Арт. 3000TR
АҚШ-та өндірілген. RU.77.99.32.003.Е.000519.01. 15 20.01.2015 ж
Құты 30 капс.
«Лактобактерий Витабаланс 3000» кешені – сүт қышқылды бактериялардың табиғи кешені, бір капсуласында сәбіз негізіндегі шамамен 1,4 млрд. тірі бактерия бар, ол микроағзалар үшін – ішектің оңтайлы жұмысын қамтамасыз ететін бактериялардың көптеген түрлері үшін табиғи қоректік орта болып табылады. Антибиотиктердің, дәрі-дәрмектің шамадан тыс қолданылуы, жүйелі тамақтанбау, күйзелістер салдарынан асқазан-ішек жолының жұмысын қамтамасыз ететін алмастырылмайтын лактобактериялар саны азаяды.
«Витабаланс 3000» кешенінің формуласында ағза үшін қажет лактобактериялар бар және жүйелі түрде қабылдаған кезде олар ішектің микрофлорасын қалыпқа келтіреді. Аутотоксиндердің теріс әсерін бейтараптандырады, пайдалы заттардың анағұрлым жақсы сіңуіне ықпал етеді, ағзаның қорғаныс күшін және жүйке жүйесінің тұрақтылығын ынталандырады. Бүйректердің, асқазанның, бауырдың жұмысын жақсартады, онкологиялық аурулардың алдын алады, ағзаны уытсыздандыру үдерістерін қалыпқа келтіруге және тағамдағы дәрумендер мен микроэлементтердің толық сіңуіне ықпал етеді. Кешен ішек микрофлорасының барлық дербес ерекшеліктерін сай келеді; іш өту, ішқатпа, іштің бұрып ауруы, көп газ түзілу сияқты күйлерді теңгерімдейді.
Витабаланс 3000 – гипоаллергенді және тағамдық диатездер, аллергиялар кезінде, иммунитет әлсіреген кезде пайдаланылуы мүмкін.
Кешен ішектегі пайдалы бактериялардың теңгерімін сақтайды, бұл зат алмасу (көміртекті және май алмасу) үдерісі бұзылған, атеросклероз симптомдары бар адамдар үшін маңызды, сондай-ақ профилактика мақсатында қабылдау үшін керемет сай келеді. Онкологиялық аурулар кезінде хал-жайды жақсартуға көмектеседі, улану белгілерін азайтады, инфекцияның алдын алады, өт қабының жұмысына оң әсер етеді, пайдалы пробиотикалық заттардың көзі болуға жарамды. Олар ішектегі пайдалы және зиянды бактериялардың арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуына тосқауыл болады, ас қорыту үдерісінің теңгерімділігі мен физиологиясын қамтамасыз етеді.
Құрамы: Lactobacillus acidophilus, Lactobacillus casei, Lactobacillus rhamnosus, Lactobacillus plantarum, Lactobacillus salivarius, Lactobacillus bulgaricus, Lactobacillus brevis тірі дақылдарының пробиотикалық қоспасы, күріш ұнтағы, сәбіз тамыр жемістерінің ұнтағы, су.
Ингредиенттердің қасиеттері:
Тірі дақылдардың пребиотикалық қоспасы – негізгі өнімдердің бірі ретінде сүт қышқылды түзу арқылы көміртектерді ашытатын микроаэрофильді грамоң микроағзалардың тобы;
Сәбіз тамыр жемістерінің ұнтағы – ацидофильді лактобактериялар микрофлорасының өсуі мен даму үшін қажет қоректік талшықтардың көзі.
Пайдалы кеңестер: балалардың қолдары жетпейтін, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, тоңазытқышта сақтаңыз.
Қарсы көрсетімдері: компоненттердің дербес төзімсіздігі.
ББҚ. Дәрі болып табылмайды.
Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.