қасиеттерінің арқасында көздерді күн сәулесінің зиянды әсерінен қорғайды. Көздеріне көп жүктеме түсетін адамдар бета-каротинді тұтынғаны жөн, себебі ол көз торының қалыпты жұмысы үшін аса маңызды.

А дәрумені (ретинол пальмитаты) – көру аппараты үшін аса маңызды, көздерге қолдау көрсетеді, көз торындағы жарыққа сезімтал заттың құрамдас бөлігі болып табылады, ымырттық көрудің бұзылуының алдын алу үшін, көздердің қабынуы мен құрғақтығын кетіру үшін, көздер жарқыраған жарыққа немесе отқа сезімтал болған кезде қажет.

Цитрус тәрізділердің биофлавоноидтары күшті антиоксиданттар болып табылады, қан жолдарын нығайтады, көру аппаратының жұмысын жақсартады, көз торына оң әсер етеді, әсіресе түнгі уақытта жарықты қабылдауды қамтамасыз ететін ақуыз – родопсиннің шығуын ынталандырады. Шамадан тыс жарқын түс, жарық жарқылдары, қоңыр түске ақ түстің түсуі, сонымен қатар теледидардың немесе компьютердің жарығы родопсиннің қорын азайтады.

L-глицин – бос радикалдардан қорғайды, дезинтоксикация реакцияларына қатысады, орталық жүйке жүйесіне қажет, бұлшықеттердің азғындау үдерісін тежейді, зақымдалған ұлпаларды қалпына келтіруге ықпал етеді.

Дәрілік көздәрі – көптеген елдерде көздердің ауруларының профилактикасы үшін қолданылатын тиімді табиғи құрал ретінде мәлім, тітіркену мен қабынуды басады, зарарсыздандырғыш әрекет етеді, көздердің ұлпаларын нығайтады.

Альфа-жөке қышқылы – липид және көмірсу алмасуын реттеуге қатысады, холестериннің деңгейіне әсер етеді, бауырдың атқарымын жақсартады, уланулар кезінде уытсыздандыру әрекет етеді, антиоксиданттық қасиеті бар, басқа антиоксиданттардың әрекетін күшейтеді.

Гаваялық спирулина – көру жүйкесінің ауруларының профилактикасы үшін қолданылатын компоненттердің бірі; ақуыздардың, амин қышқылдарының, дәрумендердің, ферменттер мен хлорофиллдің керемет көзі. Ақуыз, липид және көмірсу алмасуын қалыпқа келтіреді; антиоксиданттық, иммунмодульдеуші, уытсыздандыру әрекет етеді; қан түзу үдерісндерін белсендіреді, ағзаның күйзелістерге төзімділігін арттырады. Ағзаны күш-қуатпен жылдам қамтамасыз етеді, ішек флорасын қалпына келтіреді, аллергиялық реакцияларды азайтады, жасартқыш әрекет етеді.

Мырыш (L-Optizinc) – сіңу үшін барынша ыңғайлы органикалық нысанда келтірілген. Көз бұршағының қалыпты жұмыс жасауы мен бүтіндігі үшін қажет. А дәруменінің деңгейіне, инсулиннің белсенділігіне, иммундық жүйенің жұмысына ықпал етеді, ақуыз бен ДНҚ синтезіне қатысады, жарақаттардың жазылуын жеделдетеді.

Қаражидек сіріндісі күндізгі және ымырттық көруді жақсарту үшін, сондай-ақ көру мүшелерінің жалпы күйін жақсарту үшін және көз ауруларының кешенді профилактикасы үшін дәстүрлі түрде пайдаланылады; көру мүшелерін қажетті қоректік заттармен қолдайды, алыстан көрмеушілікті азайтуға ықпал етеді, тор көзін нығайтады, антиоксиданттық әрекет етеді.

Ликопин (Lyc-o-mate™) – барлық мембраналық жасушаларды тотығудан керемет қорғайтын каротиноидтардың тобына кіреді, қан түзу үдерістерінде маңызды рөл атқарады, атеросклероздың дамуына жол бермейді, ас қорыту үдерісін қалпына келтіреді; ағзада қышқыл-сілті тепе-теңдігін қолдайды, бактерияларға қарсы және зеңдерге қарсы әрекет етеді. Катарактаның пайда болуы мен макуланың азғындауын профилактикалау үшін пайдалы.

