Арт. 7014
Францияда өндірілген. № 77.99.11.003.Е. 01.12.2015 ж. 010518.12.15
Құты 60 капс.
«Клюквофит»– мүкжидек пен мыс глюконатынан тұратын табиғи кешен, фитомикросфералау технологиясы бойынша дайындалды, соның арқасында компоненттердің белсенді заттары әсіресе тиімді әрекет етіп, несеп-жыныстық жолдардың инфекциялық үдерістері кезінде бактерицидтік, қабынуға қарсы, несеп айдағыш әрекет етеді.
Мүкжидектің құрамындағы антоцианидтар несеп шығару жолдарының қабырғаларына және қуыққа бактериялардың жабысуына тосқауыл болып, осы мүшелердің қабынуына жол бермейді, ал урсала қышқылы несеп айдағыш әрекет етеді және бүйректерде тастардың жиналуына жол бермейді.
Кешеннің компоненттері несеп-жыныстық жүйенің ауруларының профилактикасы үшін жалпы нығайтқыш құрал ретінде әрекет етеді. Мүкжидек сіріндісінің белсенді заттарының несеп айдағыш әсері қан тамырлары қабырғаларының икемділігі мен беріктігін арттыруға, холестериннің мөлшерін азайтуға ықпал етеді, сондай-ақ атеросклерозға қарсы әрекет етеді.
Кешеннің компоненттері ас қорыту үдерісін жақсартады, ұйқы безінің үдерістерін ынталандырады, зат алмасуға оң әсер етеді; бүйректердің, өкпе мен терінің бөліп шығару атқарымына қолдау көрсетеді, токсиндердің әрекетін бейтараптандырады, әсіресе инфекциялық және безгек күйдері кезінде тиімді; несеп айдағыш, бактерицидтік, антиоксиданттық және биоынталандырғыш қасиеттері бар.
Құрамы: мүкжидек сіріндісі, мыс (глюконат).
Ингредиенттердің құрамы:
Мүкжидек сіріндісі - иммунитетті нығайтады, бактериялардың несеп-жыныстық мүшелерде шырышты қабыққа жабысуына тосқауыл болады, акнтиоксидант ретінде әрекет етеді, ағзаның бос радикалдармен күресуіндегі қорғаныс күштерін нығайтады, құрамында маңызды органикалық қышқылдар, дәрумендер мен микроэлементтер бар, солардың арқасында қабынуға қарсы, ыстықты түсіретін және антиоксиданттық қасиеттері бар.
Мыс (глюконат) – мүкжидек сіріндісінің компоненттерінің әрекетін күшейтетін мыстың жақсы сіңетін қосылысы. Гемоглобиннің синтезіне қатысады, токсиндерді байланыстырады және ағзаны инфекциялардан қорғайды. Антиоксиданттық қорғанысқа ықпал етеді, ұлпалардың жазылуын жеделдетеді, иммунитетті ынталандырады, шаш пен терінің пигментациясына әсер етеді.
Пайдалы кеңестер: балалардың қолдары жетпейтін, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын жерде сақтаңыз.
Қарсы көрсетімдері: компоненттерге дербес төзімсіздік, жүктілік, бала емізу.
ББҚ. Дәрі болып табылмайды.
Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.