KZ RU
Салауатты мәдениетті қалыптастыру
1994 жылдан бергі өмір
0
Себет

Жаңа
НейроБаланс, 60 капс.
НейроБаланс, 60 капс.
НейроБаланс, 60 капс.
(4)
Өнім коды: 2064R
Қол жетімділік:көп
39 000 тенге / шт.
Науқанның соңына дейін:
00күн
00сағат
00мин.

НейроБаланс – бұл мидың тиімді жұмысын қолдауға арналған табиғи компоненттер кешені. Есте сақтау қабілетін, ақыл-ойдың шоғырлану қабілетін жақсартуға, менталды реакцияның жылдамдығын арттыруға арналған заманауи өнім. Өнімнің құрамындағы ингредиенттер мидың жұмысына тәуелді болатын барлық аспектілерге әсер етеді, бұл НейроБаланстың жоғары тиімділігін анықтайды. НейроБаланс кешенін қолдану мидің денсаулығы мен белсенділігін қолдайды.

Толық сипаттама
Сатып алу кезіндегі сыйлық
Біз бұл өнімді сатып алғанда сыйлық береміз
Сыйлықты таңдаңыз
НейроБаланс, 60 капс.
НейроБаланс, 60 капс.
(4)
Қол жетімділік:көп
39 000 тенге

АҚШ-та өндірілген

Құрамы: патенттелген қоспа (зәйтүн жапырағы, L-глутамин, глутамин қышқылы, жасыл шай сығындысы, бакопа монье жапырақтарының сығындысы, холин битартрат, инозитол, N-ацетил-L-тирозин, қаражидек жемістерінің сығындысы, жүзім сүйектерінің сығындысы, грейпфрут сүйектерінің сығындысы, фосфатидилсерин, даршын қабығының сығындысы, мия тамырының сығындысы, докозагексаен қышқылы, натрий бораты, ванадий сульфаты), күріш ұны, капсула (гидроксипропилметилцеллюлоза), L-аскорбин қышқылы (С дәрумені), стеарин қышқылының магний тұзы және аморфты кремний диоксиді (нығыздалуға қарсы агент), магний оксиді, калий цитраты, dl-альфа-токоферол (Е дәрумені), кальций карбонаты, ниацин (В3 дәрумені), пантотен қышқылы (В5 дәрумені), мырыш оксиді, пиридоксаль фосфаты (В6 дәрумені), тиамин мононитраты (В1 дәрумені), рибофлавин (В2 дәрумені), бета-каротин, темір фумараты, фолий қышқылы, марганец хелаты, мыс глюконаты, селен амин қышқылы хелаты, хром никотинаты, молибден амин қышқылы хелаты, D-биотин, холекальциферол (D3 дәрумені).

Мидың денсаулығы тамақтанумен тығыз байланысты. Соңғы зерттеулер көрсеткендей, біздің жеп отырған тамағымыз есте сақтау қабілетіне, концентрацияға, жүйке жасушаларының жағымсыз факторларға төтеп беру қабілетіне, сондай-ақ зақымданудан кейін олардың қалпына келу жылдамдығына әсер етуі мүмкін екенін көрсетті. Мидың неропластикалығы көбінесе тамақтануға байланысты – нейрондар арасында жаңа байланыстарды құру қабілеті, мидың қартаюын баяулатады немесе, керісінше орталық жүйке жүйесіндегі жасқа байланысты қолайсыз процестерді жеделдету және деменцияның пайда болу ықтималдығы – кәрілік деменция.

Мидың толыққанды жұмыс істеуі үшін нейрондар мен «қызмет көрсетуші персоналдарының» - нейроглия жасушаларының тіршілігін қамтамасыз етуге, нейромедиаторлар мен нейропептидтердің синтезіне және басқа да көптеген процестерге жұмсалатын көп мөлшерде энергия қажет.

Азық-түлік – бұл жасушалар, жүйке қабықтары, гормондар, ферменттер және басқа биологиялық белсенді молекулалар үшін құрылыс материалдарының көзі. Сонымен қатар, мидың денсаулығы үшін қан тамырлардың жағдайы маңызды. Сол себепті, қантамыр жүйесінің жағдайына теріс әсер ететін рацион (мысалы, атеросклерозға әкелетін «зиянды» майлардың артық болуы) мидың жұмысына сөзсіз әсер етеді.

