Арт. 270
АҚШ-та өндірілген. № RU.77.99.11.003.Е000532.01.15 20.01.2015 ж
құты 60 мл
Адам ағзасында бауырдың орны ерекше, оның жұмысының бұзылуы бүкіл ағзаға теріс әсер етеді. Сондықтан салауатты әрі жігерлі өмір сүру үшін бауырға күтім жасау қажет, оған дәстүрлі қытай медицинасына негізделіп жасалған «Фитотоник Тонус»көмектеседі.
«Фитотоник Тонус» емдік саңырауқұлақтардың жоғары шоғырланған сіріндісінен (полисахаридтер) тұрады, бауырдың көптеген атқарымдарына қатысатын күшті полисахаридтермен бауырды нәрлендіреді. Сонымен қатар, Фитотоник Тонус компоненттері иммундық жүйені, қандағы қантты және май алмасуын теңгерімдейді.
Кешеннің құрамына кіретін компоненттер қытай медицинасында бұрыннан мәлім және тиісті қолдану саласындағы құралдар болып табылады және солардың арқасында «Фитотоник Тонус» бауырға әсер етіп қана қоймай, сондай-ақ антиоксиданттық, иммунокүшейтуші, тыныштандырғыш әрекет етеді.
Құрамы: ганодерма (рейши), шиитаке (lentinus), маитаке (maitake), сермене, кокос тәрізді пория, кордицепс, тарақты бұйырғын, кәдімгі тікенбұта, алатікен, полисахаридтер, бүлдірген.
Ингредиенттердің қасиеттері
Маитаке саңырауқұлағының сіріндісі. Маитаки саңырауқұлағының биологиялық белсенді қосылыстары интерферонның шығарылуын күшейтеді. Қатерлі ісіктердің өсуі мен дамытуын басады.
Рейши саңырауқұлағының сіріндісі. Дәстүрлі қытай медицинасында әрекет ету диапазоны кең және жанама әсерлері жоқ өсімдіктер пайдаланылады. Саңырауқұлақ интерферонның (ағзаны вирустық аурулардан қорғауға ықпал ететін протеин) шығарылуын ынталандыратын полисахаридтерге бай. Антиоксиданттық қасиеттері бар, жүйке жүйесіне бейімдегіш әсер етеді, күйзелістерге қарсы тұру үшін ағзаға көмектеседі.
Шиитаке саңырауқұлағының сіріндісі. Биологиялық белсенді қоспаларының айқын иммунмодульдеуші қасиеттері бар, интерферонның шығарылуын күшейтеді, қатерлі ісіктің өсуін басуға қатысады.
Кордицепс саңырауқұлағының сіріндісі. Жоғары бейімдегіш қасиеттері бар, құрамында биологиялық және фармокологиялық қасиеттері тән заттар, мысалы, кордицепин бар, кордицепстің белгілі жіпшумағы циклоспорин иммундық депрессантын алуға арналған шикізат болып табылады.
Пория саңырауқұлағының сіріндісі. Пория саңырауқұлағында бауырлардың атқарымын жақсарта алатын, холестериннің деңгейін төмендетуге және қабынуды басуға қатысатын, сондай-ақ қатерлі ісікке қарсы және вирустарға қарсы әсер ететін заттар бар. Есте сақтау қабілетінен айырылған кезде, үрейлілік, шаршаңқылық, күйгелектік кезінде пайдаланылады. Несеп шығару қиындаған кезде, асқазан жұмысы бұзылған кезде, жөтел кезінде көмектеседі.
Пайдалы кеңестер: балалардың қолдары жетпейтін, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтаңыз.
Қарсы көрсетімдері: жоғары жүйке қозушылығы, ұйқысыздық, жоғары күретамыр қысымы, жүрек соғу ырғағының бұзылуы, айқын атеросклероз, жүктілік, бала емізу, кешкі уақытта қабылдау, ББҚ компоненттеріне дербес төзімсіздік.
ББҚ. Дәрі болып табылмайды.
Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.