Арт. 7006
АҚШ-та өндірілген. № 77.99.11.003.Е. 010500. 11. 15 от 30.11.2015
Құты 60 капс.
Оптимакс Плюс Фитомикросфералар – бұл шайқурайдың белсенді ингредиенттерінің фитомикросфералау технологиясы бойынша дайындалған табиғи кешені, ол орталық және вегетативті жүйке жүйесінің атқарымдық күйін жақсартатын белсенді компонент – гиперициннің толық сіңуін қамтамасыз етеді.
Өнім формуласының компоненттері психоэмоциялық күйді жақсартады, күйзеліске қарсы әсер етеді, жүйке жүйесінің жұмысын тұрақтандырады; жоғары эмоциялық жүктемелер, күйзелістер, сылбырлық, тітіркенгіштік және ұйқысыздық кезінде баға жетпес көмекшіге айналады.
Компоненттердің биологиялық белсенді заттары қабынуға қарсы, түйілуге қарсы, жараны жазатын, антисептикалық, тұтқыр немесе өт айдағыш әрекет етеді, сондай-ақ жалпы нығайтқыш және сергіткіш қасиеттері бар.
Құрамы: шілтер жапырақты жайқурай гүлдерінің сіріндісі, гидроксипропилметилцеллюлоза тасығышы (Е464), инкарнаттық пассифлора жапырақтары мен гүлдерінің сіріндісі, апельсин ағашы жапырақтарының сіріндісі, микрокристаллды целлюлоза тасығышы (Е460), магний стеараты эмульгаторы (Е470).
Ингредиенттердің қасиеттері:
Шілтер жапырақты шайқурай гүлдерінің сіріндісі жалпы нығайтқыш, қабынуға қарсы және ұзақ сергіткіш әрекет етеді, эмоциялық теңгерімді қалпына келтіреді, антидепрессанттық қасиеті бар. Түйілуді басатын, өт айдағыш, тұтқыр, микробтарға қарсы әсер етеді.
Инкарнаттық пассифлора жапырақтары мен гүлдерінің сіріндісінің тыныштандырғыш қасиеті бар, жүйке импульстерін реттейді, басатын әрекет етеді.
Апельсин ағашы жапырақтарының сіріндісінің түйілуді басатын және тыныштандырғыш қасиеттері бар.
Пайдалы кеңестер: балалардың қолдары жетпейтін, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтаңыз.
Қарсы көрсетімдері: компоненттерге дербес төзімсіздік, жүктілік, бала емізу.
ББҚ. Дәрі болып табылмайды.
Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.