Сонымен қатар, миды тек тамақтанудың көмегімен қажет заттардың бәрімен қамтамасыз ету өте қиын болуы мүмкін.Мидың энергия мен қоректік заттарға деген қажеттіліктері мен жүйке жүйесі жұқпалы аурулардан (пост-ковид синдромынан), созылмалы стресстен, зардап шеккен жарақаттан кейін қалпына келтіруді қажет ететін жағдайларда оларды толтыру мүмкіндіктері арасындағы алшақтық әсіресе үлкен.

НейроБаланс – бұл мидың барлық құрылымдарының жұмысына қажетті және энергиянының оңтайлы тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік беретін, сондай-ақ орталық жүйке жүйесінің барлық функцияларына оң әсер ететін заттардың тұтас кешенін қамтитын өнім.

НейроБаланс тұрақты қабылдау көмектеседі:     

●     Есте сақтау, зейінді, шоғырлану қабілетін жақсарту;

●     Бас миының шайқалуынан, ми жарақатынан кейін тезірек қалпына келу;

●     Ми қызметінің нашарлауымен (соның ішінде пост-ковид синдромын қоса алғанда) жүретін инфекциялық аурулардан кейінгі оңалтуды жеделдету;

●     Жоғары психоэмоционалды жүктемелер кезеңдерінде стресске төзімділікті арттыру;

●     Емтихандар мен сынақтарға дайындық кезінде нәтижелі білім алу, үлкен көлемдегі ақпараттарды қабылдау және есте сақтау;

●     Мидағы жасқа байланысты өзгерістердің көріністерін болдырмау немесе баяулату, когнитивті функцияларды, есте сақтауды қолдау;

●     Ми тамырларының жағдайын жақсарту, инсульт қаупін азайту.

НейроБаланс өнімінің формуласы оның барлық компоненттерінің өзара әркекеттесу ерекшеліктерін ескере отырып жасалған. Өнімдегі ингредиенттер олардың максималды биожетімділігін қамтамасыз ететін пішінде ұсынылған: олар оңай сіңеді және биологиялық әсер ету орнына тез жеткізіледі.


НейроБаланстың құрамындағы компоненттердің қасиеттері

Зәйтүн жапырақтарында көп мқлшерде полиқанықпаған май қышқылдары (олеин, пальмитин, стеарин, линол, арахидон) бар, олар нервті қоршап тұрған нейрондардың мембраналар мен қабықтар құрамына кіреді, барлық ми құрылымдарын қалыптастыру үшін құрылыс материалы ретінде пайдаланылады. Олар қандағы холестерин деңгейін реттеуге көмектеседі, атеросклероздан, жүрек-қантамырлары ауруларынан қорғайды, ағзадағы жүйелі созылмалы қабынуды басуға көмектеседі – жеделдетілген биологиялық қартаюдың негізгі факторы.

Бакопа монье жапырақтарының сығындысы. Бакопа монье немесе брахми – тропиктік және субтропиктік климаты бар аймақтарда кездесетін шөптесін өсімдік. Бакопаның құрамында миға неотропты және антиоксидантты әсер ету, жүйке импульстарының берілуін жақсарту қабілетімен белгілі арнайы бакозид заттары бар. Бакопа жапырақтарының сығындысы жүйке жүйесінде ацетилхолиннің түзілуін ынталандырады, ол есте сақтау және оқу процестерінде негізгі рөл атқаратын нейромедиаторлар. Осы қасиеттерге байланысты бакопа монье балалардағы гипербелсенділікті емдеуге, Альцгеймер ауруының алдын алуға және ересектердегі жасқа байланысты деменцияның басқа түрлерінің алдын алуға арналған препараттардың құрамына кіреді.

Қаражидек жемістерінің сығындысы органикалық қышқылдарға, дәрумендерге, минералдарға, биофлавоноидтарға бай. Қандағы қант деңгейін реттеуге көмектеседі, ас қорыту жүйесін қалпына келтіреді, көз алмасындағы микроциркуляцияны ынталандырады, көздің торлы қабығының тамақтануын жақсартады, көру өткірлігін жақсартуға көмектеседі.

