
ВИТАМАКС ҚАЗАҚСТАН «Сала көшбасшысы-2022» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасындағы ұлттық бизнес рейтингіне кірді.
Кәсіпорын мен саланың 2022 жылғы финанстық-экономикалық көрсеткіштерінің сараптамалық бағалау қорытындылары бойынша ВИТАМАКС ҚАЗАҚСТАН компаниясы Қазақстанның ҰЛТТЫҚ БИЗНЕС РЕЙТИНГІСІНЕ (ҰБР) кірді және «Сала көшбасшысы 2022» атты құрметті атағына ие болды.
ҰБР - көлемі, қызмет түрі және жұмыс географиясы бойынша ұқсас кәсіпорындардың табысы мен тұрақтылық деңгейін көрсетеді. Рейтинг 2022 жылы Қазақстанның 487 690 кәсіпкерлік субъектілердің тәуелсіз талдауы негізінде жасалған.
«Сала көшбасшысы» мәртебесін алу – беделді және лайықты:
- Мәртебе тәуелсіз ашық рейтингтік талдау нәтижелері бойынша беріледі.
- Кәсіпорын қызметінің тиімділігін растайды.
- Компанияның мемлекеттің әл-ауқатын арттыруға қосқан үлесін көрсетеді.
ВИТАМАКС компаниясы өз дамуын және өсуін жалғастыруда. 2020 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласында ВИТАМАКС-тың Қазақстандағы ресми өкілдігі ашылды. Осы қысқа мерзім ішінде ВИТАМАКС ҚАЗАҚСТАН компаниясының тұтынушылары мен бизнес-серіктестері арасында орасан зор табысқа қол жеткізді және өзін ұзақ уақытқа келген сенімді және болашағы зор серіктес ретінде көрсетті. Бұған көптеген факторлар әсер етті: жоғары сапалы өнімдер, Компанияның Миссиясы мен Құндылықтары, дамудың шексіз бизнес мүмкіндіктері, бизнес принциптері және т.б. Біз брендіміздің сапасы мен жетістігіне сенімдіміз және «Сала көшбасшысы 2022» лайықты марапатын қабылдауға қуаныштымыз!