Витамакс – Ресей мен ТМД аумағындағы тікелей сату компаниясы. 30 жылға жуық уақыт бойы біз адамдарға салауатты және әдемі өмір туралы армандарын орындауға көмектесіп келеміз!
ВИТАМАКС компанисы– бұл мүмкіндік:
Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығына қамқорлық жасап, ұлт денсаулығын сақтауға үлес қосу;
Сүйікті іспен айналысу арқылы және адамдардың сау, әрі бақытты болуына көмектесу арқылы қаржылық тәуелсіздікті қалыптастыру;
Үздік сарапшылардан жаңа білім алу, жаңа мамандықтарды меңгеру – нутрициолог, велнес-кеңесші;
Арманға жету жолында қолдау көрсетуге дайын пікірлес адамдар ұжымында сенім мен сүйіспеншілік жағдайында жұмыс істеу.
Тіпті ең күрделі әлеуметтік-экономикалық кезеңдерде де Витамакс компаниясы дамуын жалғастыруда: біз тұрақсыздық жағдайларын одан әрі өсу мен нығайту үшін сынақ және мүмкіндік ретінде қабылдаймыз.
ВИТАМАКС компаниясы туралы 10 факт:
1. Компания Ресей нарығында 1994 жылдан бастап жұмыс істейді.
2. Көптеген қалаларда компанияның Сервистік және Өкілетті Дистрибьюторлық орталықтары ашылды, Қазақстанда Өкілдік ашылды, Қырғызстанда өнімдерді ұлттық валютамен төлеуге мүмкіндік беретін интернет-портал құрылды. Басқа елдерде өкілдіктер ашу жоспарлануда.
3. ВИТАМАКС компаниясының барлық өнімдері халықаралық стандарттарды толық сақтай отырып, өсімдіктерден, минералдардан және жануарлардан алынатын табиғи шикізат негізінде дайындалады.
4. Компанияның өнімдерін Ресей, АҚШ, Тайвань, Франция сияқты елдердің әлемге танымал сарапшылары мен үздік мамандары өндіріп шығарады.
5. Бірегей патенттелген формулалардың авторлары Ресей, АҚШ, Франция, Тайвань, Австралиядан келген медицина, биохимия нутрицевтика, диетология салаларының жетекші ғалымдары мен мамандары болып табылады.
6. Компания өнімдерін құрудың әрбір кезеңі GMP (Good Manufacturing Practice) халықаралық сапа стандартының талаптарына сәйкес қатаң бақыланады.
7. 2012 жылдан бастап ВИТАМАКС қызметі салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған компанияларды, ғылыми қауымдастықтар мен ұйымдарды біріктіретін GPA – Серіктестердің Жаһандық Альянсының құрамына кіреді.
8. Мамандандырылған кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында компания серіктестері ВИП Академиясы мен Табиғи Медицина университетінде (Калифорния, АҚШ) білім алады.
9. ВИТАМАКС компаниясы балалардың денсаулығын сақтауға бағытталған қайырымдылық акцияларына («Мейірімділік сиқыры», «Бірге көмектесейік») үнемі қатысады.
10. ВИТАМАКС – бұл миллиондаған көңілі толған клиенттер, олардың көпшілігі Компанияның серіктестері бола бастайды.
Компанияның марапаттары
ВИТАМАКС компаниясы бірнеше ұлттық және халықаралық марапаттарға ие болды:
физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Илья Мечников атындағы алтын медаль
Ресейдің көрнекті қоғам және мемлекет қайреткері Екатерина Дашкова атындағы құрмет медалі
Халықаралық Табиғи Медицина қоғамының Гиппократ Ордені
Пауль Эрлих атындағы Еуропалық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының Естелік медалі
ВИТАМАКС компаниясының адамдардың денсаулығын сақтауға қосқан үлесі халықаралық көремелерде бірнеше рет дипломдармен және медальдармен марапатталған.
2019 жыды Витамакс компаниясының үш өнімі Ресейдегі ең беделді СӨС - Live Organic Awards 2019 премиясының номинанттары атанды:
Коллоидті күміс тіс пастасы – «Үздік тіс пастасы» номинациясы
Detox-коктейль Нутрисорб – «Детокстың үздік курсы» номинациясы
Виталаминария – «Үздік пайдалы сусын» номинациясы
2020 жылы ВИТАМАКС компаниясы Green Awards Премиясына – СӨС және саналы тұтыну саласындағы Бүкілресейлік Ұлттық Премиясына қатысты. ВИТАМАКС компаниясының Цепролонг Плюс және Коллаген Про өнімдері «Денсаулық пен сұлулыққа арналған СӨС -қоспалар мен суперфудтардың үздік бренді» номинациясының финалистері атанды.
2021 жылы Нутрисорб өнімі «Үздік ББҚ» номинациясында Green Awards Премиясының финалисті болды.
2021 жылдың қорытындысы бойынша ВИТАМАКС компаниясы «Индустриядағы үздік кәсіпорын 2021» мәртебесіне ие болды.
ВИТАМАКС компаниясына қосылыңыз – бірге біз салауатты және әдемі өмір туралы арманымызды жүзеге асырамыз!