KZ RU
Салауатты мәдениетті қалыптастыру
1994 жылдан бергі өмір
0
Себет

Адренал Про, 60 капс.
Адренал Про, 60 капс.
Адренал Про, 60 капс.
(45)
Өнім коды: 2073R
Қол жетімділік:көп
31 400 тенге / шт.
Науқанның соңына дейін:
00күн
00сағат
00мин.

Стоп-стресс – күйзеліс кезіндегі жедел жәрдем

Adrenal Pro

Құрамында күйзеліс кезінде нутрициологиялық қолдау көрсете алатын өсімдік тектес бірқатар табиғи адоптогендер бар. Ағзаның кез-келген күйзеліс жағдайына бейімделу сапасы мен жылдамдығын арттырады. Күйзелістің бұзу әрекетін тоқтатады. Күйзелістен кейінгі жабырқаудың алдын алады.


Толық сипаттама
Сатып алу кезіндегі сыйлық
Біз бұл өнімді сатып алғанда сыйлық береміз
Сыйлықты таңдаңыз
Адренал Про, 60 капс.
Адренал Про, 60 капс.
(45)
Қол жетімділік:көп
31 400 тенге

Арт. 2073R
АҚШ-та өндірілген. № RU.77.99.11.003.Е.001897. 03. 14 11.03.2014 ж.
Құты 60 капс.

Созылмалы негативті күйзеліс ағзада бірқатар өзгерістерді тудырады. Стрессорлық агенттер көптеген биохимиялық жолдар арқылы өзара әрекеттеседі, соның ішінде эндокриндік, жүйке немесе иммундық жүйелер арқылы өзара әрекеттеседі. Әртүрлі бағалар бойынша қазіргі таңда дәрігерге қаралудың 75%-дан 90% дейінгі жағдайлары күйзеліспен байланысты екені анықталды. Айтарлықтай үрейлендіретін факт болып күйзеліс біздің ДНҚ-ң теломерін (адам ағзасының хромосомаларының барлық 23 жұп хромосомаларының ұшында орналасқан ДНҚ молекулаларының ұштық учаскелерін) қысқартатыны табылады. Күйзеліс әсерлерінің деңгейі жоғары болмағанға дейін оның әсері гомеостаз жүйелерімен бейтараптандырылады. Гомеостаз – бұл үнемі ыңғайластыру арқылы, физиологиялық үдерістерді реттеу арқылы үйлесімді тепе-теңдікті қолдауға қабілеті.

Реттеу жүйелеріне қойылатын жоғары талаптардың нәтижесі ретінде қауіпті факторлар күйзеліс жағдайы қалыпқа келтірілгеннен кейін де ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Биохимиялық ілгерілеулер ұзақ мерзімді әсері бар және «гомеостатикалық теңгерімсіздікке» әкеп соғуы мүмкін. Біріншіден, күйзеліс жағдайының алғашқы секундтарында әртүрлі белсенді заттар – нейротрансмиттер мен кортизол сияқты гормондар қан ағысына босап шығады. Бұл заттар «жүгіру немесе төбелесу» реакциясын және қандағы глюкозаның деңгейін көтеру, қан тамырларын тарылту, жүрек жиырылуларын жиілету, ас қорыту мүшелерін қанмен қамтуды қысқарту арқылы қанды жүйелер мен мүшелер арасында қайта бөлу сияқты басқа стрессорлық бейімдегіш жауаптарды іске қосады. Ерекше биохимиялық жолдарды активациялаған күйзеліс әсерінің нәтижесі ретінде бұл жауап бірнеше сағатқа, күнге, аптаға және одан да ұзақ созылуы мүмкін. Егер ағза тепе-теңдікті айтарлықтай жылдам қалпына келтіре алмаса, онда гомеостатикалық теңгерімсіздіктің кесірінен созылмалы (тұрақты) зақымдану ықтималы ұлғаяды. Бұл биохимиялық әсерлер күрделендірілген және көп түрлі болуы мүмкін және оған мыналар кіруі мүмкін: семіздік, диабет, остеопороз, гипертония, жүрек-қан тамырларының аурулары, инфекциялық аурулар, асқазан жарасы, қатерлі ісік, АІЖ (асқазан-ішек жолының) аурулары, терінің зақымдануы, неврологиялық бұзылулар, сексуалдық қатынастың бұзылуы, физиологиялық қиындықтар, зият пен зейінділіктің және есте сақтау қабілетінің бұзылуы, қабыну реакцияларының белгілері (циклооксигеназдық немесе COX ферменттері), липидтердің асқынтотығуы (бауырдан алынған сынамалар), кортизол (стероидтық гормон), нейротрансмиттерлік бұзылулардың белгілері (норадреналин, допамин, серотонин, ацетилхолин және ГАБА), гипоталамдық-гипофизардық-адреналиндік жүйенің (HPA) реттелуі, антиоксиданттық жүйенің, энергетикалық жүйенің (АТФ) және иммундық жүйенің бұзылу белгілері.

