Арт. 8233
Өндірілді, Ресей
RU D-RU.АЮ85.В. 26466
Құрамы: микронизацияланған ламинариялар, сірне, таңқурай хош иістендіргіші. Микронизацияланған балдырдың құрамында: жоғары молекулалық ламинарин, маннит, фукоидан, альгин қышқылдарының тұздары (кемінде 35%), биожетімді йод, дәрумендер (A, C, D, E, В тобының дәрумендері, каротиноидтар), кем дегенде 40 макро- және микроэлементтер бар, оның ішінде калий, натрий, магний, бром, кобальт, темір, марганец, күкірт және фосфор қосылыстары, құрамында азот бар заттар.
Виталаминария өнімін тұрақты қолданумен байланысты әсерлері:
● Салмақ жоғалту: теңіз балдырларының қоректік заттары ең аз калориямен және ұзақ уақыт қанықтыру сезімін қамтамасыз етеді.
● Қандағы қант деңгейін қалыпқа келтіру, қант диабетінің алдын алу.
● Қандағы холестерин деңгейін төмендету, атеросклероздың алдын алу.
● Қалқанша безінің қызметін қолдау: Виталаминария ағзаға сіңу үшін оңтайлы органикалық түрдегі йодқа бай.
● Дәрумендер мен минералдардың кең спектрінің тапшылығын толтыру.
● Ағзадан улы заттарды, радионуклидтерді, ауыр металдардың тұздарын шығару.
Ламинария немесе теңіз орамжапырағы – тағамдық құндылығымен қатар, емдік қасиеті бар қоңыр балдырлардың бір түрі. Балдырлар денсаулықты сақтау үшін және ұзақ өмір сүру үшін ең тиімді тағамдардың бірі болып саналады, мыңдаған жылдар бойы Шығыс дәстүрлі медицинасы мен косметикасында қолданылып келеді.
Дегенмен, оларды қолданудан максималды пайда алу үшін балдырлардың өздері де, оларды жинау және өңдеу шарттары да бірқатар критерияларға сәйкес болу керек:
● Өнімді дайындау үшін балдырлардың нақты қай жерде жиналғаны маңызды: экологиялық қолайсыз аймақтардан шикізаттарды пайдалану ағзаға пайдалыдан гөрі көп зиян келтіруі мүмкін;
● Балдырлардың жасы маңызды: ламинарияны өсімдік ең көп құнды заттар жинаған кезде ғана жинау керек;
● Ең маңызды аспект – шикізатты өңдеу әдісі. Көбінесе, ламинариясы бар өнімдерді дайындау кезінде термиялық өңдеуге ұшырайды: бұл олардың құрамындағы құнды заттардың айтарлықтай жоғалуына, дәрумендер мен минералдардың жоғалуына алып келеді; Балдырларды ультрадыбыстық өңдеу технологиясын қолдану осындай салдарға алып келеді;
● Ламинариялардың қасиеттеріне химиялық консерванттар мен тұрақтандырғыштардың ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ету үшін әртүрлі түрлерін қолдану теріс әсер етеді.
Неліктен ВИТАМАКС компаниясы ұсынған Виталаминария нарықта аналогтары жоқ өнім болып табылады?
● Виталаминария құрамына Laminaria japonica кіреді: бұл балдыр тамаша дәмдік қасиеттерге ие, альгинаттардың, дәрумендердің, микроэлементтердің, полисахаридтердің, амин қышқылдарының бай көзі болып табылады.
● Виталаминарияны дайындауға арналған балдырлар планетаның ең экологиялық таза аймақтарының бірі – Қиыр Шығыс аймағының солтүстік теңіздерінің суларында белгілі бір тереңдікте жиналады.
● Laminaria japonica өмірінің екінші жылында құнды заттардың максималды мөлшерін жинайды, сондықтан Виталаминария өнімін дайындау үшін тек екі жастағы балдырлар қолданылады.
