ВИТАМАКС өнімдерін әлемге әйгілі сарапшылары және Ресей, АҚШ, Тайвань, Украина, Франция сияқты елдердің үздік мамандары өндіріп шығарады!
ВИТАМАКС ББҚ өндіру нарығында жетекші орын алатын компаниялардың серіктесі болып табылады:
• New Spirit Naturals (АҚШ)
• Paragon Laboratories (АҚШ)
• Michel Iderne Group (Франция)
• «Алина Фарма» ЖШС (Ресей)
• «Техплассервис» ЖШС (Ресей)
• «TDS» ЖШС (Ресей)
• «Ситерна» ЖШС (Ресей)
• Chung Cheng Electrical Heating Co (Тайвань)
New Spirit Naturals компаниясы (NSN) 1981 жылы Сан-Димаста (Калифорния штаты, АҚШ) құрылды және 40 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келеді. Компания өз миссиясын "Ниетпен тамақтану" (Nutrition with Intention) ретінде анықтайды.
Бүгінгі таңда New Spirit Naturals компаниясының өнімдері 35-тен астам елде ұсынылған, оны миллионнан астам адам пайдаланады, оның ішінде дәрігерлер, нутрициологтар, натуропаттар, диетологтар, тамақтану жөніндегі кеңесшілер, ата-аналар мен балалар!
Компанияның негізін қалаушы және президенті Лэрри Дж. Майлэм, клиникалық нутрициология саласындағы доктор (Clinical Nutrition PhD), интегративті медицина бойынша сертификатталған маман, нутрициология бойынша сертификатталған кеңесші (CNC), Табиғи Медицина Университетінің президенті. Витамакс компаниясының негізгі өнімдер формулаларының авторы.
Доктор Мэйлемнің айтуынша,Компания мамандарының алдына қойған негізгі міндеті – адамның сұлулығы мен денсаулығын шынайы және ұзақ уақыт сақтауға көмектесетін формулалардағы табиғи ингредиенттердің күшін ашу.
Нутрицевтиктерді өндіру үшін компания ең үздік шикізатты пайдаланады – оның жеткізу мемлекеттері Азия, Орталық Америка, Еуропа елдері болып табылады.
New Spirit Naturals компаниясы туралы фактілер:
New Spirit Naturals компаниясы өнімдердің формулаларын үнемі жетілдіріп отырады, табиғи компоненттерді алу үшін инновациялық технологияларды қолданады және адам ағзасының ішкі және сыртқы жаңару қабілетін қолдайтын жаңа қуатты биологиялық белсенді ингредиенттер жасап шығарады!
1994 жылы New Spirit Naturals пен ВИТАМАКС компаниялары арасында ТМД мен Украинада NSN өнімдерін таратуға қатысты келісімге қол қойылды.
2011 жылы Калифорнияда (АҚШ) NSN сарапшылары құрған New Spirit Naturals, ВИТАМАКС компаниялары мен Табиғи Медицина Университеті арасында GPA – Жаһандық Серіктестер Альянсы құрылды.
Компанияның өнімдерін FDA – АҚШ Денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету департаментінің азық-түлік және дәрі-дәрмектермен қаматамасыз ету агенттігі мақұлдаған және тіркеген.
New Spirit Naturals компаниясының өндірісі GMP ("Good Manufacturing Practic" – Тиісті өндірістік тәжірибе) стандарттарына сәйкес келеді. GMP Халықаралық стандарты Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының қатысуымен әзірленді, дәрілік заттарды, ББҚ және тамақ өнімдерін өндіруге қойылатын талаптарды айқындайтын негізгі стандарттардың бірі болып табылады.
GMP стандарттарына сәйкестік өндіріс процесінің өзіне және дайын өнімге қатысты тұрақты кешенді тексерулер (әрбір 6 ай сайын аудит) және өндірілетін өнімнің қауіпсіздігі мен жоғары сапасын қамтамасыз ететін өндірістің барлық параметрлерін реттеу жүргізілетінін білдіреді.