Жақсы жаңалықтар

Гомеостазға адаптогендердің тобына кіретін табиғи сірінділердің көмегімен қолдау көрсетуге болатыны ғалымдарға бұрыннан бері мәлім. Бірақ көбірек тиімділік үшін олар ағзаның жауабын толықтыра алатындай етіп және стрессорлық реакцияларға түсетін көптеген зат алмасу жолдарын модульдеуге табиғи тәсілімен көмектесуі тиіс Адаптогендер–бұл фармакологиялық композициялардың (компаундтардың) тобы, олар стрессорлық әсерлерге тиісті түрде жауап беру үшін, ағзаның құрылымын сақтау үшін және оның атқарымдарын күйзелістің зақымдағыш әсерінен қорап, ағзаның қалыпты үдерістерді аса жылдам қалпына келтіруін жеделдету (гомеостаз) үшін ағзаға мүмкіндік береді. Адаптогендердің негізгі әсері болып жылулық шок ақуызының концентрациясын арттыру табылады, ол Hps70 ретінде мәлім. Hps70 жасушаның тірі қалуы және апоптоз (бағдарламаланатын жасушалық өлім) кезінде өзекті рөл атқарады. Әр адаптоген бірнеше жолмен жұмыс жасайды және оңтайлы қиыстыру кезінде көптеген биохимиялық жолдарды модульдеу қабілеті болады, бұл психикалық саулық пен дене саулығын жақсартады және созылмалы аурулардың туындау жиілігін азайтып, өмір ұзақтығын арттырады.

Жақында жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, тоғыз адаптогеннің біздің ағзамызды күйзелістің көптеген жасушалық механизмдерінен қорғау қасиеттері бар.

Құрамы:

кордицепс, америкалық адамтамыр тамыры, Бакопа бұтақтары мен жапырақтарының сіріндісі, қасиетті насыбайгүл жапырақтарының сіріндісі, жарғақты астрагал тамырының сіріндісі, бес жапырақты гиностема шөбі, қытайлық лимонниктің жемістері, Нони жемістерінің сіріндісі, мия тамыры.

Ингредиенттердің қасиеттері:

Бакопа (Bacopa Monnieri) Брахми, сулы сайсағыз

Бұл өсімдік мыңжылдықтар бойы, әсіресе Үндістанда, жасартатын шөп ретінде пайдаланылып келеді. Зерттеулер көрсеткендей, бұл өсімдіктің ойлау қабілетімен, ынталандырумен, сезімталдықпен және қозғалтқыш қызметпен байланысты жүйеге адоптогендік (бейімдегіш) әсер етеді. Брахманы қолданудың қосымша әсері болып ашулану, ақыл-ой шаршаңқылығы, есте сақтау қабілетінің нашарлауы сияқты күйзеліс жағдайларының төмендеуі, сондай-ақ күйзеліске байланысты мынадай метаболиттер мен үдерістердің теңгеріміндегі бұзылулардың төмендеуі табылады:

кортизол;
липидтердің асқын тотығуы;
нейротрансмиттердің теңгерімсіздігі;
ойлау және есте сақтау;
антиоксиданттық белсенділік;
амилоидтық ақуыздардың алмасуының бұзылуы.

