
Бизнес-Форумға Қазақстан, Ресей, Украина және Қырғызстан мемлекеттерінің көшбасшылары, Компанияның қызметкерлері және Витамакспен бірге өз бизнесін ашқысы және дамытқысы келетін жаңа адамдар қатысты.
Салтанатты бөлім қызыл лентаны қию рәсімінен басталды – бұл Бизнес-Форумның әрбір қатысушысы үшін жылдам бастаудың символы. Іс-шараны ВИТАМАКС Акционерлер Кеңесінің Төрағасы Михаил Раскиннің құттықтау сөзімен ашылды.
Спикерлер 2021 жылы Компания қандай мүмкіндіктер ашатындығы туралы сөз қозғалды – бұл жоғары табыс ғана емес, сонымен қатар жеке даму, ақысыз оқыту, тану және мотивация, халықаралық саяхат және ВИТАМАКС-тан автокөлік немесе пәтер алу мүмкіндіктері. Сонымен қатар, Ресей мен Украинадан келген MLM-маркетингінің гурулары өздерінің баға жетпес оқиғаларымен бөлісті және жаңадан келгендерді батыл, әрі белсенді болуға және өз арман-мақсаттарын жүзеге асыруға шақырды.
Іс-шарадағы өткен ең маңызды сәт – компаниямен ынтымақтастықтың 2-3 айында керемет жетістіктерге жеткен жаңа ВИТАМАКС Көшбасшыларын марапаттау рәсіміне ерекше көңіл аударылды. Сонымен қатар, Бизнес-Форумда ВИТАМАКС-тың оқыту саласындағы көптен бергі серіктесі – АҚШ-тың, Калифорния штатындағы Халықаралық Табиғи Медицина Университетінің Дипломы мен Сертификаты Көшбасшыларға марапатталды. Олар Велнес және Кәсіпкерлік Академиясында алғашқылар қатарында болып білім алғандар.
Бизнес-Форумның әрбір қатысушысы әр түрлі елдердің ТОП-көшбасшыларымен жеке қарым-қатынас жасаудың және сәттіліктің құпияларын білудің ерекше мүмкіндіктерін алды. Сонымен қатар, қатысушылар арасында бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны өткізілді, іс-шарандан ешкім сыйлықсыз және керемет көңіл-күйсіз кетпеді!
ВИТАМАКС ҚАЗАҚСТАН-ның Директоры Мустафин Сымбаттың айтуынша, Бизнес-Форум әрбір қатысушыға күшті серпін беріп, энергияны арттырды, көптеген жаңа байланыстар мен тіркеулер пайда болды, сонымен қатар, сырттан келгендердің Компанияға деген қызығушылығы едәуір артты. Оның айтуынша, іс-шарадан кейінгі бірінші айда аудиториямен жақсы жұмыс істеу маңызды және Форумдағы берілген материалдарды әрі қарай жұмыста қолдану қажет.
ВИТАМАКС компаниясы Бизнес-Форумды ұйымдастыруға қатысқан Көшбасшыларға үлкен алғысын білдіреді және Қазақстанның жаңа Директорларына қарқынды даму тілейді!