Жүзім сүйектерінің сығындысы – биофлавоноидтардың айқын антиоксиданттық әсері бар полифенолды қосылыстардың көзі. Антиоксидант, тамыр қабырғаларының серпімділігі мен беріктігін арттырады, мидың қан айналымын жақсартады, қай ұйюының пайда болу қаупін азайтады, қандағы қант деңгейіне және жүйелі түрде қабынуға қарсы әсер етеді.

Грейпфрут сүйектерінің сығындысында биофлавоноидтар, ащылар, эфир майлары, фитонцидтер, фенол қышқылдары бар. Паразиттерге және вирсутарға қарсы агент ретінде қолданылатын табиғи антибиотик ас қорытуды қалыпқа келтіреді, жүйелі қабынумен күресуге көмектеседі.

Даршын қабығының сығындысы эфир майларына, полифенолдарға бай, құрамында коричті спирт, коричті альдегид, циннамил ацетаты, таниндер мен шайырлар, дәрумендер - β-каротин, В, С, Е, К, РР тобының барлық дерлік дәрумендері және холин, макро және микроэлементтер: кальций, темір, магний, мырыш, натрий, мыс, калий, марганец, фосфор және селен. Миды нәзік ынталандырады, есте сақтау мен шоғырлануды жақсартады, қандағы қант пен холестерин деңгейін реттеуге көмектеседі, қант диабеті мен атеросклероздың алдын алуға көмектеседі.

Мия тамырының сығындысында глицирриз қышқылы, сапониндер, флавоноидтар және басқа да биологиялық белсенді заттар бар. Ол ағзадағы жүйелі қабынуды басу қабілетіне ие, «жасқа байланысты» аурулардың (қант диабеті, атеросклероз, Альцгеймер ауруы, артрит) даму қаупін азайтады, зат алмасу процестермен ас қорытуды жақсартады.  

L-глутамин – глутамат жүйке жүйесінің негізгі қоздырғыш нейромедиатордың түзілуіне қажетті амин қышқылы, ол жүйке импульстарын мида да, жүйке жүйесінің перифериялық бөліктеріне де тиімді беру үшін қажет. L-глутамин – ноотропты қасиеттерге ие, есте сақтау қабілетін, шоғырлануды жақсартады, ойлау жылдамдығын арттырады, жаңа білім мен дағдыларды тезірек меңгеруге көмектеседі.

Холин (холин битартраты) есте сақтау және оқу процестерінде шешуші рөл атқаратын, шоғырлану мен зейінді жақсартатын ацетилхолин нейромедиаторының негізін құрушы.

Фосфатидилсерин – жасушалардың, соның ішінде нейрондардың липидті мембраналарының құрамдас бөлігі болып табылады. Зерттеу барысында ол өзін жасқа байланысты есте сақтау қабілетінің бұзылуының, танымдық қабілеттерінің төмендеуінің алдын алу және емдеудің тиімді құралы ретінде көрсетті. 

Докозагексаен қышқылы (ДГҚ) – адам денсаулығы үшін ең құнды омега-3 полиқанықпаған май қышқылдарының бірі болып табылады. Ұрықта орталық жүйке жүйесінің дұрыс қалыптасуы және туылғаннан кейін мидың толық жұмыс істеуі үшін қажет. Бұл ұзақ өмір сүретін рационның негізгі компоненттерінің бірі болып саналады.

Бета-каротин (А продәрумені) көздің торлы қабығынан миға «көріністің берілуіне» жауап беретін жүйке жолдарының қызметін қолдайды, торлы қабықтың көру пигментінің синтезіне және көздің жарықты қабылдауына қатысады. Сонымен қатар, бета-каротин ағзаның жасушаларын бос радикалдардың әсерінен қорғайтын ең белсенді антиоксиданттардың бірі болып табылады.

D3 дәрумені (холекальциферол) – ағзадағы D дәруменінің негізгі метаболиттерінің бірі, ағзадағы кальций мен фосфор алмасуының реттеушісі, сүйек тінінің беріктігіне жауап береді, қаңқа бұлшықеттерінің тонусын қамтамасыз етуге, жүрек бұлшықеті (миокардтың) жүмыс істеуін қамтамасыз етеді, жүйке қозуын өткізуге ықпал етеді, қанның ұю процесін реттейді, қалқанша маңы бездерінің қалыпты қызметі үшін қажет, иммундық жүйенің жұмысына қатысады.

