Арт. 5003
АҚШ-та өндірілген. № 77.99.11.003.Е.012853.12. 14 26.12.2014 ж
Құты 288 ж
Сиқырлы талшықтар кешені – тағамдық емдәмдік жасұнық көзі, ол адамның асқазан-ішек жолында қорытылуға төзімді. Зат алмасу өнімдерін ішектен шығаруға көмектеседі, іш қатудың алдын алады, асқазан-ішек жолының моторикасын қалыпқа келтіреді.
Құралдың компоненттері жергілікті иммунитетті ынталандырады, онкологиялық аурулардың, дисбактериоздың алдын алуда керемет құрал болып табылады, маңызды антиоксиданттық рөл атқарады: ішек қабырғасын зиянды заттардың бұзу әрекеттерінен қорғайды, әртүрлі токсиндер мен өт қышқылдарын, соның ішінде радионуклидтерді, дәрілік заттардың метаболиттерін, ауыр металлдардың тұздарын, пестицидтерді және алкогольді шығарады. Күйзелістер, жоғары дене жүктемелері, қолайсыз экологиялық ахуал кезінде ағзаға қолдау көрсетеді.
Қандағы холестерин мен глюкозаның деңгейін түсіру атқарымының арқасында өнімнің қасиеттері өт қабына тас байлану ауруының алдын алу үшін, қант диабетінің профилактикасы үшін, жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары және атеросклероз кезінде тиімді, дене салмағы шамадан жоғары адамдарға оң әсер етеді.
Сиқырлы талшықтар кешенінің құрамдастарының иісі мен дәмі жоқ, жоғары температураға төзімді, сондықтан кез-келген ыстық сусындармен немесе тағамдармен бірге тұтынуға, шаймен, сумен, көкөкөніс немесе жеміс шырындарямен араластыруға болады.
Құрамы: қышқылға төзімді мальтодекстрин, инулин (фруктоолигосахаридтер), қысқа тізбекті жеміс олигосахаридтері.
Ингредиенттердің қасиеттері:
Қышқылға төзімді мальтодекстрин –емдәмдік талшықтардың ерекше түрі, олар ыдырамайды және асқазан-ішек жолына сіңбейді, тағаммен бірге түсетін холестерин мен тазартылған көмірсулардың сіңуін баяулатуға ықпал етеді, сондай-ақ ішектің моторикасын жақсартады.
Инулин – табиғи полисахарид. Зат алмасуға, дәрумендер мен минералдардың ағзаға сіңуіне белсенді әсер ете алады. Липидтік алмасуды жақсартады, жүрек-қан тамыры ауруларының туындау қаупін төмендетеді, олардың салдарын жеңілдетеді, иммундық жүйені нығайтады. Қан түзу жүйесінің жұмысын белсендірудің арқасында «нашар» холестеринді, ауыр металлдардың тұздарын, радионуклидтерді және басқа токсиндерді ағзадан шығаруға ықпал етеді. Асқазан микрофлорасындағы пайдалы бактериялардың дамуына оң әсер етіп, асқазан-ішек жолының қалыпты қызметіне ықпал етеді. Ішек қабырғасының қысқару қабілетін ынталандырады, бұл ағзаны шлактардан тазартуды жеделдетеді. Имуномодульдеуші және гепатопротекторлық әрекет етіп, онкологиялық аурулардың туындауына тосқауыл болады.
Қысқа тізбекті жемісті олигосахаридтер – иммунитетті нығайтады, тіршілік әрекетіне және бифидобактериялардың көбеюіне қолдау көрсетеді, іш жүргізетін жеңіл әрекет етеді, қалыпты микрофлораның дамуына және дәретті қалыпқа келтіруге ықпал етеді.
Пайдалы кеңестер: құрғақ, жарықтан қорғалған және балалардың қолдары жетпейтін жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтаңыз.
Қарсы көрсетімдері: компоненттерге дербес төзімсіздік, жүктілік, бала емізу.
ББҚ. Дәрі болып табылмайды.
Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.