Қуықасты безінің жұмысын қалпына келтіру
Қуықасты безіндегі зат алмасуға әсер етеді, уродинамиканы түзетуші болып табылады. Қабынуға қарсы және ісінуге қарсы әрекет етеді.
(14) |
Қуықасты безінің жұмысын қалпына келтіру
Қуықасты безіндегі зат алмасуға әсер етеді, уродинамиканы түзетуші болып табылады. Қабынуға қарсы және ісінуге қарсы әрекет етеді.
Арт. 8215T
Ресейде өндірілген RU.77.99.88.003.Е.003896.09. 16
Құты 30 капс.
«Простакс Про» кешені қуықасты безінің жасушаларының пролиферациясын төмендетеді. Қабынуға қарсы және ісінуге қарсы әрекет етеді. Қуықасты безінің аденомасы кезінде, аденомаға байланысты несеп шығару бұзылған кезде, аденомэктомиядан және простатэктомиядан кейінгі күйде қолданылады. Ерлердің гормоналдық фонының бұзылуына әсер етпейді.
Құрамы: африкалық алхоры қабығының сіріндісі, Сереноа пальмасының жемістерінің сіріндісі, үнділік немесе інжірлік опунция гүлдерінің сіріндісі, мырыш аспарагинаты, кремний диоксиді (Е551 нығыздалуға қарсы агенті), ликопин, мальтодекстрин (тасығыш), желатин (капсула).
Биологиялық белсенді зат | Құрамында, мг/2 капс., кем емес | Тәуліктік тұтыну деңгейінен % |
Мырыш | 4,8 | 321 |
Ликопин | 0,8 | 162 |
1 Тәуліктің ұсынылатын деңгейінің % КО ТР 22 (2-қосымша) талаптарына сәйкес.
2 Тәуліктік тұтынудың баламалы деңгейінің % ЕврАзЭС (5-қосымша) талаптарына сәйкес.
Компоненттердің қасиеттері:
Сереноа (Serenoarepens) пальмасының жемістерінің сіріндісі.
Жемістердің әрекет етуші компоненттері болып фитостеролдар (ситостерол, циклоартенол және т.б.), күрделі эфир нысанындағы жоғарғы май қышқылдары (каприн, каприл, лаурин, олеин жән т.б. қышқылдары), катехиндер, дәрумендер, минералдар, шайырлы заттар.
Кешеннің әрекет етуінің негізгі механизмдері болып табылады:
а) простата жасушаларының пролиферациясын және ұлғаюын ынталандыратын белсенді нысанға – дигидротестостеронға (ДГТ) тестостеронды қалпына келтіретін фермент – қуықасты безінің 5α-редуктазасын ингибирлеу;
б) ДГТ қуықасты безінің ядролық рецепторлық жасушаларымен өзара әрекеттесуін тежеу;
в) пролактин гипофизі гормонының простата жасушаларының рецепторларымен өзара әрекеттесуін бұғаттау.
Аталған механизмдер жасушалардың пролиферациясын және қуықасты безінің ұлғаюын келісті етіп тежейді.
Кешен қылтамырлардың өткізгіштігін төмендететін ангиопротективті, қабынуға қарсы әсер етеді.
Африкалық алхоры (Pygeumafricanum) қабығының сіріндісі
Негізгі белсенді компоненттері: докозанол және n-тетракозанол майлы спирттерінің ферул эфирлері; тритерпеноиды урсол және олеанол қышқылдары; фитостеролдар (бета-ситостерол). Африкалық алхоры қабығы қуықалды безінің тініне қабынуға қарсы әсер етеді және секреторлық белсенділігін күшейтеді, аденома кезінде несеп шығарудың бұзылуын кетіреді, несеп-жыныс мүшелерінің инфекцияларының туындау тәуекелін азайтады, қуықтың икемдігін арттырады және жас ұлғайған сайын оның гипербелсенділігін азайтады. Урсол және олеанол қышқылдары жиі дәретке баруды, қуықтың толық босатылмауын кетіреді. Ферул қышқылының эфирлері бүйрек бездерінің секрециясын андрогендермен және кортикостероидтармен арттырады. Докозанол пролактиннің деңгейін төмендетеді және ісіктің ұлғаюын тежейді. Бета-ситостерол мен басқа фитостеролдар простатада простагландиндердің синтезіне жол бермейді, қанның тоқтап қалуы және қан тамырларының бітелуін азайтады, ісіну мен қабынуды азайтады. Тритерпеноидтар ұсақ қан тамырлар мен қылтамырлардың бүтіндігін жақсартады, простатаның қабынуын төмендетеді. Урсол қышқылы асептикалық қабынудың дамуын кідірте алады. Африкалық алхорының компоненттері қуықасты безі қабынған кезде фибробласттардың шамадан тыс өсуіне тосқауыл болады, ол үшін олардың өсуінің негізгі факторына (b-FGF) әсер етеді, сондай-ақ простатаның гиперплазия үдерісін азайтады.
