Арт. 7021
Францияда өндірілген. RU 77.99.88.003.E.002814.08.19.
Құты, 60 капс.
Адам күн сайын ерекше заттарды, дәрумендер мен микроэлементтерді қажетсінеді, олардың көбісін ағза өз бетінше синтездей алмайды. Олардың бірі болып кремний табылады, ол денсаулық үшін және барлық мүшелер мен жүйелердің жұмысы үшін өте маңызды элемент.
Біз кремнийдің тапшылығынан жиі зардап шегеміз, себебі тағаммен бұл микроэлемент жеткілікті мөлшерде түспейді. Заманауи адамның азық-түлік себетінде дәрумендер мен минералдар аз, сондықтан барлық қажет нутриенттерді тағаммен бірге алу мүмкін емес. Сонымен қатар, кремнийдің тапшылығы белсенді өсу, жүктілік, спортпен қарқынды айналысу кезінде күрт ұлғаяды. Заманауи дәрігерлер сырқаттану және тіпті күрделі аурулар қандай да бір минералдың немесе дәруменнің тапшылығына негізделетініне назар аударады. Кремний тапшы болған кезде иммунитет төмендейді, тырнақтар сынғыш болады, шаш ұштанады және түседі, терінің серпімділігі мен тонусы азаяды. Бұл элемент ұзақ уақыт бойы тапшы болған кезде орталық жүйке жүйесі, жүрек пен қан тамырлары зардап шегеді.
Кремнийдің тапшылығын толтыруға және ағзаға қолдау көрсетуге «Бамбуковый кремний» қоспасы көмектеседі, оның құрамында кремний ағзаға сіңу үшін ең оңтайлы қалыпта! Қоспаны дайындау әдісі – фитомикросфералау – максималды биоқолжетімдікке жетуге мүмкіндік береді, соның арқасында кремний жылдам сіңеді және белсенді жұмыс жасай бастайды!
«Бамбуковый кремний»:
· етеккір үзілісі кезінде әйелдерге остеопороздың профилактикасы үшін;
· дене жүктемелері жоғары спортшыларға;
· тірек-қозғалыс аппараты сынған және жарақаттанған емделушілерге;
· ұйқысыздыққа шалдыққан адамдарға;
· теңгерімсіз тамақтанған кезде;
· өмірлік маңызды микроэлементтердің көзі ретінде - тиімді көмек.
«Бамбуковый кремний» қоспасы жасушалық тыныстауды жақсартуға ықпал етеді, зат алмасу үдерістерін белсендіреді және жасушалық жасаруды іске қосады. Дәнекер тінінің сапасын жақсарту арқылы беттің сопағын нығайтады және буындар мен сіңірлердің беріктігін арттырады. Кальцийдің сүйекке сіңуін ынталандырады, соның арқасында сүйек сынғаннан кейін қалпына келуге ықпал етеді және остеопорозға профилактика жасайды.
Құрамы: бамбук сіріндісі, коэнзим Q10 (убихинон), марганец глюконаты.
«Бамбуковый кремний» қоспасының әр ингредиенті өзінің маңызды және орны толмас рөлін атқарады.
Кремний
Кремний – біздің ағзамыздың барлық дерлік үдерістеріне қатысатын бірегей микроэлемент. Ол зат алмасуды белсендіреді, иммунитетті нығайтады, сүйектердің, буындар мен сіңірлердің беріктігін арттырады, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын жақсартады, әжімдердің азаюына ықпал етеді, теріні, шашты және тырнақтарды сау әрі келбетті етеді.
Коэнзим Q10 (убихинон)
Қандағы қант деңгейін қалпына келтіруге ықпал етеді, қатерлі ісіктердің пайда болуының алдын алады, иммунитетті нығайтады және ағзаға сергектік пен күш-қуат береді. Убихинон қан тамырларын нығайтады және күретамыр қысымын қалыпқа келтіреді, теріні сыртқы агрессиялық факторлардан қорғайды және қартаю үдерістерін тежейді.
Марганец глюконаты
Марганец антиоксиданттық белсенділік білдіріп, ағзаны бос радикалдардан және мерзімінен бұрын қартаюдан қорғайды. Сүйектердің нығаюына және қандағы қант деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді. Жүйке жүйесінің қызметін және репродуктивті мүшелердің жұмысын жақсартады. Жарақаттардың жазылуын жеделдетеді.
«Бамбуковый кремний»:
· шамадан тыс дене және ақыл-ой жүктемелері кезінде, мысалы, емтихандарға немесе спорттық жарыстарға дайындалған кезде күш-жігерді және төзімділікті арттыру үшін;
· жас ұлғаюына байланысты өзгерістердің профилактикасы үшін;
· репродуктивті жүйенің мүшелерінің жұмысын жақсарту үшін;
· қабыну үдерістерін азайту үшін;
· жүрек-қан тамырлары ауруларының профилактикасы (алдын алу) үшін;
· остеопороз кезінде;
· сүйек сынған, сіңір созылған және буындар жарақаттанған кезде;
· тері құрғаған және қабыршақтанған кезде;
· терінің қабынуы және қышыма кезінде;
· тырнақтар әлсіз және сынғыш болған кезде;
· ұйқы бұзылған кезде ұсынылады.
Қарсы көрсетімдері: компоненттерге дербес төзімсіздік, жүктілік, бала емізу.
ББҚ. Дәрілік құрал болып табылмайды.