Арт. 7016
Францияда өндірілген. RU.77.99.88.003.E.002812.08.19
Құты, 60 кап. Жүректі «мотор» деп бекер атамайды, себебі ол біздің ағзамызды оттегімен және қоректік заттармен қамту үшін қанды тоқтаусыз айдайды. Жүректің жұмысындағы кез-келген бұзылулар адамның өзін нашар сезінуіне және барлық мүшелері мен жүйелерінің жұмысына әсер етеді.
Статистиканың деректері бойынша жүрек-қан тамыры жүйесінің ауруларына шалдыққан емделушілердің саны жыл сайын артып келеді.
Көп таралған және қауіпті патологиялардың бірі болып гипертрофиялық кардиомиопатия – миокард ауытқымалы қалыңдайтын және өз атқарымдарын орындай алмайтын ауру. Кардиомиопатия кезінде жүректің жұмысында кідірістер, демікпе туындайды және тіпті науқас естен танып қалуы мүмкін.
«Моторға» Артеонорм – гименокардия жемістерінің сірінділері мен L-селенометионин қосылған биологиялық қоспа қолдау көрсете алады.
Артеонорм жүрек бұлшықетін нығайтады, оның патологиялық ұлғаюының алдын алады, демікпені азайтады және хал-жайды жақсартады.
Артеонормфито микросфералау технологиясы бойынша жасалды, бұл пайдалы заттардың биоқолжетімдігіне және максималды сіңуіне кепілдік береді. Фитомикросфера өте жұмсақ әсер етеді, жанама әсерлері жоқ.
Артеонорм – биологиялық белсенді қоспа, ол:
➢ жүректің табиғи ырғағына қолдау көрсетеді;
➢ күретамыр қысымын қалпына келтіреді;
➢ миокардты агрессиялық факторлардың, соның ішінде токсиндердің әрекетінен қорғайды;
➢ антиоксиданттық қорғанысты қамтамасыз етеді;
➢ жүректің мерзімінен бұрын қартаюына тосқауыл болады.
Артеонорм мынадай жағдайларда ұсынылады:
• күретамыр қысымы жоғарылаған кезде;
• жүрек-қан тамыры патологияларының алдын алу (профилактикасы) кезінде;
• жүректің ишемиялық аурулары кезінде;
• жүрек соғуының ырғақсыздығы кезінде.
«Артеонорм» құрамы: гименокардия жемістерінің сіріндісі, L-селенометионин, тасығыш ретінде микрокристаллды целлюлоза, магний стеараты – нығыздалуға қарсы агент, капсуланы қалыптастыруға арналған желатин.
Артеонорм биологиялық қоспасының әр компонентінің бірқатар пайдалы қасиеттері бар
Гименокардия жемістерінің сіріндісі
Бұл өсімдікті африкалық халық медицинасында бас айналудан бастап жүректің ауыруына дейінгі әртүрлі ауруларды емдеу үшін пайдаланған. Заманауи ғалымдар Гименокардияның бірегей қасиеттері оның құрамында көптеген әсерлері бар белсенді заттар - алкалоидтардың болуына негізделеді. Олар қан тамырларының түйілуін басады, қан айналымын жақсартады, күретамыр қысымын төмендетеді, ауру синдромын азайтады және жүйке жүйесін тыныштандырады, күретамыр гипертензиясы және жүректің ишемиялық ауруы мен жүрек қыспасы (стенокардия) кезінде хал-жайды жақсартады.
Селенометионин -L
Селеннің органикалық нысаны болып табылады, ол көптеген препараттардың құрамына кіретін өзінің бейорганикалық нысаны – селенитке қарағанда, ағзаға айтарлықтай оңай сіңеді.
Селен иммунитетті нығайтады, зат алмасу үдерісіне қатысады және қалқанша бездің жұмысын реттейді, антиоксиданттық және вирусқа қарсы белсенділік танытады.
Селеннің тапшылығы кезінде үнемі әлсіздік және шаршаңқылық болады, адам жиі салқын тиіп ауырады, ал терідегі жарақаттар баяу жазылады. Көру қабілеті төмендейді және ұрпақ жаңғырту қызметі зардап шегеді – ерлерде қобумен (эрекция) байланысты қиындықтар туындайды, әйелдерде етеккір циклі бұзылады.
Қарсы көрсетімдері: компоненттерге дербес төзімсіздік, жүктілік, бала емізу.
ББҚ. Дәрілік құрал болып табылмайды.