Зерттеулер

Қосарланған соқыр плацебтік-бақыланатын зерттеу.
60-75 жас аралығындағы 18 зерттелуші.
Мөлшерлеуі: күніне бір рет 300 мг (Адренал Про жасаған кезде Нью Спирит пайдаланған анағұрлым концентрацияланған 220 мг субстратқа баламалы).

Зерттеу ұзақтығы - 4 ай.
Нәтижелері:
көңіл-күй, әсіресе күйзеліс кезіндегі көңіл-күй 30% жақсарды;
есте сақтау мен оқу үдерістері 24% жақсарды;
зейінділік 23% жақсарды;
зият деңгейінің көрсеткіштері 15% жақсарды.
Зерттеудің анағұрлым әсерлі деректері болып зейінділікке, тапсырмаларды орындау жылдамдығына және есте сақтау қабілетін жақсартуға қатысты жасалған нәтижелерді жақсартудың айқын беталысы табылады.

Осы өсімдік композициясы үшін 5НТ1а серотониндік рецепторына әсері көрсетілді, ол есте сақтау немесе көңіл-күй сияқты психикалық қызметтерді орындау үшін жауапты.

Holy Basil (Ocimum tenuiflorum) Қасиетті насыбайгүл, Туласи

Мыңжылдықтар бойы дәрілік өсімдік ретінде пайдаланылады. Зерттеулерде анықталғандай, бұл өсімдік стрессорлық зақымданудың әртүрлі көрсеткіштерін ұстап тұрады және жеңілдетеді, мысалы, липидтік спектрдің көрсеткіштерін қалыпқа келтіреді және өміршеңдікті арттырады.

Қасиетті насыбайгүл мынадай ерекше стресс-индукциялық гомеостатикалық көрсеткіштерді қалыпқа келтіру арқылы ішкі тепе-теңдікті сақтауға көмектесетіні дәлелденді:

қандағы қанттың деңгейі;   
антиоксиданттық белсенділіктің күйі;
холестеролдың деңгейі мен дәрежесі;
липидтердің асқын тотығы;
қабыну;
асқазан жарасы;
плазмалық креатинкиназа деңгейі (қан плазмасының ферменті).

Зерттеулер

Ғалымдар рандомизирленген плацебтік-бақыланатын зерттеулерді талдады, бұл зерттеу барысында сыналушылар күніне 1200 мг туласи және 79 сыналушылар плацебо қабылдады. Ойлау және энергодефицит-байланысқан үдерістерді сипаттайтын, күйзеліспен байланысты әртүрлі көрсеткіштер стандартты пакетті (RMANOVA) бастапқы күйінде және зерттеудің 2, 4 және 6 аптасында қолдану арқылы өлшенді және талданды.

Қорытынды нәтижелер көрсеткендей, ұмытшақтық, сексуалдық қатынастағы жақында туындаған мәселелер, сарқылу сезімінің жиі туындауы, жақында туындаған жиі ұйқысыздық сияқты барлық зерттелген стресс-байланысқан симптомдар айтарлықтай жақсартылған.

Күйзелісті өтеудің ортақ баллы қасиетті насыбайгүлді қолданған плацебо тобымен салыстырғанда 39%-ға жақсарғаны анықталды. Таңғаларлығы, мұндай әсер препаратты қабылдау тоқтатылғаннан кейін де, соның ішінде қадағалаудың 6-шы аптасында да сақталды.

Cordyceps (Cordyceps pentaphyllum) Кордицепс

Зерттеулер кордицепс (медициналық мақсаттағы саңырауқұлақ) күш-жігерді жеделдетіп қалпына келтіретін және ұзақ әрі ауыр аурудан кейін ағзадағы барлық үдерістерді жеделдететін құрал ретінде ұсынады.

