KZ RU
Салауатты мәдениетті қалыптастыру
1994 жылдан бергі өмір
0
Себет

Как эффективно избавиться от паразитов?
06.10.2022

Жер бетіндегі тұрғындардың әрбір екіншісі ағзада паразиттердің болуына байланысты зардаптарға тап болады. Ең жиі кездесетін құрт инвазиялары – аскаридоз, трихоцефалез және анкилостомоз – 1,5 миллиардтан астам адамға әсер етеді. Дүние жүзіндегі көптеген адамдар қарапайымдылармен ауырады: мысалы, лямблиоз, статистикаға сәйкес, әлем халқының 10%-ында кездеседі. Жұғу қаупін қандай факторлар арттырады, шақырылмаған қонақтар денсаулыққа қандай зиян келтіруі мүмкін, паразиттерден қалай тез және тиімді құтылуға болады? 

Паразиттер ағзаға нашар жуылған көкөністермен, жемістермен, шөптермен, сумен, балықпен – шикі немесе термиялық өңдеуден нашар өткен өнімдермен бірге түсуі мүмкін. Жұғудың көздері: жануарлар, жәндіктер және басқа адамдар арқылы болуы мүмкін.    

Паразиттерді жұқтырудағы ең осал топ – балалар. Тіпті ең мұқият және тазалықты сақтайтын ата-аналарға баланың гигиеналық ережелерін мұқият сақтауын бақылау қиынға соғып жатады. Сонымен қатар, айналасындағы қоршаған барлық нәрсенің «дәмін татып көретін» нәресте де, аулада ойнап немесе жануарлармен байланыста болғаннан кейін қолын жууды ұмытып кеткен үлкен бала да, тіпті жуылмаған алма жеуге асыққан жасөспірім де жұқтыруы әбден мүмкін. 

Жаз бен күздің басы – біз жаңа піскен көкөністерді, жемістерді, жидектер мен шөптерді тұтынатын уақыт, ал балалар үшін бұл мезгілдер таза ауада ойнау маусымдары. Жыл бойына немқұрайлылығыңыздың жемісін алу үшін гигиеналық ережелерді бір рет ғана сақтамау жеткілікті.


Паразиттер адам ағзасына қандай әсер етуі мүмкін?

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы сарапшыларының пікірінше, гельминттердің адам ағзасына патогендік әсер ету механизмі өте жоғары, әртүрлі:

●     ағза тіндерінің механикалық зақымдануы, мысалы, ішек қабырғаларына бекітілуі, паразиттің ішек қабырғасы арқылы қанға енуі және т.б.;

●     есекжем, безгек ұстау, ісіну, ішек қабырғасының, бронхтың, өт жолдарының аллергиялық қабынуымен көрінетін ағзаның аллергиясы;

●     ішек микробиотасының (микрофлорасының) өзгеруі, патогенді және шартты-патогенді микроағзалар үлесінің жоғарылауы;

●     иммунодепрессивті әсер – инфекциялық аурулар паразитоз аясында аса ауыр өтеді;

●     паразиттердің құнды ақуыздарды, майларды, көмірсуларды, дәрумендер мен микроэлементтерді тұтынуына байланысты зат алмасу процестердің бұзылуы;

●     интоксикация - шаршаудың жоғарылауымен, бас ауруымен, ашушаңдықпен, көңіл-күйдің төмендеуімен, ұйқының бұзылуымен, есте сақтау қабілетінің нашарлауымен, бұлшықеттер мен буындардың ауырсынуымен, терінің бозаруымен, терінің «жер» түсінің көрінісімен көрінетін паразиттердің улы өнімдерімен алмасу арқылы ағзаны уландырады;

●     антиферменттердің  - паразиттерді ас қорытудан қорғайтын заттардың әсерінен ас қорыту процестерінің бұзылуы ;

●     ісіктердің даму қаупінің жоғарылауы –описторхоз аясында бауыр қатерлі ісігі, несеп-жыныс шистосомозы – папилломалар мен қуық қатерлі ісігі жіне т.б.

