Арт. 8213
Ресейде өндірілген. СГР№ 77.99.88.003.Е.001727. 04. 16 19.04.2016 ж.
Банка 60 капс.
Аргинин-Лизин-Мырыш кешенінің компонеттерінің жалпы нығайту әрекеті оның негізіндегі L-аргинин амин қышқылының негізінде мүмкін болады, ол көптеген ақуыздардың, соның ішінде дәнекер тінінің құрылымдық компоненті болып табылады.
L-аргинин амин қышқылы қан тамыры арнасының күйін реттейді, қанның микроциркуляциясын жақсартады, күретамыр қысымын реттеу үдерісіне қатысады, қан тамырларының серпімділігіне әсер ете алады, жүрек-қан тамыры жүйесінің бұзылуларының алдын алу үшін пайдалы, жүйке жүйесінің жұмысына қажет, есте сақтау қабілетін жақсартады, иммундық жүйеге ынталандырғыш әсер етеді. L-лизин – барлық ақуыздардың құрылымына кіретін алмастырылмайтын амин қышқылы, әсіресе дәнекер тінінде мөлшері көп. Лизин герпес вирусының таралуын тежейді. Лизин мен L-аргининді бірлесіп қолдану нейтрофилдердің мөлшері мен белсенділігін арттырады, иммунитетті күшейтеді.
Мырыш – аса маңызды микроэлементтердің бірі. Ол ағзаның кез-келген жасушасының жұмысы үшін қажет, себебі ол нуклеин қышқылдарының әрекет ету жүйелерінде генетикалық ақпаратты тасуға, жасушалардағы ақуыздың биосинтезіне және 200-ден астам ферменттердің жұмысына қатысады. Мырыш антиоксиданттық қорғау мен асқынтотығудан қорғау жүйесінің өзекті ферменттерінің компоненті болып табылады.
Аргинин-Лизин-Мырыш кешенінің компоненттерінде айқын регенерациялаушы әрекет етеді, сыртқы және ішкі жарақаттардың зақымдалған тіндерінің жазылуын жеделдетеді, сіңір созылған кезде, әсіресе сүйек сынған кезде тиімді, уытсыздандыру әрекет етеді, бауыр жасушаларының регенерациясына қатысады, зат алмасу үшін маңызды рөл атқарады, өсу гормонының тиімді ынталандырғыштарының бірі болып табылады, ұрпақ жаңғырту және сексуалды атқарымды жақсартады.
Құрамы
Биологиялық белсенді зат | Мөлшері, мг/ 6 капс. | Тәуліктік тұтыну деңгейінің пайызы (%) |
L-аргинин | 1112,0-1518,0 | 18-252 |
L-лизин | 642,0-870,00 | 16-213 |
Мырыш | 8,9-12,1 | 59-811 |
L-аргинин – шартты-алмастырылмайтын амин қышқылы, азот тотығының (NO) негізін құрушы болып табылады, биологиялық рөлі аргининнің жеткілікті мөлшерде түсуін қамтамасыз ету қажеттілігін анықтайды. Азот оксиді (NO) бұлшықет тонусын реттеуде, нейрондық табыстауда және иммундық жауапты қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Аргинин эндокринді жүйенің қызметіне айтарлықтай әсер етеді, атап айтсақ, бүйрек үсті бездерінің секрециясына және гипофизге, соның ішінде өсу гормонына әсер етеді. Аргининді атеросклероз, стенокардия, жүрек жетімсіздігі, гипертония, аяқ-қолдардың қан айналымының бұзылуы сияқты жүрек-қан тамырларының аурулары кезінде қолданған тиімді. Аргинин миды қанмен қамтуды жақсартады және қарт науқастардың когнитивті атқарымдарын жақсартады.