Қосымша зерттеулер көрсеткендей, Кордицепс мынадай салаларда стресс-индуцирленген теңгерімсіздікті қалыпқа келтіреді:

қандағы қант деңгейі;
антиоксиданттық жүйенің белсенділігі;
АТФ;
сексуалдық атқарым;
қабыну;    
липиидтердің асқын тотығуы;
гипоталам-гипофизарлық-адреналдық жүйені реттеу.

Кордицепсті зерделеуде қызығушылық тудырған сала болып созылмалы күйзеліс кезінде оның либидоға әсері болды. Рандомизирленген, қосарланған соқыр плацебтік-бақыланатын зерттеуге сексуалдық белсенділігі төмендеген 189 ерлер мен әйелдер қатысты, Нәтижелерді талдаған кезде ғалымдар таңғаларлық қорытынды шығарды. Препаратты 40 күн қолданған кездің өзінде сексуалдық белсенділік 66%-да жақсарғаны дәлелденді. Сексуалдық белсенділіктің қанағаттандырарлық дәрежесі жақсарып қана қоймай, өшіп бара жатқан либидо (құмарту) қалпына келтірілген.

Jiaogulan (Gynostemma pentaphyllum) бес жапырақты гиностемма, Цзяогулань, Джиаогулан

Цзяогулань Азияда, әсіресе Қытайда өсетін жабайы өсімдік болып табылады. Бұл өсімдіктің адаптогендік және антигипоксанттық қасиеттері бар. Кейде оны «оңтүстік адамтамыры» деп атайды. Гиностемманың химиялық құрамы адамтамырдың құрамына ұқсас, бірақ одан басым, сондықтан бұл өсімдікті өлімсіздік шөбіне жиі жатқызады. Цзяогуланьның мұндай атағы оның құрамында антиоксиданттық және адаптогендік заттардың болуымен байланысты және өмір ұзақтығын арттырудың айқын әсерін білдіреді. Гуачжоу провинциясында Фанинг тауларына жақын ауылда көптеген оқиғалар туралы айтылады, онда жергілікті тұрғындар басқа өңірлерде тараған көк шайдың орнына цзяогулань шөбінен қайнатылған шай ішеді екен. Нәтижесінде көптеген жергілікті тұрғындар ұзақ өміршеңдіктің керемет мысалдарын көрсетті (History of Jiaogulan, Chapter II, China's Immortality Herb, Michael Bulmert –Дзяогулань оқиғасы, 2-тарау, Қытайдың өлімсіздік шөптері, Михаель Булмерт).

Цзяогулань шөбінің құрамында сапониндер, тритерпеноидтар және гипенозидтер сияқты көптеген белсенді компоненттер бар екені мәлім. Іс жүзінде, адамтамырда анықталған 28 гинсенозидпен салыстырғанда осы өсімдікте 82 сапонин (гипенозид) сәйкестендірілді.

Гиностемма адаптоген ретінде танымал, ол ағзаға оңтайлы гомеостазды ұстап тұруға көмектеседі деп пайымдалады. Адаптогендік әсерге күретамыр қысымын және иммундық жүйені реттеу, өмірлік күш-жігер мен шыдамдылықты арттыру кіреді. Цзяогулань шөбі супероксиддисмутаза (СОД) деңгейін арттыратыны анықталды, ол күшті эндогендік жасушаішілік антиоксидант болып табылады. Зерттеулер көрсеткендей, бұл өсімдік макрофагтардың, Т-лимфоциттер мен табиғи киллерлердің белсенділігін арттырды, бұл қатерлі ісіктердің өсуін ингибирлеуге әкеп соғады. Қытай медициналық әдебиетіндегі бірқатар клиникалық зерттеулер дәлелдегендей, цзяогулань қан сарысуындағы холестеролды, триглецеридтер деңгейін және ТТЛП (тығыздығы төмен липопротеиндер) төмендетеді, сонымен қатар, ТЖЛП (тығыздығы жоғары липопротеиндер) деңгейін 67%-дан 93% дейінгі дәлелденген тиімділік деңгейіне арттырады.

