KZ RU
Салауатты мәдениетті қалыптастыру
1994 жылдан бергі өмір
0
Себет

Синбиотики в профилактике диареи путешественников
01.08.2022

Саяхатта әр сәт алтынмен бағаланады! Саяхатшылар жаңа әсерлерден ляззат алып, тек жағымды тосынсыйларды күткілері келеді. Ішектегі құрысулар мен ауырсыну, жүректің айнуы, нәжістің бұзылуы, әрине, мұндай тосынсыйлардың қатарына кірмейді. Дегенмен, жолға шыққан адамдардың 30-70%-нда саяхатшылар диареясы кездеседі. Бұл мәселенің туындау себебі неде, оған ұшырау қаупін қалай азайтуға болады, ағзаңызды саяхатқа қалай дайындау керек?

Саяхатшылар диареясының себептері   

Жолда болатын асқазан - ішек жолдары (АІЖ) мәселелерінің негізгі себебі – бактериялық инфекция, ең алдымен ішек таяқшасының энтеротоксигенді штаммдары: көп жағдайда саяхатшылар диареясының 60-80%-н осымен байланыстырады. Шигелла (дизентерия қоздырғыштары), сальмонеллалар, йерсиниа және басқа да бактериялар ас қорыту жолдарына әсер етуі мүмкін. Көбінесе вирустар немесе қарапайымдар (амеба, лямблия) қоздырғыш ретінде әрекет етеді. Патогендік микробтар ластанған сумен немесе тамақпен бірге түседі.

Көбіміздің үйде жасайтын гигиеналық қателіктер – нашар жуылған жемістерді, көкөністерді, шөптерді, жаңа піспеген тағамдарды жеу жұқпалы аурулар қоздырғыштарының ағзаға енуіне байланысты денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Дегенмен, үйде жағдайды түзету үшін бізде көбірек мүмкіндіктер бар. Жолда пайда болатын ас қорыту бұзылыстары расында да күрделі мәселеге айналады. 


Симптомдары

Аурудың негізгі симптомдары – сұйық нәжіс (қоздырғышқа байланысты нәжістің қоюынан сұйыққа дейін), жүрек айну, құсу, іштің ауыруы және құрысуы, дене қызуының көтерілуі де байқалады. Симптомдар жұқтырған тамақ пен су (ішек таяқшасын, сальмонелла жұқтырған кезде) қабылдағаннан кейін бірнеше сағаттан кейін және кейбір жағдайларда 2 аптадан астам (мысалы, лямблияны жұқтырғанда) пайда болуы мүмкін.


Емдеу

Көп жағдайда ауру 3-5 күн ішінде өздігінен кетеді және арнайы емдеуді қажет етпейді, бірақ 10% жағдайда дәрігерге бару немесе тіпті ауруханаға жатқызу керек. Антибиотиктерді қабылдау және жоғалған сұйықтықты қайта қалпына келтіру және т.б. қажет болуы мүмкін.


Алдын алу шаралары

Саяхатшылар диареясының алдын алудың басты мақсаты – бұл жақсы гигиена. Бұл әсіресе санитарлық-гигиеналық стандарттарының бұзылуы жиі кездесетін ыстық климаты бар елдер мен аймақтарға (Орталық Азия, Үндістан, Африка) барған кезде өте маңызды.

●     Бөтелкедегі суды тек ішу үшін ғана емес, сонымен қатар тіс тазалау, бет жуу, жемістер мен көкөністерді жуу, ыдыс жуу үшін де пайдалану.

●     Қолды жуғаннан кейін қосымша антисектик қолдану.

●     Шикі жемістер мен көкөністерді таза сумен мүмкіндігінше ыстық сумен жуып, қабығынан тазарту керек.

●      Құрамында пастерленбеген сүт болуы мүмкін тағамдардан бас тартуға тырысу – балмұздақ, үй йогурттары және т.б.

●     Сенімді мекемелерде ғана тамақтану – мейрамханалар мен кафелерге барар алдында олар туралы пікірлерге бір шолу жасаған дұрыс.

●     Мұз қосылған сусындарға тапсырыс бермеу. Мейрамханалар мен кафелерде стақанның немесе кесенің шетіне ерінді тигізбей, сусындарды түтік арқылы ішуге тырысу.


Саяхатшылар диареясы және пробиотиктер

Тамақ пен судың құрамындағы патогенді микробтарға организмнің төзімділігін анықтайтын маңызды факторлардың бірі – ішек микробиотасының (микрофлорасының) жағдайы. Қорғаныс бактериялары ішектің шырышты қабатында патогендердің қосылуын болдырмайтын, микробтарға қарсы факторларды синтездейтін, жергілікті және жалпы иммунитеттің жағдайын жақсартатын биоқабықша түзеді. Мұның бәрі жұқтыру қаупін азайтады, әдеттен тыс тамақ пен суға бейімделуді жеңілдетеді және жұқтырған жағдайда тез қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.

