
(1) |
Құрамы:
Дәрілік бақбақ тамырының ұнтағы (Taraxacum officinale); кәдімгі үлкенаскөк жемістерінің сығындысы (Foenlculum vulgare); батпақты иір тамырсабағының ұнтағы (Acorus calamus); сүт ошаған жемістерінің сығындысы (Sílybum mariánum); кәдімгі толғақшөп шөптерінің сығындысы (Centáurium erythraéa).
Өсімдіктер жемістері мен шөптердің сығындыларында эфир майлары бар, олар бірге антиоксиданттық және радиопротекторлық қасиеттерді көрсетеді, ағзаны улы заттар мен қалдықтардан тазартуға көмектеседі және ас қорыту процесін реттейді. Дәрілік бақбақ өт айдайтын, диуретикалық, спазмолитикалық және іш жүргізетін қасиеттерге ие. Бақбақ тамырынан алынған препараттар зат алмасуды реттейді, ағзаны улы заттар мен қалдықтардан тазартады, бактериялар мен вирустарды, гельминттерді жояды. Үлкенаскөк жемістерінен алынған препараттар бактерияға қарсы, қабынуға қарсы, анальгетикалық және антиоксиданттық әсерге ие. Батпақты иір тамырындағы гликозид акориннің арқасында препарат өт қабының тонусына жақсы әсер етеді, өттің шығарылуын және диурезді арттырады. Сүт ошаған құрамында флавонолигнандар, сапониндер, май және эфир майлары бар, олар кешенді түрде антиоксиданттық және радиопротекторлық қасиеттерді көрсетеді, бауырдың детоксикациялау қызметін күшейтеді. Кәдімгі толғақшөп ас қорыту бездерінің секрециясын ынталандырады, ішек мүшелерінің перистальтикасын күшейтеді және іш жүргізетін әсерге ие, антигельминтикалық және өт айдайтын қасиеттерге ие.
ҰСЫНЫЛАТЫН ҚОЛДАНУ ТӘСІЛІ: тамақпен бірге күніне 1 капсуладан 3 рет
ҚАБЫЛДАУ ҰЗАҚТЫҒЫ: 1 ай. Бір жыл ішінде қайта қабылдауға болады.
ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕР: ББҚ компоненттеріне жеке төзбеушілік, жүктілік, бала емізу.
, .
(-). 18 21.00 ( , 18.00), ( 18.00).
. . .