Басқа зерттеулер ағзаның гомеостаз деңгейін қалыпқа келтіру үшін осы өсімдіктің басқа әсерлері бар екенін дәлелдеді, ол ағзаның тәуліктік ырғақтарын қалпына келтіруге, тау аурын болдырмауға, ерлер мен әйелдердің гормондық теңгерімін қалыпқа келтіруге көмектеседі, күретамыр қысымын ретке келтіреді, шаршаңқылықпен күреседі, күш-қуат пен өмірлік күш қорын күшейтеді. Жүре-қан тамыры жүйесінің қызметін жақсартуға көмектеседі, күретамыр гипертензиясын төмендетуге көмектеседі және гипотензия кезінде қан қысымын арттырады.

Schisandra (Schisandrachinensis) Қытайлық лимонник

Әдетте бұл өсімдік «бес дәмнің жидегі» деп аталады, себебі бұл өсімдіктің барлық бес дәмі бар: тұзды, тәтті, қышқыл, ашы және қышқылтым дәмдері бар. Лимонник – қытайлық көне дәрілік өсімдіктердің бірі, оның қасиеттері бірінші ғасырдағы медициналық трактатта сипатталады. Бұл өсімдік дәстүрлі қытайлық медицинада 50 негізгі шөптердің бірі ретінде қарастырылады. Ол құрамында инь, янь және чи деп аталатын «үш қазына» бар сирек өсімдіктердің бірі болып есептеледі.

Зерттеулер оның адаптогендік, антиоксиданттық және гепатопротекторлық әсерлерін дәлелдейді. Шисандра КСРО-ң ресми медицинасында 60-шы жылдардың басында адаптогендік әсері дәлелденген, расталған және бекітліген алғашқы өсімдік болды. Бұл 20 жылдан астам уақыт бойы өте үлкен көлемде клиникалық және фармокологиялық зерттеулерді орындаған көптеген ғалымдардың қауырт жұмысының арқасында мүмкін болды. Лимонник КСРО-ң Ұлттық фармакопеясына және Дәрілік құралдардың мемлекеттік тізіліміне енгізілді.

Фармакологиялық зерттеулер көрсектендей, лимонник ықтимал дене белсенділігінің деңгейін арттырады және күйзелістік зақымдаушы әсерлердің кең спектрінен, соның ішінде ыстық ұру, терінің күюі және ауыр металлдармен улану сияқты әсерлерден қорғайды. Соршөп шыдамдылықты, қозғалыс дәлдігін және ойлау үдерістерін жақсартады.

Қытай медицинасында: лимонник ағзаны жасартады, чи өмірлік күш-жігерді арттырады, жөтелді емдейді, шаршаңқылықты басады, сексуалдық белсенділікті арттырады (көкнәр тамырының ұнтағы сияқты). Негізінен өкпе мен бүйректердің ауруларын емдеу үшін пайдаланылады. Көп тершеңдікті басады, жыныс жүйесі мен несеп шығару жүйесінің ауруларын емдеген кезде оң әсер етеді, сондай-ақ ағзаның сұйық орталарын шығаруға көмектеседі және шөлдеуді басады.

Адаптоген ретінде: лимонник жүйке жүйесіне қоздыру әсерінсіз ынталандырғыш әсер ететіні белгілі (амфетамин немесе кофеин сияқты). Әлсіреу неғұрлым жоғары болса, бұл өсімдік соғұрлым жақсы әсер етеді.

Шаршаңқылыққа қарсы құрал ретінде: жұмысқа қабілеттікті жақсартады, күш-жігерді арттырады және шаршаңқылықты басады, зейінділікті арттырады. Рефлекстерді уақытша күшейтеді және жеделдетеді. Сондай-ақ есту және көру қасиеттерін жақсартады, көру аймағын кеңейтеді және қараңғыда бейімделу үдерісін жақсартады.

