KZ RU
Салауатты мәдениетті қалыптастыру
1994 жылдан бергі өмір
0
Себет

Жаңа
Ұсынамыз
Биоперчатки гель с антибактериальным эффектом, 150 мл.
Биоперчатки гель с антибактериальным эффектом, 150 мл.
(0)
Өнім коды: 8825R
Жоқ
6 400 тенге / шт.
Науқанның соңына дейін:
00күн
00сағат
00мин.

Бактрияларға қарсы компоненттері бар биоқолғапта

Бактерияларға, вирустарға және зеңдерге қарсы сенімді тосқауыл

Биоқолғаптар – терінің беткі қабатында ұзақ әрекет ететін белсенді қорғаныс үлдірін жасайтын гель түріндегі бірегей және өте ыңғайлы өнертабыс. ТАҚ кешенінің және теңіз балдырлары минералдарының үйлесімінің арқасында вирустармен, бактериялармен және инфекциялармен инфекциялануға тосқауыл болады, бұл ретте сумен оңай шайылады және көптеген антисептиктер сияқты теріні құрғатпайды. Биоқолғаптарды пайдаланған кезде Сіздің қолдарыңыз инфекциядан қорғалатын болады, ал теріңіз жұмсақ әрі ылғалды болып қалады!

Толық сипаттама
Сатып алу кезіндегі сыйлық
Біз бұл өнімді сатып алғанда сыйлық береміз
Сыйлықты таңдаңыз
Биоқолғаптар. Бактерияларға қарсы әсері бар гель, 150 мл.
Биоқолғаптар. Бактерияларға қарсы әсері бар гель, 150 мл.
(0)
Жоқ
6 400 тенге

Құрамы: Aqua, Sea Algae (Laminaria Japonica) Cell Juice (Microfiltrate), Avocado Oil Glycereth-8 Esters, Вenzalkonium chloride solution, Sodium hydroxide, Carboxyvinylpolymer, Methylisothiazolinone, Iodopropynyl Butylcarbamate DMDM Hydatoin, Parfume

Тамақтану алдында және қоғамдық жерлерден келген соң қолдарды сабындап жуу керек деп бізді бала кезімізден бері бекер үйреткен жоқ. Бұл – ағзамызды қолымыздың терісінде жиналатын әртүрлі ауру тудырғыш микробтардан қорғайтын гигиеналық қажеттілік. Біз күнделікті әртүрлі заттарды: есік тұтқаларын, автобустағы тұтқаларды, ақша, смартфондардың экрандарын ұстаймыз, бұл беткі қабаттар стерильді ғана емес, сондай-ақ оларда мыңдаған бактериялар, вирустар мен зеңдер жиналады. Және олардың барлығы қол терісіне түседі, ал сол жерден ауызға, мұрынға, көздерге, шырышты қабықшаларға түседі. Сондықтан қолдарды жуу сияқты қарапайым әдет денсаулықты сақтауға көмектеседі, кейде тіпті өмірді сақтап қалады! Алайда, сабын мен су кейде қолжетімді болмайды, бұл жағдайда не істеу керек?

ВИТАМАКС ұсынған Бактерияларға қарсы компоненттері бар биоқолғаптарды пайдалану қажет.

Биоқолғаптар - бактериялардан, вирустардан және зеңдерден сенімді қорғау тәсілі. Жаққан кезде мөлдір түсті гель терінің беткі қабатындағы инфекцияларды жояды, ұзақ мерзім әрекет ететін белсенді үлдірді қалыптастырады.

Осы құралдың авокадо майымен, полисахаридтермен және дәрумендермен күшейтілген кешенді құрамы көптеген пайдалы әсер етеді:

·        бактерияларға, вирустарға және зеңдерге қарсы сенімді тосқауыл жасайды;

·        терінің қорғаныс әлеуетін арттырады;

·        теріні ұзақ уақыт ылғалдандыру мен нәрлендіруді қамтамасыз етеді;

·        жарақатты жазатын және қабынуға қарсы әрекет етеді;

·        теріні дәрумендермен және минералдармен қанықтырады;

·        су теңгерімін қолдайды.

Құралдың компоненттері қалай жұмыс жасайды?

Теңіз балдырларының минералдары

Теңіз балдырлары ақуыздарға, липидтерге, дәрумендерге, хлорофиллге, микроэлементтерге және минералдарға бай, соның арқасында теріде тазарту, уытсыздандыру және қалпына келтіру үдерістерін іске қосады. Құрамында теңіз балдырларының минералдары бар құралдарды пайдланған кезде қолдардың терісі нәзік, ылғалды әрі көрікті болып көрінеді.

ТАҚ кешені

ТАҚ кешені – төрттік аммоний қосылыстары, зарарсыздандыру іс-шараларын жүргізу үшін олармен қол терісін, тұрмыстық заттарды, медициналық құралдарды және беткі қабаттарды өңдеуге болады. Бұл ретте төрттік аммоний қосылыстары адам үшін токсинді емес.

ТАҚ кешені микроағзалардың бөліну және көбею үдерістерін тежейді және ақыры соңында оларды жояды.

Басқа антисептиктерге қарағанда теріні құрғатпайды, сондықтан Биоқолғаптарды пайдаланғаннан кейін Сіздің қолдарыңыз жұмсақ әрі ылғалды болады!

Авокадо майы

Авокадо майы – нағыз табиғи антибиотик, ол терінің микробиотасына зиян келтірмей, бактериялық инфекциядан қорғай алады. Жүйелі түрде пайдаланған кезде жаралардың жазылуына ықпал етеді және қабынуды азайтады. Дәрумендер мен микроэлементтерге бай авокадо майы қол терісінің күйін жақсартады, оны жұмсартады, нәзік әрі көрікті етеді.

Қарсы көрсетімдері: құралдың компоненттеріне дербес төзімсіздік.

Сақтау шарттары:  құрғақ, жарықтан қорғалған және балалардың қолдары жетпейтін жерде 25°С-ден аспайтын температурада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз.

Сақтық шаралары: Көздерге тиіп кетуіне жол бермеңіз. Тиіп кеткен жағдайда шырышты қабықты көп мөлшердегі сумен жуыңыз. Балалрдан қорғаңыз!

 


Материалдар

Теріге аз мөлшерде гель жағыңыз, оны алақанның бүкіл бетіне мұқият таратыңыз және толық кебу үшін 1 минут күтіңіз — ұзақ уақытқа созылатын сенімді қорғаныс пленкасы дайын!

, .

(-). 18 21.00 ( , 18.00), ( 18.00).

. . .