Лютеин (Floro Glo™) – бұл кешенде арнайы патенттелген технология бойынша барқытгүлден алынған нысанда болады. Қалыпты көру үшін қажет, агрессивті жарық әсерін бейтараптандырады, жас ұлғаюына байланысты пайда болған көз ауруларының профилактикасы үшін маңызды рөл атқарады. Лютеин адам ағзасында синтезделмейді және ағзаға тағаммен бірге ғана келіп түседі.

Зеаксантин – бос радикалдардың түзілуін басуға қабілетті антиоксидант, бұл қасиеті көз торының бұзылуына және көз бұршағының бұлдырауына жол бермейді, көз бұршағын тығыздалудан және катаракта түзілуінен қорғайды. Тор көзіне сіңу арқылы зеаксантин көз ұлпаларында жиналады және көру аппаратын тиімді қорғайды.

Биоперин (қара бұрыш жемістерінен алынған) – қоректік заттардың биологиялық қолжетімдігін күшейтеді. Көздердегі қабыну және инфекциялық үдерістерге тосқауыл болады.

Гинкго билоба – тамыр кеңейткіш әрекет етеді, қан тамырларының қабырғаларының созылымдылығын арттырады, көз құрылымдарын қанмен қамтуды жақсартады. Антиоксиданттық әрекет етеді, ақыл-ой қызметін белсендіреді, ағзаның қартаюына байланысты күйлер кезінде, мысалы, есте сақтау, есту және көру қабілеттері нашарлаған кезде қолданылады. Жасушаларды қорғайды және энергетикалық алмасуды жақсартады. Жоғары психикалық-эмоциялық және дене жүкемелері кезінде, зияткерлік жүктеме – оқу, емтихан тапсыру, жобалау белсенділігі кезінде ағзаға қолдау көрсетеді.

L-глутатион – көз бұршағында жоғары шоғырланатын күшті антиоксидант, көздерді токсиндермен зақымданудан қорғайды және жас ұлғаюына байланысты көз макуласының азғындауына жол бермейді.

Жүзім сүйекшелерінің сіріндісі ағзаға айқын антиоксиданттық әсер етеді, иммундық жүйені белсендіреді, қабыну үдерістерін азайтады, жас ұлғаюына байланысты өзгерістерге жол бермейді. Жүзім дәндерінің құрамында бар проантоцианидиндер қан тамырларының қабырғаларын нығайтады және қанның шеткері циркуляциясын жақсартады.

Мыс (глюконат) – иммундық үдерістерге қатысады, олардың кейбір буындарын ынталандырады, антиоксиданттық қорғанысқа ықпал етеді, ұлпалардың жазылуын күшейтеді.

Селен (L-селенометион) – антиоксиданттық ферменттердің құрылысына қатысып, көру мүшелерін қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайды, жас ұлғаюына байланысты көру қабілетінің нашарлауын тежейді. Өздігінен реттеу үдерісін күшейтеді, жасушалардың өмірлік циклін бақылайды, көру мүшелерінің аурулары кезінде жақсы емдік және профилактикалық әсер етеді, көздердің қабыну және инфекциялық үдерістеріне тосқауыл болады.

Пайдалы кеңестер: балалардың қолдары жетпейтін, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтаңыз.

Қарсы көрсетімдері: компоненттерге дербес төзімсіздік, жүктілік, бала емізу.

ББҚ. Дәрі болып табылмайды.
Қолдана алдында дәрігермен кеңескен жөн.


Бейне

қолдану< / b>

Ересектерге тамақтану кезінде күніне 1 капсуладан.


Елена

Ультраклиа – один из моих любимых продуктов. В настоящее время сложно представить жизнь без всевозможных гаджетов, а это - очень сильно нагружает органы зрения. Для того, чтобы уменьшить это негативное воздействие, хорошо принимать Ультраклиа по 1 капсуле 2 раза в день. Продукт оказывает комплексное воздействие на орган зрения. После его приема врач-окулист также отмечает улучшение состояния сосудов глазного дна.

Аты

, .

(-). 18 21.00 ( , 18.00), ( 18.00).

. . .