Жоғарыда көрсетілген көріністер балалар мен ересектерде табылса, ағзадағы паразиттерді анықтауға бағытталған тексеруден өту маңызды.


Паразиттерді анықтауға қандай әдістер көмектеседі?

Паразитоздың диагностикасы нәжіс үлгілерінен жұмыртқаға немесе паразиттерге тексеру, анус аймағындағы тері қатпарларын қыру жүргізілуі мүмкін (мұнда ұсақ құрттардың, шошқа және сиыр таспақұрттарының жұмыртқалары табылуы мүмкін).

Инмуноферментті қан талдауы белгілі бір паразиттерге антиденелерді анықтауға көмектеседі – бұл әдістің сенімділігі 50-60% құрайды. Өкінішке орай, антиденелер барлық науқастарда табылмайды, паразиттердің өздері иммундық реакциялардың дамуын тежеуге қабілетті.

Жалпы қан талдауындағы бірқатар өзгерістер ағзада паразиттердің болуын көрсетуі мүмкін: эозинофилдер деңгейінің жоғарылауы (көбінесе эозинофилия жұқтырудан кейін 3-4 апта уақыт өткеннен кейін анықталады), лимфоциттер мен моноциттер. Бауыр мен өт жолдарына әсер ететін паразиттермен (лямблия, описторхис, мысық қос езуінің жұмыртқалары, токсокарлар) жұқтырылған жағдайда биохимиялық қан талдауында билирубин мен бауыр ферменттерінің (АЛТ, АСТ) жоғарылауы анықталуы мүмкін.

Диагностиканың аспаптық әдістері паразиттердің өзін де, олардың болуы мен белсенділігіне байланысты ағзадағы өзгерістерді де анықтауға көмектеседі. Сонымен, бауыр мен өт қабынуын ультрадыбыстық диагностикасы (УДД) қабырғалардың қалындауын және өт жолдарының қалыптан тыс қисықтарын, бауыр тініндегі кисталарды көруге мүмкіндік береді. Компьютерлік томографияның көмегімен өкпе мен мидағы паразиттерді анықтауға болады.


Паразитозды емдеудің заманауи тәсілдерінің кемшіліктері

Ағзадағы паразиттерді анықтағаннан кейін дәрігер паразиттерге қарсы препараттарды тағайындайды. Олардың әсер ету механизмдері әртүрлі болуы мүмкін: паразиттің ағзасындағы зат алмасу процестерінің бұзылуы, көбеюдің тежелуі, жүйке жасушаларынан бұлшықеттерге импульстардың өткізілуінің блокадасы (бұл сал ауруына әкеледі), қорғаныс қабаттарының бұзылуы (нәтижесінде паразиттердің қорытылуына әкеледі), белгілі бір иондар үшін жасуша мембраналарының өткізгіштігінің өзгеруі, жасуша ішіне ену және нуклеин қышқылдарының синтезінің тежелуі (лямблиозды, амебиазды емдеуге арналған препараттар осылай әрекет етеді).

Паразитозды емдеудің заманауи схемаларының бірқатар кемшіліктері бар:

-     көптеген препараттар паразиттерге ғана емес, адамның өзіне де улы;

-     паразиттердің көп мөлшерде бірден қырылуы кезінде оларды ағзадан дереу эвакуациялау шаралары болмаған кезде ауыр интоксикацияның жүруі;

-     паразиттер дәрілік заттарға төзімділікті дамыта алады, бұл дозаны арттыруды, басқа препараттарды, дәрілік заттардың комбинацияларын тағайындауды талап етеді, бұның барлығы ағзаға улы жүктемені арттырады;

Терапияның мақсаты паразиттерден құтылу емес, сонымен қатар бұзылуларды жою, олардың ағзада болуы нәтижесінде зардап шеккен ағзалар мен жүйелердің жұмысын қалпына келтіру болуы керек екенін түсіну маңызды.


Инвасап Про және Инвазион Про: паразиттерден құтылу және денсаулықты кешенді қалпына келтіру

Инвасап Про және Инвазион Про – құрамдас бөліктері паразиттерден тиімді арылуға, олардың ағзада болуымен байланысты жағымсыз салдарын жоюға, жалпы денсаулық жағдайын жақсартуға көмектесетін ВИТАМАКС компаниясының өнімдері.