New Spirit Naturals компаниясының келесі лицензиялары бар:
Дәрілік өндіріске FDA Лицензиясы;
Азық-түлік өндірісіне FDA Лицензиясы;
Косметикалық өндіріске FDA Лицензиясы;
Органикалық өндіріске FDA Лицензиясы.
Компанияның сертификаттары:
The British Institute of Homocompathy, Inwersity of Natural Medicine, American Preventive Medical Association Certificate of Achierment, Certificate of Membership, Certificate of Achierment, Permit / Certificate, Application for cosmetic manufacturer registration, Indeferent cosmetic manufacturers and distibutors certificate that, Registration of drug establishment labeler code assignment, California State Naturopathic Medical Assocation.
Paragon Laboratories – 50 - жылдық тарихы бар компания, АҚШ-тағы нутрицевтиктерді өндіру саласындағы көшбасшы. Компания Лос-Анджелестің маңындағы Торранс қаласында орналасқан. Paragon Laboratories жұмысының негізінде жоғары сапалы тағамдық қоспаларды өндіру үшін тек үздік шикізатты пайдалану қағидаты жатыр.
Paragon Laboratories негізін қалаушылары - ағайынды Джей және Ричард Кауфман. 1971 жылы олар азық-түлік қоспаларын өндіруде көшбасшы болатын компания құру туралы армандады. Ағайынды Кауфмандар ББҚ GMP халықаралық сапа жүйесін енгізудің әзірлеушілері мен бастамашыларының бірі болды.
Қазіргі уақытта, Джей Кауфман компанияның президенті,Ричард Кауфман - компанияның вице-президенті, компанияның бас операциялық директоры болып табылады.
Paragon Laboratories компаниясы туралы фактілер:
50 жыл ішінде компанияда жоғары сапалы нутрицевтиктерді өндіруді қамтамасыз ететін 200-ден астам технологиялық процедуралар әзірленді. Шикізат ингредиенттері өндіріске түскеннен бастап дайын өнім алғанға дейін компанияның сарапшылары – химиктер, биотехнологтар, микробиологтар – өнімнің сапасына әсер ететін барлық көрсеткіштерді тексереді, өлшейді және тіркейді.
Компанияның сертификаттары:
GMP (Good Manufacturing Practices), QAI (Оrganic certification), Natural Products Association, NSF International Certification, NSF developed the Certified for Sport, UL third-party accredited, USDA Organic, Health Canada, GF (Gluten-Free Certification), NOP, RIBUS (Certified Contract Manufacturer Program).
1975 жылы құрылған Michel Iderne Group компаниясы Францияның солтүстік-шығысында (Росайм, Төменгі Рейн) Германия және Швейцария шекарасында орналасқан. Компания президенті – танымал фармацевт Мишель Идерн, Халықаралық Биогендік Медицина және Интеграциялық Филология қоғамының (SIMEPI) мүшесі, Француздық Фитоароматерапия қоғамының (SFPA) мүшесі.
Компания туралы фактілер:
·
Компания фармакологиялық және табиғи медицинаның инновациялық технологияларын пайдалана отырып, дәрілік өсімдіктер мен өсімдік сығындыларын заманауи дәрілік препараттарға біріктіруге маманданған.
Michel Iderne Group компаниясының бірегей зерттеу бағыттары - фитомикросферирлеудің түбегейлі жаңа технологияларын дамыту және молекулалық кешендерді игеру. Патенттелген экструзия-сферонизация процесінің көмегімен алынған микросфералар барлық климаттық жағдайларда компоненттердің жоғары тұрақтылығын қамтамасыз етеді, өнімдердің құрамында консерванттар мен тұрақтандырғыштардың болмауына қарамастан, өсімдіктердің белсенді ингредиенттерінің әсерін барынша оңтайландыруға, олардың ас қорыту жолдарында тез шығарылуын және сіңуін қамтамасыз етеді.