Аргининнің айқын иммуномодульдеуші және уытсыздандыру қасиеттері бар, ауруханалық инфекциялардың жиілігін, соның ішінде ота жасалған емделушілердегі инфекцияларды төмендетеді, күйіктерге шалдыққан және жарақаттар алған емделушілердің иммундық жүйесінің қызметін жақсартады, ЖИТС-ке шалдыққан науқастардың хал-жайына оң әсер етеді. 2-ші типті диабет кезінде инсулиндік резистенттілікті төмендетеді, 1-ші және 2-ші типті диабет кезінде қан тамырларының күйін жақсартады. Асқазан ауруы және асқазан жарасы, гастроэзофагеальдық рефлюкстік ауру кезінде аргининнің тиімділігі дәлелденді. Аргинин несеп-жыныстық жүйенің жұмысын қалыпқа келтіреді, созылмалы цистит (қуықтың қабынып ауыруы), эриктильді дисфункция (ерлердің белсіздігі), ерлер мен әйелдердің бедеулігі, жүктіліктің екінші жартысында токсикоздың профилактикасы және мерзімінен бұрын босану кезінде тиімді. Аргинин өсу гормонының өсуіне ықпал етеді, сүйек тінінің құрылымын қалпына келтіреді. Бұлшықет салмағының сақталуына және ұлғаюына, дененің майлы салмағыныңтөмендеуіне ықпал етеді, дәнекер тінінің күйін жақсартады.
L-Лизин – ауыстырылмайтын амин қышқылы, барлық ақуыздардың құрамына кіреді, әсіресе дәнекер тінінің ақуыздарының құрамына кіреді. Лизин кальцийдің, мырыш пен темірдің сіңуіне қатысады, остеопороздың дамуына тосқауыл болады, сүйек тіні мен шеміршек тінінің, сондай-ақ байламды аппараттың ұлпаларын құруға қатысады. Лизин тапшы болған кезде несеппен кальцийдің шығуы ұлғаяды. Лизин иммундық жүйенің жұмысына қолдау көрсетеді, антиденелерді шығару үшін қажет, аргинимен бірлесіп қолдану нейтрофилдердің сапасы мен мөлшерін арттырып, вирусқа қарсы иммунитетті күшейтеді, атап айтсақ, герпес вирусының рецидивтерінің алдын алады, ЖРВИ пен тұмаудың ағымын жеңілдетеді.
Лизин эндокриндік жүйенің жұмысына қолдау көрсетеді – гормондардың шығарылуына ықпал етеді, эпифиз бен сүт безінің жұмысын белсендіреді. Лизин ас қорыту ферменттерінің шығарылуын белсендіреді, тағамдық ақуыздардың сіңуі үшін қажет, егер ол тапшы болса, тағамға ақуыз қанша мөлшерде болса да, олардың сіңуі қиындайды. Лизин жүрек бұлшықетінің энергектикалық әлеуетін қолдайды, себебі ол бұлшықет энергиясын қамтамасыз ететін амин қышқылы – карнитинді шығару көзінің қызметін атқарады, атеросклероздың даму ықтималын төмендетеді, күретамыр қысымын бақылауға көмектеседі. Қан түзуді қолдайды, оттегі мен қоректік заттарды қалыпты тасымалдауды қамтамасыз етеді.
Мырыш – адам ағзасында шамамен 2 грамм мырыш болады, ол көбінесе бұлшықеттерде, бауырда, ұйқы безінде шоғырланады. Мырыш 400-ден артық ферменттің құрамына кіреді. Анағұрлым көп зерделенген ферменттердің бір болып көмірқышқыл газының түрленуі мен шығарылуын 10 миллион есе жеделдететін эритроциттердің ферменті табылады. Мырыш иммундық жүйенің қалыпты жұмысы, коллаген мен басқа ақуыздардың синтезі мен метаболизмі үшін қажет, бауырда алкогольдің қалыпты метаболизмі үшін қажет Е дәруменінің қалыпты метаболизмі үшін қажет. Мырыш қуықалды безінің қалыпты жұмысы үшін маңызды, шәует пен анаболитикалық гормондардың, соның ішінде тестостерон мен өсу гормонының шығуы үшін қажет. Лизинмен кешенде мырыш терінің, шаштың және тырнақтың күйін жақсартады. Аргинмен кешенде мырыш өсу гормонының босап шығуын 10 есе арттырады.
Ағзада мырыштың тапшылығы тітіркенгіштік, шаршаңқылық, күйзеліс, аллергиялық аурулар, есте сақтау қабілетінің нашарлауы, көру қабілетінің нашарлауы, инсулин деңгейінің төмендеуі, дене салмағының төмендеуі, ағзада темірдің, мыстың, кадмийдің, қорғасынның жиналуы арқылы білінеді.
Пайдалы кеңестер: құрғақ, жарықтан қорғалған және балалардың қолдары жетпейтін жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтаңыз.
Қарсы көрсетімдері: компоненттерге дербес төзімсіздік, жүктілік, бала емізу.
ББҚ. Дәрі болып табылмайды. Қолданар алдында маманмен кеңескен жөн.