● Балдырларды өңдеу үшін Ресей Федерациясының патентімен қорғалған төмен температуралық микронизацияның теңдесі жоқ техноологиясы қолданылады. Жоғары температура мен ультрадыбысты қолданбай жасуша қабырғасын мұқият ерітудің максималды үнемдеу әдісі үшін құнды заттардың барлық химиялық-биологиялық спектрінің, оның ішінде термолабильді (қыздыру әсеріне сезімтал) компоненттердің максималды биожетімділігін сақтауға және қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
● Балдырлардың биологиялық белсенді заттарының өзі табиғи консервант ретінде әрекет етеді – бұл тәсіл өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және компонеттердің дәмі мен емдік қасиеттеріне теріс әсер етпейді.
ВИТАМАКС-тың Виталаминария өнімінің құрамдас бөліктерінің қасиеттері
Виталаминарияның пайдалы қасиеттері негізінен оның құрамындағы жоғары молекулалық полисахаридтердің көп мөлшерімен анықталады – ағзаның әртүрлі функцияларына әсер ететін күрделі көмірсулар молекулаларының құрамымыен анықталады. Альгинаттар, фукоидандар, ламинарит және маннит сияқты полисахаридтер Виталаминарияның оң әсерін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Альгинаттар (альгин қышқылы) молекуласының белгілі бір кеңістіктік құрылымымен сипатталады, бұл оларды тиімді энтеросорбенттер етеді: олар әртүрлі улы заттар мен аллергендерді, патогендік микробтарды, ауыр металдардың тұздарын, радионуклидтерді, артық холестеринді байланыстырады және ағзадан жояды.
Фукоидандар – балдырларда жоғары концентрацияда (құрғақ салмақтың үштен біріне дейін) болатын заттар. Фукоидандар поливалентті биомодуляторлар деп аталады, яғни ағзаға бірнеше оң биологиялық әсер етуі мүмкін заттар. Соңғы зерттеулер көрсеткендей, фукоидандардың иммундық жүйенің жұмысын жақсартатынын, бактериялық, вирустық, зеңдік инфекцияларының кең спектрімен күресуге, қабынуды басуға, тромбтардың пайда болу қаупін азайтуға, қандағы липидтердің деңгейін қалыпқа келтіруге ықпал ететінін көрсетті. Сондай-ақ фукоидандардың ісікке қарсы әсері бар: олар жасушаларды зақымдайтын бос радикалдардың концентрациясын төмендетеді және рак жасушаларының апоптоз (бағдарламаланған өлім) процестерін белсендіруге қабілетті.
Ламинариялардағы фукоидандардың мөлшері балдырларды жинау маусымына байланысты, сонымен қатар бұл заттар шикізатты температуралық өңдеу кезінде жойылады. Виталаминарияны дайындауға арналған балдырлар фукоидандардың максималды концентрациясы маусымында жиналады, ал төмен температурада микронизациялаудың бірегей технологиясы дайын өнім құрамында осы құнды заттардың максималды концентрациясын сақтауға мүмкіндік береді.
Ламинарит және маннит ас қорытуды жақсартады, ішектегі майлардың сіңуін реттейді, холестерин деңгейін қалыпқа келтіруге көмектеседі, иммундық жүйені қолдайды, зат алмасу процестеріне және су-тұз алмасуына оң әсер етеді.
Еритін түрдегі өсімдік талшықтары - ас қорыту жолдарында өмір сүретін қорғаныс бактериялары үшін қоректік субстрат болып табылады. Өсімдік талшықтары ішек микробиотасының сапалық және сандық сипаттамаларын жақсартады, ас қорыту процестерін қалыпқа келтіруге, холестерин деңгейін төмендетуге ықпал етеді, ағзадан қалдықтарды, аллергендерді, ауыр металл тұздарын және радионуклидтерді шығаруға көмектеседі.
Амин қышқылдары: Виталаминарияның құрамында 17 амин қышқылдары бар, оның ішінде, адам ағзасында синтезделмейтін 8 маңызды (цистеин, валин, фенилаланин, лейцин, треонин, изолейцин, метионин, лизин) қышқыл бар. Амин қышқылдары ақуыздардың құрылымдық құрамдас бөлігі болып табылады, дененің әрбір жасушаның жұмысы олардың тағаммен тұрақты және теңгерімді қабылдауына байланысты. Виталаминарияның құрамындағы амин қышқылдары адам ағзасы үшін табиғи қатынаста болады, бұл ағзаның негізгі қажеттіліктерін оңтайлы сіңіруге және қанағаттандыруға ықпал етеді.
