Арт. 1510
АҚШ-та өндірілген. № 77.99.11.003.Е.010148.11. 14 06.11.2014 ж
Құты 90 капс.
Өмірдің заманауи ырғағы күйзелістерді, қартаюдың жылдамдауын, ас қорытудың бұзылуын ынталандырады, ағзаның шеміршек тініне және терісіне теріс әсер етеді. Спортпен кәсіптік деңгейде шұғылдану да буын шеміршектеріне және дәнекер тініне теріс әсер етеді. Шеміршек – буындардың патологиясы кезінде бірінші кезекте зақымданатын бөлік, бұл қимыл белсендігінің шектелуіне әкеп соғады.
Проселл Коллаген мен Гиалурон қышқылы нутриенттердің көзі болып табылады, олар ағзаның барлық құрылымдарын, әсіресе шеміршектер, буындардың синовиалық сұйықтығын және тері жамылғыларын нәрлендіреді және қолдау көрсетеді. «Проселл Коллаген мен Гиалурон қышқылы» кешенінің нутриенттері – гиалурон қышқылының биоқолжетімді нысанының, деполимеризделген хондроитинсульфаттың, метилсульфонилметан түрінде биоқолжетімді нысанды II типті коллагеннің композициясы, ол шеміршек тініндегі зат алмасу үдерістерін қолдауға және қалыпқа келтіруге ықпал етеді, осылайша буындардың жас күйі мен саулығын сақтайды.
II типті коллагеннің патенттелген биоқолжетімді нысаны өзіндік коллагеннің синтезін және жаңа шеміршек тінінің қалыптасуын күшейтеді. Коллагеннің арқасында буындарда аурулар азаяды, ал ұзақ кезең ішінде күнделікті жүйелі түрде қабылдаған кезде сүйектер массасының және бұлшықет массасының тығыздығы ұлғаяды. Гидролизденген коллаген де майдың ыдырауына ықпал етеді, жоғары қысымды төмендетеді және аутоиммундық үдерістердің даму тәуекелін азайтады, созылмалы шаршаңқылықты басады, қан тамырының қабырғасын нығайтады. Коллаген гидролизатын қолдану шаш түсуіне және тырнақтың қатпарлануына тосқауыл болады, теріге байланысты мәселелерді азайтып, оның күйі мен құрылымын жақсартады, серпімдігін, тығыздығын, тонусын, икемдігін арттырады.
Кешеннің құрамына кіретін гиалурон қышқылы шеміршек тінінде, буындардың синоваилық сұйықтығында, шыны тәріздес денеде, қан жүретін тамырларда және теріде болады. Жас ұлғайған сайын терідегі және басқа құрылымдардағы гиалурон қышқылының мөлшері азаяды және құрамында гиалурон қышқылы бар кешендерді тұрақты қабылдау ылғалды кідіртіп, ағзаның қартаюын тежейді.
«Проселл Коллаген және Гиалурон қышқылы» өнімінде айқын хондропротекторлық қасиеттерге ие хондроитинсульфат бар, ол: буын шеміршегінің деградациясын тудыратын ферменттердің белсендігін басады; қабынуларды және ауру факторларын төмендетеді; регенерация мен метаболизмді ынталандырады және буындардың шеміршегі беткі қабатында қалпына келтіруге және «майлауға» ықпал етеді.
Кешеннің ингредиенттерінің құрамындағы метилсульфонилметан дәнекер тінінің, көктамырлық және күретамырлық қан тамырларының тіндерінің, буынның беткі қабаттары мен сіңірлердің биосинтезі үшін биологиялық белсненді күкірт көзі болып табылады. Қабынуға қарсы, антиоксиданттық әрекет етеді. Буындардың шеміршек тінінің, тырнақтар мен шаштың сау күйде болуына қолдау көрсетеді, ас қорыту жүйесінің күйін жақсартады. «Проселл Коллаген және Гиалурон қышқыл» кешені буындарға оң әсер етіп, олардық толыққанды жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Өнімнің арқасында әжімдер тегістеледі, тері серпімділік пен иілгіштікті иеленеді, бүкіл ағзаның қартаюы тежеледі!
Сау және сұлу болу үшін әр адамға «Проселл Коллаген және Гиалурон қышқыл» бірегей биоқолжетімді кешені күнделікті қолдану қажет!
Құрамы: коллаген, хондроитинсульфат, гиалурон қышқылы, метилсульфонилметан.
Ингредиенттердің қасиеттері:
Коллаген – ағзаның дәнекер тінінің (сіңір, сүйек, шеміршек, нағыз тері) және т.с.с.) негізін құрайтын және оның беріктігі мен серпімдігін қамтамасыз ететін ақуыз. Коллаген көп жасушалы жануарларда анықталды. Бұл – дәнекер тінінің негізгі компоненті және сүт қоректілерде көп таралған протеин, денедегі барлық протеиндердің 25%-нан 35% дейін құрайды.
Метилсульфонилметан – жасушалардың жаңаруына қатысады, жасушалық мембраналарға қоректік заттарды өткізуге көмектеседі. Ағзаға пайдалы заттардың сіңуін жақсартады, оның тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді.
Хондроитинсульфат – полимерлік сульфатталған гликозаминогликандар. Компоненттерін буындардың шеміршек тіні шығарады, синовиалық сұйықтықтың құрамына кіреді.
Гиалурон қышқылы – дәнекер, эпителий және жүйке тіндерінің құрамына кіретін сульфатталмаған гликозаминогликан. Жасушадан тыс матрикстің негізгі компоненттерінің бірі болып табылады, көптеген биологиялық сұйықтықтардың (сілекей, құрамында синовиалды сұйықтық және т.б.) болады, көптеген ұлпалардың (тері, шеміршектер, шыны тәріздес дене) құрамына кіреді. Осы ұлпалармен байланысты ауруларды (катаракта, остеоартрит және т.б.) емдеген кезде, синовиалды сұйықтықтық эндопротездер; офтальмологиялық оталарға арналған хирургиялық ортада; косметологиялық хирургияда ұлпаларды жұмсартуға және әжімдерді толтыруға арналған препараттарда (соның ішінде тері ішілік инъекцияларда) қолданылады.
Пайдалы кеңестер: балалардың қолдары жетпейтін, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтаңыз.
Қарсы көрсетімдері: жүктілік, бала емізу, өнімнің компоненттеріне дербес төзімсіздік. Антикоагулянттармен бірге қабылдамаңыз.
ББҚ. Дәрі болып табылмайды.
Қолданар алдыда дәрігермен кеңескен жөн.