Иммунитет үшін: лимонниктің белсенді компоненттері қабынуды болдырмайды, бауырды қорғайды және иммундық жүйені ынталандырады (кордицепске және шашақты ежовикке ұқсас әрекет етеді).

Бірқатар клиникалық зерттеулер астения, неврологиялық және психиатриялық аурулар (невроз, депрессия, астениялық-депрессиялық күй, шизофрения және маскүнемдік кезінде, көру қабілеті бұзылған кезде, жүрек бұлшықетінің гипертензиясы мен әлсіздігі кезінде, тұмау эпидемиясы, созылмалы синусит, есту жүйкесінің невриті, отосклероз және пневмония кезінде лимонниктің тиімділігін көрсетті.

Astragalus (Astragalus Membranaceus) Жарғақты астрагал

Астрагал дәстүрлі қытай медицинасында мыңжылдықтар бойы адаптоген ретінде пайдаланылып келеді, бұл осы өсімдік әртүрлі күйзелістер кезінде, соның ішінде дене күйзелісі, психологиялық және эмоциялық күйзелістер кезінде ағзаны қорғайтынын білдіреді. Заманауи кезде астрагал батыс медицинасында қолданыла бастады. Оның әрекеті иммундық жүйені қалпына келтіруді және күшейтуді, жүрек-қан тамыры жүйесінің қызметін жақсартуды, өмірдік атқарымдарды жақсартуды қамтамасыз етеді. Астрагалды қолданудың клиникалық расталған көрсеткіштері болып иммунитеттің бұзылуы табылады, иммунитет онкопатология және вирустық инфекция кезінде бұзылады, сондай-ақ әдеттегі тұмаурату, жатыр мойнының эрозиясы түрінде өтуі мүмкін, Herpes Simplex вирусымен қауымдастырылуы ықтимал (Thorne Research Inc. Alternative Medicine Review Vol.8, Number 1, 2003).

Астрагалдың қабынуға қарсы және бактерияларға қарсы қасиеттері бар. Оның құрамында антиоксиданттар бар, олар жасушаның энергиясымен синтез кезінде түзілетін бос радикалдардан туындайтын зақымданулардан жасушаларды қорғайды. Құрама Штаттарында зерттеушілер астрагалға химиялық терапия немесе сәуле терапиясы қолданылған науқастардың иммундық жүйесін нығайтуға арналған келешекті препарат ретінде назар аударды. Осы зерттеулер кезінде құрамында астрагал бар препараттарда агерссиялық емдеуден кейінгі емделушілердің денсаулығын жылдамырақ қалпына келтіру үшін және өмірін ұзарту үшін әлеуеті жоғары екені анықталды (University of Maryland Medical Center, Astragalus, 2003).

Noni (Morinda citrifoli) Нони, Цитрусолистік моринда

Нони - адаптогендердің арасындағы жаңа сөз. Ол антиоксиданттың қасиеттерін иеленетіні, күйзеліс пен шаршаңқылықты басатыны, ауырсыздандырғыш әсер ететіні (ауру стимуляциясына сезімталдықты төмендететіні), токсиндік және қабынуға қарсы стимулдардың әсерін болдырмайтыны/тежейтіні мәлім,

Зерттеулерге және клиникалық тәжірибеге сүйене отырып, нони құрамында табылған полисахаридтерге бай заттар қалыпты емес жасушаларға басқыншылық жасап, ағзаның иммундық жүйесін стимуляциялау арқылы жасушаларды қалыпты емес өсуін тежейді деген пікір кең таралды. Тышқандарға жүргізілген кейбір эксперименталдық зерттеулерде онкологиялық үдерістерді нони негізіндегі препараттармен емдеу тәжірибе жүргізілген жануарлардың жүрегінде, бауырында және бүйректерінде қатерлі ісік жасушаларының түзілуі төмендегенін және өміршеңдігі 75%-дан астым ұлғайтылғанын көрсетті.