Полиқанықпаған май қышқылдары: теңіз балдырында маңызды (адам ағзасында синтезделмеген) линол және α-линолен май қышқылдары бар. Олар жүрек-қантамыр, жүйке, гормоналды, иммундық және басқа жүйелердің денсаулығын сақтау үшін қажет, атеросклероздың алдын алуға ықпал етеді, май алмасуын қалыпқа келтіруге, терінің күйін жақсартуға және қабыну процестерінің белсенділігін төмендетуге көмектеседі.
Микроэлементтер: Виталаминария ұнтағы микроэлементтердің кең ауқымын қамтиды. Өнімді қабылдаудың ең маңызды оң әсері йод тапшылығын толтыру болып табылады. Виталаминарияның құрамындағы йод органикалық түрде: ол ақуыздармен байланысты, бұл оның сіңуін және осы микроэлементке (ең алдымен қалқанша безге) жоғары қажеттілік бар ағзаларға тасымалдануын жеңілдетеді. Ағзадағы йод тапшылығын толтыру гипотиреоздың, қалқанша безінің қатерлі ісігінің, зат алмасу бұзылыстарынының алдын алуға ықпал етеді және энергия алмасуына оң әсер етеді. Сондай-ақ, Виталаминарияның құрамында кальций, магний, калий, темір, бор, кремний, ванадий, марганец, кобальт, күкірт және фосфар қосылыстары кіреді: барлық осы микроэлементтер жасушалардың өмірлік белсенділігі үшін қажет, олар адам ағзасындағы көптеген биохимиялық реакциялардың жүруіне әсер етеді .
Дәрумендер: балдырлар Laminaria japonica - A, D, B1, B2, B12, C, E, PP дәрумендерінің көзі. Виталаминария өнімі дәрумен тапшылығын тиімді толтырады, гиповитаминоз мен авитаминоздың алдын алуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Виталаминария өнімін қабылдау кезінде көптеген дәрумендердің синтезіне қатысатын ішек микробиотасының жағдайы жақсарады, тағамнан дәрумендер мен басқа да құнды заттардың оңтайлы сіңуіне жағдай жасалады.
Пигменттер – балдырларға түс беретін және ағзаға жағымды әсер ететін заттар. Виталаминарияның құрамында фукоксантин пигменті бар, ол майды кетіру процестерін белсендіреді, семіздік, қант диабеті және ағзадағы созылмалы қабынудың алдын алу үшін тиімді құрал болып табылады.
Виталаминарияның құрамындағы хлорофилл А және хлорофилл С пигменттері патогендік микроағзалардың көбеюін басуға, ағзадан қалдықтарды шығаруға, қантүзілім процестерін ынталандырады, қанның оттегімен қанығуын арттыруға және қабыну белсендіігін төмендетуге қабілетті. Зерттеулер көрсеткендей, хлорофилл қатерлі ісік ауруының даму қайпін азайтады, канцерогендердің (жасушаларда қаупіті мутацияға алып келетін заттар) сіңуіне жол бермейді және антиоксиданттық қасиеттерді көрсетеді.
ВИТАМАКС компаниясының таңқурай хош иісі бар «Фантазия» Виталаминариясы – бұл
Артық салмақтан арылып, сымбатты дене бітімді ұзақ уақыт бойы сақтағысы келетін адамдар үшін таптырмас өнім. Виталаминарияның күніне небәрі 1 шай қасық ұнтағы ішек жұмысын жақсартуға, ағзаны улы заттардан тазқартуға, иммундық жүйені қолдауға, қан тамырларының денсаулығын нығайтуға, денені құнды дәрумендер мен минералдармен қанықтыруға көмектеседі.
Қолдану тәсілі.
Дозалануы – күніне 1 шай қасық. Виталаминария ұнтағын смузиге, коктейльдерге, салаттар,а, тұздықтарға қосуға болады, түрлі тағамдарға дәмдеуіш ретінде пайдалануға болады.