KZ RU
Салауатты мәдениетті қалыптастыру
1994 жылдан бергі өмір
0
Себет

Витасептик, антибактериальный гель для защиты от инфекций, 125 мл
(0)
Өнім коды: 8826
Жоқ
4 400 тенге / шт.
Науқанның соңына дейін:
00күн
00сағат
00мин.

Витасептик - бактериялық, вирустық және зең инфекцияларына қарсы ұзақ уақыт сенімді тосқауыл жасайтын тиімді әрі қауіпсіз гель. Изопропил спиртінің жоғары (>65%) шоғырлануының арқасында Витасептик айқын зарарсыздандырғыш әрекет етеді, ал глицерин гелі мен пантенол теріні ылғалдандырады, оны дәрумендермен нәрлендіреді, жарашықтар мен жарықтардың жазылуына ықпал етеді, жиі пайдаланған кездің өзінде құрғақтық пен тітіркенгіштікті болдырмайды.


Толық сипаттама
Сатып алу кезіндегі сыйлық
Біз бұл өнімді сатып алғанда сыйлық береміз
Сыйлықты таңдаңыз
Инфекциялардан қорғауға арналған, бактерияларға қарсы Витасептик гелі, 125 мл.
Инфекциялардан қорғауға арналған, бактерияларға қарсы Витасептик гелі, 125 мл.
(0)
Жоқ
4 400 тенге

Құрамы: изопропил спирті (>65%), су, глицерин, полиакрилат кроссполимер-6, пантенол.

Бала кезден бастап ата-аналар балаларына қолдарын сабындап жуу неліктен маңызды екенін түсіндіреді. Күні бойы әртүрлі заттарды ұстап, жануарлармен ойнап, смартфонды пайдаланып, алақанымызға вирустар мен бактерияларды көп мөлшерде жинаймыз. Олардың барлығы қолымыздан аузымызға, мұрнымызға, көздерімізге, шырышты қабықшаларға түсіп, инфекциялар тудыруы мүмкін, кейде ауыр инфекциялар тудыруы мүмкін. Сондықтан қолдарымызды сабындап жуу сияқты қарапайым әдет денсаулығымызды қорғауға, кейде тіпті өмірімізді сақтап қалуға септігін тигізуі мүмкін!

Егер қолдарыңызды сабындап мұқият жууға мүмкіндік болмаса, онда ВИТАМАКС ұсынған, бактерияларға қарсы ұзақ уақыт әрекет ететін Витасептикті пайдаланыңыз.

Витасептик – бактериялық, вирустық және зең инфекцияларынан сенімді қорғауға арналған тиімді құрал, қолға жаққан кезде ұзақ уақыт әрекет ететін қорғаныс тосқауылын қалыптастырады.

Витасептиктің кешенді құрамы:

·       вирустарды, бактериялар мен зеңдерді жояды;

·       терінің жергілікті иммунитетін күшейтеді;

·       жарақаттардың жазылуына және қабынудың азаюына ықпал етеді;

·       терінің ұзақ уақыт ылғалдануы мен нәрленуін қамтамасыз етеді.

Құралдың компоненттері қалай жұмыс жасайды?

Изопропил спирті

Изопропил спирті ресми медицинада ұзақ жылдар бойы қолданылуда, қолдарды, әртүрлі беткі қабаттарды, медициналық құралдарды және көптеген басқа заттарды зарарсыздандыруды қамтамасыз етеді. Бактерияларға қарсы майлықтарды дымдату үшін пайдаланылады және вирустық, бактериялық және зең инфекцияларына қарсы жоғары белсенділігінің арқасында ұзақ уақыт әрі тиімді әрекет ететін антисептиктердің құрамына кіреді.

Глицерин

Эпидермистің жоғарғы қабаттарында зат алмасу үдерістерін ынталандыратын тұтқыр зат, тері жамылғыларын қарқынды ылғалдандырады, құрғақтық пен қабыршықтануды болдырмайды. Жүйелі түрде пайдаланған кезде терінің күйін жақсартады, оны анағұрлым серпімді әрі тегіс етеді, сондай-ақ жаршықтар мен жарықтардың жазылуына ықпал етеді.

 

Пантенол

Пантенолдың құрамына В5 продәрумені кіреді, ол зақымданған эпидермисті қалпына келтіруге көмектеседі, ұлпаларда зат алмасу үдерісінің жақсаруына ықпал етеді, қабыну үдерістерін азайтады және жасушаларда коллагеннің көлемін сақтауға көмектеседі.

Бактерияларға қарсы әсер ететін, жиі қолдану үшін сай келетін Витасептик

Құралдың компоненттері дербес төзімсіздік кезінде қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары:  құрғақ, жарықтан қорғалған және балалардың қолдары жетпейтін жерде 25°С-ден аспайтын температурада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз.

Сақтық шаралары: Көздерге тиіп кетуіне жол бермеңіз. Тиіп кеткен жағдайда шырышты қабықшаны көп мөлшердегі сумен жуыңыз. Балалардан қорғаңыз!

 

, .

(-). 18 21.00 ( , 18.00), ( 18.00).

. . .