·
Michel Iderne Group компаниясының зертханаларында пайдаланылатын инновациялық технологиялар емдік шөптердің, дәрумендердің, минералдардың және басқа да бағалы өсімдік ингредиенттерінің табиғи теңгерімі сақталатын толық табиғи нутрицевтиктерді жасауға мүмкіндік береді. Микросфераларға негізделген өнімдердің әртүрлі жағдайлар мен ауруларды түзетудегі тиімділігі көптеген зерттеулермен расталады.
Компания өзекті нутрацевтикалық препараттарды жасау үшін жаңа компоненттерді ашу мақсатында үнемі дәрілік өсімдіктерді зерттеумен айналысады.
- Michel Iderne Group дәрілік өсімдіктерді, атап айтқанда, африкалық дәстүрлі медицинада қолданылатын өсімдіктерді зерттеуге ерекше назар аударады, – дейді компанияның негізін қалаушысы және басшысы Мишель Идерн. - Біздің командалар бүкіл әлем бойынша ғылыми топтармен серіктестікте жұмыс істейді. Осылайша, мысалы, Anthostema senegalense өсімдігін қолдануға қатысты зерттеулердің сенімді нәтижелері алынды-оның вирусқа қарсы қасиеттері жаңа коронавирустық инфекциямен күресте тиімді болды.
2002 жылы құрылған "Алина Фарма" компаниясы кең ауқымды қолдану үшін нутрицевтиктерді, диеталық, профилактикалық және мамандандырылған өнімдерді шығарумен айналысады.
"Алина Фарма" серіктестерімен бірге рецептураны әзірлеуден және тіркеу үшін құжаттарды дайындаудан бастап дайын өнімді шығаруға дейінгі өндірістің толық циклін жүзеге асырады. 2014 жылдан бастап ВИТАМАКС компаниясымен ынтымақтасып келе жатыр.
"Алина Фарма" компаниясының бас директоры – Медянцев Олег Александрович, инженер-биотехнолог
Компания туралы фактілер:
"Алина Фарма" компаниясы Инженерлік Иммунология Институты (ИИИ) – биологиялық қаруды әзірлеу үшін 1979 жылы құрылған жабық ғылыми мекеме негізінде пайда болды. Институт биоинженерия, иммунология саласындағы ғылыми іргелі және қолданбалы зерттеулермен, сондай-ақ қолданбалы зерттеулермен, оның ішінде өнеркәсіптік химия, физика және биология салаларындағы генетикалық биотехнологиялар инжинирингімен айналысады.
Компанияның зертханалары мен өндірістік алаңдары Мәскеу облысының Чехов ауданының Любучаны ауылында, ИИИ аумағында орналасқан.
"Алина Фарма" ЖШС серіктесі – "БИТРА" биотехнологиялық компаниясы болып табылады. Ол Ресей Федерациясындағы нутрицевтиктерді (тағамға арналған биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ)), диеталық, профилактикалық және кең спектрлі мамандандырылған мақсаттағы өнімдерді әзірлеумен және өндірумен айналысатын ең көне компаниялардың бірі.
ВИТАМАКС компаниясы үшін "БИТРА" ЖШС Дадали В.А. (химия ғылымдарының докторы, Мечников И.И. атындағы СБММУ биохимия кафедрасының профессоры, табиғи медицина бойынша PhD, табиғи медицина университетінің нутрициология бойынша сертификатталған кеңесшісі, халықаралық микронутриентология қауымдастығының (АҚШ) мүшесі)) және Шаповалова Л. М. (ВИТАМАКС ғылыми кеңесшісі, нутрициология бойынша сарапшы, фармаколог, биологиялық медицина докторы) формулалары бойынша әзірленген, нарықта теңдесі жоқ, бірегей өнім шығарады.
Компания 2002 жылдан бері жұмыс істейді. Негізгі бағыты – парфюмерлік және косметикалық құралдарды, балалар тағамы мен диеталық өнімдерді, сорпаларды, өзге де тамақ өнімдерін өндіру. 2017 жылдан бастап ВИТАМАКС компаниясымен жұмыс істеп келеді: Ламинария негізіндегі нутрицевтиктерді әзірлейді және шығарады. Өндіріс үшін Қиыр Шығыстың қоңыр балдырлары (Laminaria Japonica) қолданылады, олар Жапон және Охот теңіздерінің экологиялық таза суларынан алынады және әлемдегі ең жоғары органикалық йодпен, сондай - ақ бірқатар басқа құнды макро-және микронутриенттермен ерекшеленеді.