Е дәрумені (dl-альфа-токоферол) – ақуыз алмасуына қатысады, бұлшықет тінінің функцияларын қолдайды. Ол айқын антиоксиданттық қасиеттерге ие, қандағы қауіпті майлардың деңгейін төмендетеді, қан айналымын жақсартады, тромбозды азайтады, қандағы инсулин деңгейін төмендетеді, жүректі магний тапшылығының немесе оттегі жетіспеушілігінің теріс әсерінен қорғайды, стресстің адам ағзасындағы биохимиялық процестерге теріс әсерін азайтады. 

L-аскорбин қышқылы (С дәрумені) – коллагеннің дәнекер тінінің маңызды ақуызын синтездеу үшін қажет, оған қантамыр қабырғаларының беріктігі байланысты, көптеген гормондардың, нейромедиаторлардың, иммундық жасушалардың синтезіне қатысады. С дәрумені – бұл күшті антиоксидант, ағза жасушаларын, соның ішінде нейрондарды бос радикалдардың агрессивті әсерінен қорғайды, қартаю процесін баяулатады, қатерлі ісік ауруының алдын алуына кқмектеседі, қабыну процестерінің белсенділігін төмендетеді.


В тобындағы дәрумендер кешені:

●     В1 дәрумені (тиамин мононитраты) ақуыз, май және көмірсулар алмасуын реттейді, антиоксидант және иммуностимулятор қызметін атқарады;

●     В2 дәрумені (рибофлавин) ағзадағы тотығу және тотықсыздану процестерін реттеуге, энергия тепе-теңдігін сақтауға қатысады. Гемоглобиннің синтезі, зақымдалған тіндердің регенерациясын қамтамасыз ету, тері мен шырышты қабаттарда жергілікті иммунитетті сақтау үшін маңызды;

●     В3 дәрумені (ниацин)-тінішілік тыныс алудың маңызды компоненті, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысады;

●     В5 дәрумені (пантотен қышқылы) мидың химиялық компоненттерінің синтезіне, эритроциттердің түзілуіне қажет, физикалық және эмоционалдық стресске қарсы тұруға көмектесетін механизмдердің жұмыс істеуіне қатысады, иммундық жүйеде антиденелердің түзілуіне қатысады, миокардтың жиырылу қызметін жақсартады. Ол зат алмасудың барлық түрлерінде (көмірсулар, липидтер, ақуыздар) химиялық реакциялардың пайда болуына қажетті ең маңызды молекуланың – КоА коэнзимінің құрамына кіреді;

●     В6 дәрумені (пиридоксаль фосфат) май қышқылдарының алмасуына айтарлықтай әсер етеді, амин қышқылдарының синтезіне және тасымалдануына қатысады, никотин қышқылы мен рибофлавинмен бірге ағзада энергияның түзілуіне қатысады, эритроциттердегі гемоглобин синтезін ынталандырады;

●     В8 дәрумені (инозит) ақыл-ой белсенділігін ынталандырады, шоғырлануды және есте сақтау қабілетін жақсартады, мидың шаршауын азайтады;

●     В7 дәрумені (биотин) аскорбин қышқылының синтезіне, сондай-ақ май мен ақуыз алмасуын сақтау үшін қажет;

●     В9 дәрумені (фолий қышқылы) – мидың денсаулығын сақтауға арналған маңызды молекулалардың бірі, эритроциттердің түзілуін ынталандырады және ми жасушаларының оттегімен қанығуын арттырады. Фолий қышқылы кофермент ретінде ДНҚ және РНҚ молекулаларының синтезіне қатысады, сондықтан тіндердің жаңару және қалпына келтіру қабілетін сақтай отырып, жасушалардың сау бөлінуі мен көбеюі үшін қажет.


Магний оксиді, стеарин қышқылының магний тұзы: магний жүйке жасушаларын «тыныштандырады», стрессті жеңуге және жағымды психологиялық көңіл-күй қалыптастыруға көмектеседі.

Калий цитраты: Калий жасушалардағы ақуыз синтезі үшін маңызды және жүйке жүйесі мен бұлшықеттердің дұрыс жұмыс істеуіне жауап береді.

