Арт. 8212
Ресейде өндірілген СГР: № RU.77.99.11.003.Е.011058.11. 14 21.11.2014 ж.
Құты 60 капс.
«Цистовитин»– итбүлдірген, аюқұлақ, қалақай жапырақтарының сірінділерінен; дәрумендік премикстен (А, D3, B1, B6, B12, C дәрумендері, никотинамид, фолий қышқылы, пантотен қышқылы, биотин) тұратын табиғи кешен.
«Цистовитин» компоненттерінің белсенді заттары айтарлықтай тиімді әрекет етеді, несеп шығару жолдарындағы қабыну және инфекциялық үдерістер кезінде бактерияларға қарсы, қабынуға қарсы, несеп айдағыш әрекет етеді; инфекциялық және тынышсыз күйлер кезінде көмектеседі; қабынуға қарсы, несеп айдағыш, бактерицидтік, антиоксиданттық әрекет етеді.
«Цистовитин» кешенінің компонентері зат алмасуға оң әсер етеді, бүйректердің, өкпенің, терінің шығару атқарымына қолдау көрсетеді, токсиндердің бейтараптандырылуына және шығарылуына, қан тамырларының қабырғасының икемдігі мен беріктігін арттыруға, холестериннің төмендеуіне ықпал етеді, атеросклерозға қарсы әрекет етеді.
Қолдану көрсетімдері:
· несеп шығару жолдарының ауруларының алдын алады;
· бактерицидтік, қабынуға қарсы әрекет етеді;
· қан тамырларының қабырғасының икемдігі мен беріктігін арттырады;
· холестериннің деңгейін қалпына келтіреді.
Итбүлдірген жапырағының сіріндісі – итбүлдіргеннің жапырақтарына фенолдық гликозидтер (арбутин мен метиларбутин), вакцинин, ликопин, гидрохинонның туындылары, органикалық қышқылдар (урсула, шарап, галла және эллага қышқылдары), танин, гиперазин және басқа флавоноидтар болады. Биологиялық белсенді заттардың бұл кешені несеп айдағыш және қабынуға қарсы әрекет етеді, ағзадан артық сұйықтықтың шығуына ықпал етеді, ісінуді азайтады, ауру тудырғыш бактериялардың (мысалы, алтын түстес стафилококк) көптеген штаммдарына айқын бактерицидтік әсер етеді. Қылтамырлардың өткізгіштігі мен сынғыштығын күшейтеді. Кешен су-тұз алмасуын реттеу үшін (несеп-тас ауруы, құяң, шорбуын және т.б. кезінде) тиімді.
Аюқұлақ жапырақтарының сіріндісі – жапырақтарында флавоноидтар (кверцитин, изокверцитин, мирицитрин, гиперозид, мирицетин), органикалық қышқылдар (алма, протокахет және құмырсқа қышқылдары) бар. Сірінді несеп айдағыш, антисептикалық, қабынуға қарсы әрекет етеді. Негізгі компоненті арбутин – гидрохинонның көзі, ол несеп айдағыш және бактерияларға қарсы әрекетті қамтамасыз етеді. Қуықтың, несеп шығару жолдарының, үрпінің аурулары және несеп-тас ауруы кезінде тиімді.
Қалақай жапырақтарының сіріндісі – құрамында С, К дәрумендері, каротиноидтар, илік заттектер, ферменттер (пероксидаза, хлорофилаза), флавоноидтар, А және В хлорофиллдері, органикалық қышқылдар, сондай-ақ кремний, калий және темір микроэлементтері бар. Сірінлі қабынуға қарсы және бактерияларға (алтын түстес және гемолиздік стрептококктарға) қарсы әрекет етеді, ұлпалардың регенерациясын және шырышты қабықшалардың зақымдалған учаскелерінің эпителизациясын белсендіреді. Гемоглобиннің жоғарылауына ықпал етеді. Несеп шығару жолдарының нефриті және басқа қабыну аурулары кезінде тиімді екенін көрсетті.
Құрамы
Итбүлдірген жапырақтары, аюқұлақ жапырақтары, дәрумендік премикс (А, D3, Е, В1, В2, В6, В12, С дәрумендері, никотинамид, фолий қышқылы, пантотен қышқылы, биотин) қалақай жапырақтары, капсула (желатин).
Биологиялық белсенді зат | мг/2 капс, кем емес | Ұсынылатын тәуліктік тұтыну деңгейі1, мг | Ұсынылатын тәуліктік тұтыну пайызы |
Арбутин | 19,0 | 8,02 | 2383 |
С дәрумені | 36,0 | 60,0 | 60 |
Е дәрумені | 2,94 | 10,0 | 29 |
А дәрумені | 0,58 | 0,8 | 73 |
Д3 дәрумені | 0,0044 | 0,005 | 88 |
В1 дәрумені | 0,68 | 1,4 | 49 |
В2 дәрумені | 0,68 | 1,6 | 43 |
В6 дәрумені | 0,72 | 2,0 | 36 |
В12 дәрумені | 0,00144 | 0,001 | 1443 |
Никотинамид | 7,8 | 18,0 | 43 |
Пантотен қышқылы | 2,98 | 6,0 | 50 |
Фолий қышқылы | 0,24 | 0,2 | 1203 |
Биотин | 0,086 | 0,05 | 1723 |
1 - ТР ТСКО ТР 022 талаптарына сәйкес (№2 қосымша)
2 – тәуліктік тұтынудың дәлме-дәл деңгейі ЕврА3ЭС талаптарына сәйкес (№5 қосымша)
3 - тәуліктік тұтынудың жоғарғы ұйғарынды деңгейі ЕврА3ЭС талаптарына сәйкес (№5 қосымша)
Пайдалы кеңестер: балалардың қолдары жетпейтін, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтаңыз.
Қарсы көрсетімдері: компоненттерге дербес төзімсіздік, жүктілік, бала емізу.
ББҚ. Дәрі болып табылмайды.
Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.