Арт. 7021
Францияда өндірілген RU.77.99.88.003.Е. 002814. 08.19 08.08.2019 ж
Құты, 60 капс.
Көру қабілетінің нашарлауы заманауи әлемдегі күрделі және өте көп таралған мәселе болып табылады. Оның көптеген себептері бар: тұқым қуалаушылық, жас ұлғаюына байланысты өзгерістер, жұмыста немесе мектепте көзге көп жүктеме түсуі, ультракүлгін сәуленің зиянды әсері және нашар экология. Әрқайсымыз күніне бірнеше сағат бойы пайдаланатын гаджеттерді, планшеттерді, смартфондар мен компьютерлерді бөлек атап өту маңызды.
Мынадай жағдайларда көру атқарымына қолдау көрсету ерекше маңызды:
• офтальмологиялық ауруларға туа біткен бейімділік;
• кітап оқыған, контакт линзаларын таққан, компьютермен жұмыс істеген кезде көз талуы (көздердің шаршауы және ауыруы);
• көздерге ота жасағаннан кейін қалпына келуі;
• жас ұлғаюна байланысты өзгерістері, соның салдарынан ағза ресурстарының жылдам жаңарудан қиын өтуі;
• диабеттік ретинопатия;
• қараңғыда көруге бейімделу механизмдерінің бұзылуы.
Активижн Плюс – көру жітілігінің сақталуына және көру аппараты мүшелерінің қалпына келтірілуіне, сондай-ақ көз торын ультракүлгін сәуледен қорғауға және қанның микроциркуляциясын (айналымын) жақсартуға бағытталған, жеңіл сіңетін түрдегі дәрумендер мен минералдардың табиғи кешені.
Активижн Плюс кешенінің құрамында табиғи ингредиенттер – көкжидек және бүлдірген жемістерінің сірінділері, бета-каротин, лютеин және маңызды В2 дәрумені, сондай-ақ ерекше биологиялық қолжетімді түрлердегі Мырыш пен Селен минералдары бар, бұл олардың тиімділігін және жылдам сіңуін бірнеше есе арттырады.
Активижн Плюс кешенінің бірегей ерекшелігі болып өндіріс технологиясы – фитомикросфералау табылады, ол биологиялық белсенді заттардың сіңу коэффициентін арттыруға және пайдалы қасиеттерін барынша пайдалануға мүмкіндік береді!
Көру қабілетіне арналған Активижн Плюс кешені:
· Көру жітілігін арттырады
· Көз жасушаларының жаңару үдерісін жеделдетеді
· Олардың мерзімінен бұрын жойылуына тосқауыл болады
· Тор көзінің ауруға шалдығу тәуекелін төмендетеді
· Көру мүшелерінің шаршауын басады
· «Құрғақ көз» синдромының дамуына тосқауыл болады
· Ымырт көруді күшейтеді
· Көздердегі қан айналымын күшейтеді және қан тамырларын нығайтады
Көкжидек жемістерінің сіріндісі
Көкжидектің дәрумендері мен микроэлементтерінің бірегей құрамы көздердегі қанағым мен зат алмасу үдерістерін белсенді ынталандырады, заттарды айқын көру үшін жауап беретін родопсиннің шығарылуын ынталандырады, бұл көздерді және қан жүретін қантамырларын нығайтады, құрғақ көз синдромын кетіруге көмектеседі.
Бүлдірген жемістерінің сіріндісі
Бүлдіргеннің экологиялық таза жемістерінен алынған органикалық қышқылдар мен дәрумендер көздерді ультракүлгін сәуледен қорғайды, ал антоциандар көру жітілігін ұзақ жылдар бойы сақтауға көмектеседі.
Бета-каротин
Көру қабілетін қалпына келтіруге, тор көзінің атқарымдық мүмкіндіктерін қалыпты етуге, құрғақ көз синдромынан құтылуға, шел басу (катаракта) дамуының алдын алуға, көздің дистрофиялық ауруларын болдырмауға көмектеседі.
Мырыш
Қуықалды безінің қалыпты қызмет етуі үшін қажет тестостеронның синтезіне қатысады, иммунитеттің көтерілуіне ықпал етеді, көру қабілетін жақсартады, жас ұлғаюына байланысты көру қабілетінің нашарлауының алдын алады. Мырыш көру қабілеті үшін ең маңызды дәрумен – А дәруменінің сіңуі үшін қажет.
«Активижн Плюс» кешенінде мырыш глюконат түрінде бар, бұл оның биологиялық қолжетімдігі мен тиімділігін бірнеше есе арттырады.
L-селенометионин
Антиоксиданттық әрекет етеді, қартаюды тежейді, иммунитетті арттырады және микроциркуляцияны жақсартады. «Активижн Плюс» кешенінде селен органикалық түрде болады, бұл бейорганикалық ұқсас заттармен салыстырғанда оның тиімділігін айтарлықтай арттырады.
Лютеин
Зиянды ультракүлгін сәулеленуді 40%-ға дейін кідіртеді, ымырт көру жітілігін жақсартады және көру мүшесінің қартаюын тежейді.
Біздің ағзамызда лютеин синтезделмейді, сондықтан оны сапалы қоспаның көмегімен жеткізуді қамтамасыз ету өте маңызды.
В2 дәрумені
Көз торын ультракүлгін сәуледен және агрессиялық факторлардан қорғайды, шел басудың (катаракта) алдын алады.
Құрамы: қаражидек жемістерінің сіріндісі, бүлдірген жемістерінің сіріндісі, мырыш глюконаты, бета-каротин, лютеин, L-селенометионин, рибофлавин (В2 дәрумені).
Қарсы көрсетімдері: компоненттерге дербес төзімсіздік, жүктілік, бала емізу.
ББҚ. Дәрілік құрал болып табылмайды.