Инвасап Про – қалампырдың, сарымсақтың, итшомырт қабығының, зімбір тамырының, аңдыздың, рауғаштың, батпақты иір тамырсабағының сығындыларынан тұратын кешен.

Кешеннің құрамдас бөліктерінің әрқайсысы паразиттерден арылуға, олардың ағзадан жұмсақ шығарылуына ықпал етеді. Инвасап Про гельминттерге (жетілген паразиттер, дернәсілдер, жұмыртқалар) қарсы тиімді, энтеробиоз (үлкен емес дөңгелек құрттар), аскаридоз, токсокароз, трихоцефалез, шистосомоз, тениаринхоз (сиыр таспақұрты), трихинеллез, гименолепидоз (кішкене таспақұрты), сондай-ақ қарапайымдылар, шартты-патогенді және патогенді микроағзалар, адамның зеңдік патогендерінің 13 түрінің белсенділігін тежейді.

Патогендік және шартты-патогендік микроағзалардың, соның ішінде Candida albicans қатысуымен түзілген биопленкаларға жойқын әсер етеді. Ішек дисбиозынан көмектеседі, шіру мен ашу процестерін басады, жұмсақ өт айдайтын әсерге ие, ферменттердің жұмысын қолдайды. Кешенді қабылдау аясында ағзаға улы жүктеме төмендейді, жалпы әл-ауқат жақсарады, инфекцияларға төзімділік жоғарылайды және паразиттермен қайта жұқтыру қаупі төмендейді.

Инвазион Про кешенінің құрамына грейпфрут сүйектерінің, грек жаңғағының, асқабақ тұқымының, жолжелкен жапырағының, сүт ошаған жемістерінің, қалампыр ұнтағының, даршын қабығының, кәдімгі түймешетен гүлдерінің сығындылары кіреді. Инвазион Про — гельминттердің жұмыртқалары мен дернәсілдеріне әсер ететін айқын паразиттік әсері бар кешенді өнім.

Кешеннің құрамдас бөліктеріндегі сапониндер, гликозидтер, полисахаридтер, таниндер паразиттердің метаболизмі мен қозғалтқыш белсенділігін тежейді, ішектегі спазмдарды жояды, олардың ағзадан шығарылуын жеңілдетеді. Инвазион Про өнімі вирусқа және бактерияға қарсы әсерге ие, анаэробтармен және қарапайымдылармен, соның ішінде амебалармен тиімді күреседі.

Инвазион Про өнімін қабылдау аясында гельминттерден туындаған қабынудың белсенділігі төмендейді, ас қорыту жақсарады және шырышты қабаттардың қалпына келу процестері басталады. Кешеннің белсенді компоненттері иммуномодуляциялық әсерге ие, асқазан-ішек жолындағы шіру және ашыту процестерін басады, ішек микробиотасының сапалық және сандық құрамын қалыпқа келтіреді, бұл өз кезегінде ағзаның жалпы сауығуына, интоксикацияның төмендеуіне және әл-ауқаттың қалыпқа келуіне ықпал етеді.

Максималды антипаразитарлық және детоксикациялық әсер ету үшін Инвазион Про кешенімен бірге Инвасап Про өнімін қолдану ұсынылады. Бұндай тәсіл жетілген паразиттерден де, олардың дернәсілдері мен жұмыртқаларынан да тиімді құтылуға болатынын көрсетеді.

Инвазион Про және Инвасап Про кешендерін паразиттерден құтылу үшін ғана емес, жұқтырудың алдын алу үшін де қолдануға болады. Дәстүрлі дәрі-дәрмектерге тән жанама әсерлердің болмауы, жұмсақ әсер ету, интоксикациямен тиімді күресу, ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсарту, иммунитетті қолдау – кешендердің осы қасиеттердің барлығы паразиттерден арылуға, олардан туындаған зақымдануды және денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік береді!

 

/company/news/grafik-raboty-internet-magazin2/

Жаңалықтар

Барлық жаңалықтар