Компания 1992 жылдан бері жұмыс істейді. Негізгі бағыты – шәрбаттар мен байытылған тамақ өнімдерін өндіру. Өндірушінің негізгі принципі - табиғи компоненттермен жұмыс. Денсаулық өнімдерінің 100-ден астам түрін өндіретін "Денсаулық фабрикасы" холдингінің құрамына кіреді. Өндірісте білікті, сауатты қызметкерлер жұмыс істейді. Өндіріс өнімді құрудың әр кезеңінде сапаны тұрақты бақылауға мүмкіндік беретін өзінің зертханасымен жабдықталған.
2017 жылдан бастап ВИТАМАКС компаниясымен ынтымақтасып келеді: Шаповалова Л.М. (ВИТАМАКС ғылыми кеңесшісі, нутрициология бойынша сарапшы, фармаколог, биологиялық медицина докторы) бірегей формулалары бойынша әзірленген бальзамдар сериясын шығарады.
Компания 1993 жылдан бері жұмыс істейді. Негізгі бағыты – тұз өндіру. Ірі тұз өндіруші компаниялардың дилері болып табылады.
"Үздік өнім" Халықаралық байқауларының лауреаты. ВИТАМАКС компаниясы үшін (2016 жылдан бастап ынтымақтастық) "ТДС" ЖШС "Гималай тұзы" өнімін шығарады. Өндіру үшін пайдаланылатын өнім - Қызғылт Гималай тұзы Пәкістанда Гималай тауларының етегінде өндіріледі, оның құрамында 80-нен астам құнды минералдар бар, олар қажетті микроэлементтердің табиғи көзі болып табылады.
1978 жылы негізі қаланған компания денсаулық пен сұлулықты жақсартуға арналған жабдықтардың әлемге әйгілі өндірушісі болып табылады. Relax ® алыс инфрақызыл сәулеленудің денсаулыққа арналған бірегей құралдарын өндіруге маманданған (ВИТАМАКС компаниясының ассортиментінде энергетикалық инфрақызыл шам, энергетикалық капсула ұсынылған). Құрылғыларда ISO, GMP сертификаттары және инновациялар үшін көптеген халықаралық марапаттары да бар.
Компанияның миссиясы - адам денсаулығын қолдау, қартаюға және созылмалы аурулардың дамуына қарсы тұру.
Компания өнімдері АҚШ, Канада, Оңтүстік Америка, Германия, Қытай, Жапония және т. б. мемелекеттерде танымал. ISO9001:2008, Taiwan GMP, US FDA 510K, GS Certifications, C-TUV және т. б. сертификаттауларынан өтті.
Компанияның негізін қалаушы доктор Чанг Чунг, Питтсбургтегі (АҚШ) ең ірі өнертапқыштық шоуында алтын медальға және Тайвань Республикасы Президентінің қабылдауына ие болды.
Жүйелі Денсаулық Өнімдерінің желісінде ұсынылған әрбір өнім ВИТАМАКС Компаниясының негізгі миссиясын жүзеге асыруға үлес қосуы тиіс - салауатты және әдемі өмір туралы армандарды орындауға көмектесу!
Сондықтан біз өнім өндірушілерді мұқият таңдаймыз. Біз үшін әрбір нюанс маңызды: жоғары сапалы шикізат, өнімді жасаудың әрбір кезеңінде озық технологияларды пайдалану, мұқият және бірнеше рет қайталанылатын сынақтар, ең жоғары сапа стандарттарына және өндіріс қауіпсіздігіне сәйкестік. Біздің серіктестер - біздің миссиямыз бен құндылықтарымызды бөлісетін компаниялар. Бұл өз саласының көшбасшылары, бұл әлемді сау, бақытты және әдемі ететін кәсіби мамандар тобы!