Моринданың құрамында фитонутриенттер бар екені мәлім, олар мынадай оң әсерлер үшін жауап береді:

Антрагуинондар (Дамна Кантол) – арнайы Т-хелперлерді активациялау арқылы қатерлі ісік жасушаларына берілетін иммундық жауапты ынталандырады.

Гликозидтер – жақында анықталған компонент, ол қатерлі ісіктің түзілуіне жол бермейді, бос радикалдарды жояды.

Скополетин – қабынуға қарсы, гистаминге қарсы, зеңге қарсы және бактерияларға қарсы агент. Ол күйзеліс пен үрейді жеңуге көмектесетін «жақсы көңіл-күй гормоны» - серотонинді реттеуге көмектеседі. Бұл өсімдік қан тамырларын кеңейтетін әсер етеді және күретамыр қысымын төмендетеді. Мелатонинмен бірге ұйқыны, аштықты және дене температурасын реттеуге көмектеседі.

Licorice (Glycyrrhiza Glabra) Лакрица, Жалаңаш мия

Лакрицаның құрамында изофлавоноидтар, глицерелизин, халькондар, кумариндер, стерондар, амин қышқылдары мен лигнандар сияқты көптеген белсенді компоненттер бар. Бұл компоненттерде кортизол мен эстрогенді модульдейтін белсенділік бар екені, қабынуға қарсы әсері ететіні дәлелденді.

Глициризинде белсенді кортизолды белсенділігі төмендеу клюкокортикоид кортизонға айналдыру үшін жауап беретін 11-бета-гидроксилаза ферментінің белсенділігін төмендету қабілеті бар. Эстрогеннің деңгейі тым төмен болған жағдайларда глициризин мен лигнандар да эстрогендік белсенділік танытады. Эстрогендердің деңгейі тым жоғары болған кезде оларда эстрогендік белсенділікті ингибирлеу қабілеті бар. Лакрицаның мұндай қабілеті адреналы сарқылған ерлер мен әйелдер үшін өте маңызды, себебі олар эстрогендік метаболизмнің бұзылуына жиі шалдығады.

Интерферон өнімін арттыру және вирустық РНҚ репликациясын ингибирлеу қабілетінің салдарынан лакрицаның вирусқа қарсы қасиеттері дәлелденді. Сондай-ақ лакрицаның қабынуға қарсы және аллергияға қарсы әсері бар. Бұл қасиеттері симпат-адренал жүйесі сарқылған емделушілер үшін өте пайдалы.

Пайдалы кеңестер: құрғақ, жарықтан қорғалған және балалардың қолдары жетпейтін жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтаңыз.

Қарсы көрсетімдері: Жоғары жүйке қоздырғыштығы, ұйқысыздық, жоғары қан қысымы, жүрек қызметі ырғағының бұзылуы, жүктілік, компоненттерге дербес төзімсіздік.

ББҚ. Дәрі болап табылмайды.
Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн. 


Бейне

қолдану: < b>< / b>< / b>
Ересектерге тамақтанудан бір сағат бұрын күніне бір капсула.
Елена
Брала Адренал Про для себя, так как  врач диагностировала  надпочечниковую усталость. Были длительные стрессы, утомляемость, что привело к данному диагнозу. Пропила курсом 2 месяца. За это время улучшилось общее самочувствие, стала менее раздражительной, почувствовала прилив сил и энергии, легче стало просыпаться по утрам. Рекомендую!
Аты
Светлана
После приема адренала про улучшилось состояние нервной системы.И можно сказать моя психика пришла в норму.Состояние вообще  пришло в норму,куда то испарилась бесконечная слабость.Легко стала вставать по утрам.И самое главное испарились мои панические атаки.Куда только не не обращалась - и к неврологам,и к психологам,и к психиатрам.Это был ужас.И нашла волшебные капсулки Адренала про.
Аты

, .

(-). 18 21.00 ( , 18.00), ( 18.00).

. . .