Үнділік немесе інжірлік опунция (Opuntiavulgaris) гүлдерінің сіріндісі.
Опунция гүлдерінде фитостеролдар, антоциандар, катехиндер, каротиноиддар, дәрумендер, амин қышқылдары бар, және ерекше маңыздысы, амин қышқылды аргининге бай. Ағзада аргини азот оксидінің жалғыз көзі болып табылады, ол вазодилататор болып табылады және қанмен қалыпты қамтамасыз етеді, және мүшелер мен ұлпаларды қанмен толықтыруды қамтамасыз етеді, сонымен қатар, сексуалдық салада және қуықасты безі қабынған кезде кезінде көмектеседі, потенцияның төмендеуіне профилактика жасайды және сперматогенезді күшейтеді. Фитостеролдар қан тоқтап қалу және қан тамырларының бітелуін азайтып, ісіну мен қабынуды азайтып, қуықасты безінде простагландиндердің синтезіне жол бермейді. Опунция гүлдерінің компоненттері антиоксиданттық әрекет етеді, бұл басқа фармокологиялық әсерлермен үйлесе отырып, қуықасты безінің аденомасына қарсы қорғаныс әрекет етеді. Әрекет етуінің маңызды аспекті болып жиі және еріксіз несеп шығаруды болдырмау, қуық бұлшықеттерін нығайту (қуық жас ұлғайған сайын әлсірейді), қуықтың қайталамалы және созылмалы қабынулары (қуықасты безінің қабынуы, цистит, уретрит) кезінде қабынуға қарсы әрекет ету. Опунция жалпы нығайтқыш әрекет етеді, ағзаның тән емес кереғарлығы мен иммунитетін арттырады.
Мырыш – өмірлік маңызды микроэлементтердің бірі. Мырыш тестостеронның биосинтезіне қатысатын осылайша оның түзілуіне ықпал ететін, потенцияны және ағзаның жалпы энергиясын арттыратын шамамен 300 ферменттің құрамына кіреді. Мырыш пен аласа пальма жемістерінің компоненттері 5α – редуктаза ферментін ингибирлейді және пролактин гормонының қуықасты безінің жасушаларына әрекетін бақылайды, олардың пролиферациясын тежейді, гиперплазияға және қуықасты безінің аденомасының дамуына тосқауыл болады.
Мырыш генетикалық ақпаратты таратуға және жасушаларда ақуыздың биосинтезіне қатысады, жарақаттардың жазылуына және зақымдалған ұлпалардың қалпына келуіне ықпал етеді, антиоксиданттық жүйенің компоненті болып табылады, аргининнен азот оксидінің түзілуін ынталандырады, атеросклерозға қарсы әрекет етеді, есте сақтау қабілетінің жақсаруына ықпал етеді, глюкозаның сіңуін реттеудің инсулиндік жүйесінің компоненті болып табылады, гемоглобиннің синтезіне және оттегіні эритроциттермен тасымалдауды реттеуге қатысады, А дәруменін тасушы – ақуыздың компоненті болып табылады, Т-жасушалық иммунитетті белсендіреді, дәмді қабылдауды реттейді, тері мен шаштың күйін жақсартады.
Ликопин
Ликопин – қуықасты безінің жасушаларымен таңдамалы түрде шоғырланатын және онда жиналуға қабілетті бірегей қасиеті бар каротиноид. Табиғаты әртүрлі оттегінің нысандарын, соның ішінде липидтердің пероксидтерін, синглеттік оттегіні және басқаларын тиімді бейтараптандытарын белсенді антиоксидант болып табылады, белсенділігі бойынша бірқатар жағдайларда Е дәруменінен және суда ерігіш антиоксиданттардан басым болады. Ликопин 5α –редуктаза ферментін ингибирлейді, мұнымен оның онкопротенторлық белсенділігі және қуықасты безінің аденомасының дамуына тосқауыл болу қабілеті байланысты.
Ликопин холестериннің биосинтезінің негізгі ферментін (ГМГ – редуктаза) ингибирлей алады, жалпы ағзада және репродуктивті саланың мүшелерінде (сондай-ақ қуықасты безінде) атеросклероздың дамуын тежейді.
Қарсы көрсетімдері: компоненттерге дербес төзімсіздік, жүктілік, бала емізу.
ББҚ. Дәрі болып табылмайды.
Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.
қолдану< / b>
Ересектерге тамақтану кезінде күніне 2 рет 1 капсуладан.
Қабылдау ұзақтығы – 1 ай. Қажет болса, қабылдауды қайталауға болады.
, .
(-). 18 21.00 ( , 18.00), ( 18.00).
. . .