Мырыш оксиді: мырыш есте сақтау қабілетін жақсы сақтау үшін маңызды микроэлементтердің бірі болып саналады, иммундық жауапта, қабыну реакцияларын басуда маңызды рөл атқарады, зақымдалған тіндердің қалпына келуін тездетіп, коллаген синтезін ынталандырады

Кальций карбонаты: кальций жүйке импульстарын жүргізу процестеріне, бұлшықеттің жиырылу және релаксация механизмдеріне, соның ішінде миокард жүрек ырғағына әсер етеді.  

Темір – гемоглобин мен миоглобиннің, каталаза және пероксидаза ферменттерінің құрамына кіреді. Бүкіл дененің жасушаларының, әсіресе оттегі тапшылығына ерекше сезімтал жүйке жасушаларының оттегі ашығуына жол бермеу үшін керек.  

Марганец (марганец хелаты түрінде) антиоксидант болып табылады, жасуша мембраналарының липидті (майлы) компоненттерін синтездеу үшін қажет, май қышқылдарының түзілуін ынталандырады. Қандағы қант деңгейін қалыпқа келтіруге көмектеседі, гормоналды фон мен иммунитетке оң әсер етеді.

Мыс глюконаты: мыс – тіндердің тыныс алуын қамтамасыз ету, энергияның жоғары деңгейін ұстап тұру, қан түзу, қан тамырлары қабырғаларының серпімділігіне байланысты эластин ақуызының синтезі үшін қажет микроэлементтер.  


Селен амин қышқылы хелаты. Селен-бірқатар гормондар мен ферменттердің құрамына кіретін өмірлік маңызды микроэлементтер, барлық органдар мен жүйелермен байланысты. Ол күшті антиоксиданттық қасиеттерге ие, иммундық қорғаныстың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, антиденелердің пайда болуына ықпал етеді, терідегі метаболикалық процестерге белсенді қатысады.

Хром никотинаты – бұл минералдың биожетімділігін жақсартатын хром микроэлементтерінің никотин қышқылымен байланысы.  Хром қандағы қант деңгейін реттеуге көмектеседі, май және көмірсулар алмасуын қалыпқа келтіруге ықпал етеді, жүрек пен қан тамырларының денсаулығын сақтау үшін маңызды және ағзадан улы заттарды, ауыр металл тұздарын және радионуклидтерді шығаруға көмектеседі.

Молибден амин қышқылы хелаты: молибден көптеген ферменттердің белсенді орталықтарының құрамына кіреді, жасушалардың өсуі мен дамуы процестерін жеделдетуге қабілетті және антиоксиданттық әсерге ие.

Натрий бораты: бор - энергия мен минералдық алмасуға әсер ететін (кальций мен фосфор алмасуына қатысады) ерлер мен әйелдердің жыныстық гормондарының оңтайлы деңгейін сақтауға көмектесетін өмірлік маңызы бар минерал.

Ванадий сульфаты: ванадий глюкоза алмасуын жақсартады, бұлшықет массасын құруға көмектеседі.


Қолдану әдісі: Ересектерге 2 капсуладан күніне 1 рет тамақпен бірге. Ұсынылатын курс ұзақтығы 2-3 апта. Қажет болса, курсты қайталауға болады.

Қолданар алдында маманмен кеңесу керек.

 

Бейне

Қолдану әдісі: Ересектерге 2 капсуладан күніне 1 рет тамақпен бірге. Ұсынылатын курс ұзақтығы 2-3 апта. Қажет болса, курсты қайталауға болады.

ИГОРЬ

Решил попробовать Нейробаланс из-за постоянных авралов на работе (работаю в IT), чувствовал, что уже, что называется «не вывожу», постоянно нервничаю, плюс стал упускать из виду важные задачи, «тормозить»  Понял, что мозгу нужна поддержка. Два месяца принимал Неробаланс, заметил, что стал более спокойным, мышление стало четче, стал больше успевать, быстрее переключаться с рабочих моментов на домашние дела (до этого даже не мог уснуть, постоянно прокручивал в голове рабочие проблемы), и даже спать стал крепче. Хороший продукт, рекомендую!

Аты

, .

(-). 18 21.00 ( , 18.00), ( 18.00).

. . .