Қорғаушы микробиотаны қолдаудың ең тиімді жолы – пробиотиктерді қабылдау. Бірқатар зерттеулер тірі пробиотикалық бактериялары бар өнімдер саяхатшылар диареясының қаупін айтарлықтай төмендететінін көрсетті. 2018 жылы Чеджу Ұлттық Университетінің (Корея Республикасы) ғалымдары жүргізген мета-талдау (көптеген зерттеулердің талдауы) саяхатшылар диареясының алдын алуда пробиотиктердің статистикалық басты тиімділігін көрсетті.

1977-2005 жылдар аралығында жасалған ғылыми жарияланымдардың мета-талдауы барысында АҚШ-тың Денсаулық сақтау саласындағы зерттеулер және дамыту департаментінің сарапшылары Lactobacillus acidophilus және Bifidobacterium bifidum пробиотикалық штаммдары саяхатшылар диареясының алдын алуға қатысты жоғары тиімді екенін анықтады.

Пробиотикалық бактериялардың қорғаныс әсерлерін толық жүзеге асыру үшін оларды пребиотиктермен бірге қолдану ұсынылады. Пребиотикалық компоненттер пайдалы микроағзалардың өсуін және көбеюін белсендіреді, сонымен қатар, интоксикация көріністерін азайта отырып, ішектен шығару мүмкіндігіне ие.


Саяхатшылар диареясының алдын алуға арналған ВИТАМАКС компаниясының синбиотиктері

ВИТАМАКС компаниясының синбиотикалық кешендері – ішектің қорғаныс микробиотасының күйін қалыпқа келтіруге, жалпы және жергілікті иммунитетті қолдауға және саяхатшылар диареясының қаупін азайтуға мүмкіндік беретін тиімді құралдар болып табылады. ВИТАМАКС компаниясының синбиотиктерінің құрамындағы тірі бактериялар мен пребиотикалық компоненттер бір-бірінің қасиеттерін өзара нығайта отырып және жоғары тиімділікті қамтамасыз ететін синергиялық принцип бойынша жұмыс істейді. Пробиотикалық компоненттер (тірі бактериялар) ішектің шырышты қабығындағы қорғаныс биоқабықшасын қалпына келтіруге, патогендік микробтарды ішектен шығаруға көмектеседі, ал пребиотикалық компоненттер (тағамдық талшықтар) пайдалы бактериялар үшін қоректік субстрат болып табылады және ас қорытуды қалыпқа келтіруге көмектеседі.

«Микробаланс 5» – синбиотик, құрамына бифидо- және лактобактериялар штаммдарының кешені, сондай-ақ инулин мен акация сағызының пребиотикалық компоненттері кіреді (Фибрегам В).

Эндофлора құрамында патогендік микробтарды белсенді түрде ығыстырып, ішектің шырышты қабатын колонизациялай алатын бифидобактериялардың алты штаммы, сондай-ақ пайдалы бактериялардың өсуі мен көбеюін ынталандыратын пребиотикалық компоненттер бар. 

ЛациНорм құрамында табиғи шыққан тірі лактобактериялардың жеті штаммы бар, олардың әрекеті пребиотикалық компоненттермен күшейтіледі.


Саяхат алдында микробиотаға (микрофлораға) тиімді қолдау үшін саяхаттан бір ай бұрын синбиотиктерді қабылдау курсын бастау және бүкіл сапар бойы қабылдауды жалғастыру ұсынылады. 

Келесі схемалар ұсынылуы мүмкін:

●     1 схема. Микробаланс-5 1-2 капсуладан таңертең және кешке аш қарынға тамақтан 30-40минут бұрын қабылдау;

●     2 схема. ЛациНорм өнімін 1-2 капсуладан таңертең, ал түнде 1-2 капсуладан Эндофлора өнімін қабылдау;

Таңертең синбиотиктердің әсерін күшейту үшін қосымша Жасыл сиқырлық өнімін, ал кешкі уақытта Нутриклинз өнімін қабылдау ұсынылады.

Саяхаттарыңыз тек жағымды әсер қалдыруын тілейміз!



Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Аликеева Г.К. Саяхатшылар диареясы / Г.К. Аликеева, Ющук Н.Д., Сундуков А.В. және т.б. // Емдеуші дәрігер.  2010. № 10.  34–39б.

2.Бабаян М.Л. Саяхатшылар диареясы / Педиатрия. Consilium Medicum. Журналына қосымша. 2013.  № 2. 50-52б.

3.Bae JM. Prophylactic efficacy of probiotics on travelers' diarrhea: an adaptive meta-analysis of randomized controlled trials. Epidemiol Health. 2018;40: e2018043. doi: 10.4178/epih. e2018043.

4.McFarland LV, Goh S. Are probiotics and prebiotics effective in the prevention of travellers' diarrhea: A systematic review and meta-analysis. Travel Med Infect Dis. 2019 Jan-Feb; 27:11-19. doi: 10.1016/j.tmaid.2018.09.007.

5.McFarland LV. Meta-analysis of probiotics for the prevention of traveler's diarrhea. Travel Med Infect Dis. 2007 Mar;5(2):97-105. doi: 10.1016/j.tmaid.2005.10.003.

/company/news/grafik-raboty-internet-magazin2/

Жаңалықтар

Барлық жаңалықтар