Арт. 8204
Ресейде өндірілген. КО № RU Д-RU.AI72.В. 00040
Құты 60 капс.
Денсаулықтың нашарлауы мен қартаю процестерінің жеделдеуіне екі фактор белсенді әсер етеді – энергетикалық теңгерімінің бұзылуы және жүйелі созылмалы қабыну. Энергетикалық әлеуеттің төмендеуі жасушалардың өз функцияларын толық орындауына кедергі келтіреді және қорғаныс механизмдерінің жұмысын бұзады, бұл бейімделу қабілетіне және бүкіл ағзаның тіршілігіне теріс әсер етеді.
Созылмалы қабыну бүгінде атеросклероз, қант диабеті, артрит және артроз, Альцгеймер және басқа да созылмалы аурулар сияқты жасқа байланысты аурулардың негізгі себептерінің бірі ретінде қарастырылады.
КьюМакс кешені белсенді нутриенттік қолдауды қамтамасыз етеді, қабынудың агрессивті әлеуетін жеңуге және оның салдарын (немесе асқынуын) өтеуге көмектеседі.
Құрамы: коэнзим Q10 (убихинон) 30 мг, зығыр майы 1000 мг
КьюМакс –бұл ағзаның қабынуға қарсы әрекетте және дененің энергетикалық тепе-теңдігін қолдауда бір-бірін синергетикалық түрде толықтыратын компоненттер кешені (Омега-3 полиқанықпаған май қышқылдары және Q10 коэнзимі).
КьюМакс энергиямен қамтамасыз ету процестеріне оң әсер етеді, жүрек бұлшықетіндегі энергия алмасуын реттейді және ағзадағы қабыну және прооксиданттық процестерді азайтуға көмектеседі.
КьюМакс кешенінің әрекеті денсаулықты жақсартуға, қартаюды бәсеңдетуге және басты мақсат – ұзақ белсенді өмірге қол жеткізуге бағытталған.
КьюМакс жасушалардың энергетикалық тепе-теңдігін қалыптастыруды қамтамасыз етеді, бұл митохондрияның жұмысындағы бұзылуларды жеңуге мүмкіндік береді.
КьюМакс қайталама митохондриялық аурулардың алдын алуға көмектеседі: созылмалы шаршау синдромы, кардиомиопатия, мигрень, бауыр жеткіліксіздігі, гипопаратиреоз.
Зерттеулер митохондриялық аштықпен, гипотенониямен байланысты әлемге әйгілі және өте кең таралған жағдайды Q10 коэнзимін күнделікті рационға қосу арқылы түзетуге болатынын көрсетті.
КьюМакс кешенін қолданумен байланысты әсерлер:
● Барлық ішкі ағзалардың, ең алдымен жүректің, бауырдың, мидің, қан тамырларының, бұлшықеттердің, жыныс бездерінің, терінің функционалдығын арттыру арқылы денсаулық пен әл-ауқатты жақсарту;
● Қабынумен байланысты аурулардың – артрит, подагра, жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті дамуының алдын алу және дамуын бәсеңдету;
● Маңызды қоректік заттардың сіңуінің жақсаруы;
● Гастрит пен асқазанның ойық жарасының дамуы мен өршуінің алдын алу (ойық жараға қарсы әсері бар);
● Ішек микробиотасының (фикрофлорасының) құрамының теңгерімін қолдау;
● Әсіресе ауыр физикалық, эмоционалды және менталды (психикалық) жүктемелерде жалпы әл-ауқаттың жақсаруы.
КьюМакс кешені компоненттерінің қасиеттері
Коэнзим Q10 (кофермент Q10) – ағзадағы энергия өндіру процесінде маңызды рөл атқаратын зат болып табылады. Коэнзим Q10 тірі жүйелерде жүретін барлық биохимиялық процестер үшін энергияның әмбебап көзі болып табылатын энергия мен заттардың алмасуында үлкен маңызы бар АТФ молекулаларын синтездеудің негізгі қатысушысы.
АТФ энергияны көп тұтынатын биохимиялық және физиологиялық процестердің ағзадағы күрделі заттардың синтездік реакцияларының тікелей энергия көзі ретінде қызмет етеді: биологиялық мембраналар арқылы молекулалардың белсенді тасымалдануын жүзеге асыру, соның ішінде трансмембраналық электрлік потенциалды құру, жүйке талшығы мен бұлшықеттің жиырылуы арқылы сигнал беру.
Энергиядан басқа АТФ ағзада басқа да маңызды функцияларды орындайды:
АТФ – нуклеин қышқылдар синтезінің бастапқы өнімі болып табылады.
АТФ жасушаға гормоналды сигнал беру процесіне қатысады, синапстардағы медиаторды және басқа жасушааралық өзара әрекеттесулерде сигналдық затты беру процесіне қатысады.
Q10 коэнзимінің ең жоғары концентрациясы миокард жасушаларында (жүрек бұлшықетінде), қаңқа бұлшықетінде, бауырда және мидің жасушаларында кездеседі.
Зерттеулер көрсеткендей, жасушалардағы Q10 коэнзимінің мөлшері жас ұлғайған сайын төмендейді (бұл процесс физикалық белсенді адамдарда баяу жүреді).
Бұлшықет жасушаларында Q10 коэнзимінің жетіспеушілігі неғұрлым жоғары болса, саркопенияның дамуы (бұлшықеттің тозуы) соғұрлым тез жүреді.
Мидағы митохондриялық бұзылулар мигреньнің барлық түрлері және көріністерімен бірге жүреді.
Q10 коферментімен жасушалардың сарқылуына әкелетін басқа факторлардың қатарына стресс, созылмалы аурулар, әсіресе ауыр түрдегі бактериялық және вирустық инфекциялар жатады.
КьюМакс кешенінің құрамындағы Q10 коэнзимін қабылдау жасушалардағы зат алмасу процестерінің деңгейін қалыпқа келтіреді, жасушалық деңгейде мерзімінен бұрын қартаюдың алдын алады.
Зығыр майының құрамындағы ең құнды полиқанықпаған май қышқылдарының 89-91% бар. Зығыр майының пайдалы қасиеттері негізінен фолий қышқылының және Е дәруменінің көзі болып табылатын маңызды полиқанықпаған альфа-линеленді (омега-3) май қышқылының құрамына байланысты. Зығыр майының қабынуға қарсы және жараға қарсы әсерге ие. Зығыр майының жалпы әсері ағзадағы жүйелі қабыну белсенділігінің төмендеуіне, қандағы липидтер деңгейінің реттелуіне, тамыр қабырғаларының серпімділігін арттыруға, мембраналар мен тері жасушалар құрылымдарының жағдайын жақсартуға байланысты.
КьюМакс кешені - ұзақ және белсенді өмір сүру үшін энергия көзі болып табылады.
Қолдану.
Ересектерге күніне 2—3 капсуланы тамақпен бірге қабылдайды. Үлкен физикалық және психикалық жүктеме кезінде күніне 6 капсулаға дейін қабылдауға болады.
Қолданар алдында маманның кеңесі қажет.